226
Түрік тілінде айыр және тас тұлғаларынан қалытпасқан атау.
Арқарлы
– таулар. Арқар – қой тұқымдас аша тұяқты жануар. Арқар
сөзіне -лы қосымшасы жалғанған атау. Демек, атау «арқарлар мекен ететін
жер» деген ұғымды білдіреді.
Аяқтуайт
– тау, биіктігі – 692,4 м. (Бастуайт тауының сілемі) Қарқаралы
ауданы, Қарағанды облысында. Бұл тауды «аяқ-ту-ай» (т) тұлғасындағы
этнотопоним» деп түсіндіру бар (Қойшыбаев, 1985, 56).
Атаудың бірінші
сыңарындағы «аяқ» сөзі «төменгі жақтағы» деген топонимдік мағынаға ие
деп қарасақ, оның «туайт» сыңарын Таулы Алтай, Шығыс түркі тілдеріндегі
«табат» топонимінің параллелі, ол негізінен монғолдың давтай (
-«жоталы, төбелі, қыр, қыратты» сөзінің
дыбыстық тұлғадағы өзгерген
түрі деп қарауға болады. Демек, атаудың «туаит» сыңары монғолдың
dobutaі сөзінің дыбыстық тұлғадағы өзгерген түрі деп білеміз. Олай болса,
«Аяқтуайт» – «төменгі жақтағы төбелер мен жота, қырлар» деген мәнге ие
деп жорамалдаймыз
Әулие
– тау.
Қарқаралы ауданында, Қыз әулие де осы аудандағы жер
аты. Қазақ халқындағы діни сенімге байланысты белгілі бір жерді қасиет
тұтынады. Өкінішке орай
Осакаров жеріндегі тау атын, қоныстанушылар
өзгертіп Святогорск деп атап кеткен.
Бүркітті
– тау. Таулы жерлерді мекендейтін үлкен жыртқыш құс. Бүркіт
атауы бірнеше жерде кездеседі. Бүркітті - селоның аты Қарқаралы ауданы
т.с.с. Жоғарыдағы
мысалдарға зер салып қарасақ, көптеген атаулардың
бүркіт атымен байланысты екені көреміз. Бұл, әрине кездейсоқ нәрсе емес.
Ондай географиялық атаулар қазақ халқының саятшылық өнерімен тікелей
байланысты. Қазақтың ғұлама ғалымы, академик Ә.Х.Марғұлан саятшылық
жөнінде былай деп жазған: «Саятшылықтың маңызы зор болғаны белгілі.
Қазақ тілінде осы саятшылыққа байланысты туған мың жарымдай сөз бар, олар
қазір де небір тарихи жазбаларда, көркем әдебиетте кеңінен қолданылады».
Қазақ халқының өмірінде саятшылық ХХ ғасырдың басына дейін өз орнын
алып келген.
Жамантау
– тау. Екі сөзден құралған: 1) Жаман - жақсыға қарама-қарсы,
ыңғайсыз, қолайсыз, нашарлықты білдіретін ұғым; 2) айналасындағы жерден
едәуір көтеріңкі биіктік, өте биік жер. Бұл жерде қазақы ұғым бойынша таудың
қонысқа қолайсыздығын аңғартып тұр.
Жақсы Абыралы
– тау. Жақсы сөзі
топообъектінің анықтауыш
сыңары есебінде екі түрлі қызмет атқарады: 1) қатар объектілердің бірінен-
бірінің биіктігін ажыратады; 2) қатар объектілердің бірінен-бірінің табиғи
артықшылығын ажыратады.
Желтау
– тау. Желтау атауы өзінің тіке мағынасында. Жел + тау
компоненттерінен құралған атау.
227
Жуантөбе
– таулар. Жуантөбе атауының шыққан төркіні «жуылған»
(су орған, су қаптаған) етістігіне «төбе» (зат)
атау тұлғасы қосу негізінде
қалыптасқан топоним.
Қу
– тау. Бұл сөздің бірнеше анықтамасы бар: 1) Ұзын бойлы, иілген имек
мойынды, суда жүзетін үлкен құс; 2) Айлакер, алдамшы, залым; 3) Кепкен,
қураған, жүдеген, қаудыраған; 4) Шақпақпен шағып, от тұтату үшін қажеттті
зат, тамызық. Сонымен қатар,
қу
сөзі басқа да сөздермен ұштасып бірнеше сөз
тіркестерін құрайды: Қу медиен – ел-жұрт мекендемеген құла дүз; Қу жақ -
сөзуар, көп сөйлейтін мылжың адам
Достарыңызбен бөлісу: