222
Жартас
– беткейлері тік, сай, жыра, аңғармен қатты тілімденген тау, «тасты
жар» деген мағынаны білдіретін жер атауы, девон дәуірі жыныстарынан
түзілген. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 4-5 км созылған, ені –
2-3 км, Сарытаудың оңтүстік-батыс сілеміндегі тау, Бұқар жырау ауданының
Семізбұғыдан солтүстік-батысқа қарай 12-13 км жерде орналасқан. Ең биік
жері – 800 м, оңтүстік-шығыс бөлігінде түп жыныстарының жер бетіне шығуы
байқалады.
Тау, тас, биік төбе, шоқы жерлердің аттары (ороним) – Аюлы, Жыланды,
Ботақара, Шешенқара, Қоянқара, Жауыр, Ақтөбе, Сарытөбе, Ақөре, Ақбел,
Сарыадыр, Семізбұғы, Жауырбұғы, Үштөбе, Оғыз төбе, Ақшоқы, Тасшоқы,
Шоршоқы, Қушоқы, Қызылтау Қотыр, Үштау, Қожар, Таушық, Ақтас,
Жартас, Қарақойтас, Керегетас; жыралы, жар жерлер – Ақжар, Қаражар;
сондай-ақ, Шатан, Шақпақ, Шідерадыр атаулары шағын қыраттарға қойылған
атауларымен өзге өлкелерден ерекшеленеді.
Ақбел
– Орталық Қазақстанда жиі кездесетін атау, жер топырағының
түсімен байланысты да ұсақ және дөңелі алқаптарға сай.
Ақшоқы
– шоқы аты. Шоқы бастарының ағарып көрінуімен байланысты
атау.
Алабас
– аңыз бойынша осы жерге Баянауылдағы Алабас тауынан көшіп
келген Қаржас руының ақсақалы өзіне үйреншікті атауын қойған. Алабас
Қорғанкөлден бірнеше қашықта солтүстікке қарай орналысқан. Ал Шідертіге
қарай жерде оның Шыбынды деген атауы да кездеседі
Аюлы
– тау. Биіктігі – 812 м. және Буденный атындағы ауылдың қазақша
аты. Бұл – Белағаш ауылының сыртында тұрған тау аты. Аюлы – таулар
жүйесі. Арқада бірнеше Аюлы атауы кездеседі. Үлкен Аюлы, Кіші Аюлы –
таулар. Енді бір зооним бұғы атымен байланысты қойылған.
Ботақара
– елді мекен, көл, тау аты.
124
Орталық Қазақстандағы ұсақ
шоқылар. Қара сөзі бұл жерде көлемін, жалпы биіктікті көрсетеді. Баянтау
маңында Найзақара, Ерейментау жағында Балтақара осы атауларға ұқсас
құралған жер аты.
Достарыңызбен бөлісу: