Қарағанды облысы топонимдері Нұр-Сұлтан, 2020 Т. Аршабеков



Pdf көрінісі
бет122/182
Дата04.11.2023
өлшемі7,57 Mb.
#189322
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   182
Бектауата үңгірі
– Бектауата тауының батыс беткейінде. Биотиптік гранит 
қабатындағы жарық бойымен солтүстік, солтүстік – батысқа созылып жатыр. 
Үңгір аузы (биіктігі – 3 м, ені – 1,5 м, бірте – бірте кеңейе береді) тау етегінен 
100 – 150 м жоғары, оған қорым тас үйіндісі арқылы көтеріледі. Үңгірге кіре 
берісте ұзындығы 6 – 7 м, ені 4 – 5 м гранитті алаң бар. Бектауата үңгірінің 
жалпы ұзындығы – 45 – 48 м. Түбінде су бар, суы өте суық, түбі саздақ, лайлы. 
Үңгір бірте – бірте тарылып барып жер бетіне шығады. Туристік маңызы бар.
Берікқара 

 
Ақтоғай ауданының солтүстігіндегі Қызылтас тауының 
солтүстік сілемі. Ең биік жері – 1093 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 8-10 
км-ге, батыстан шығысқа қарай 5 км-ге созылып жатыр. Жоғарғы палозойдың 
эффузиялық жыныстарынан түзілген. Ашық қызыл қоңыр карбонатты 
топырағында бетеге, селеу өседі, тауаралық ойпаңдарда қалың тал кездеседі. 
Көптеген бұлақ көздері шығады. 19 ғасырдың 2-жартысында Берікқара 
тауынан кәсіпкер С.И. Поповтылң руда іздеушілері ежелгі қазбалардың 
орнынан Берікқара түсті металдар кенін ашты. Оның негізінде 19-ғасырдың
70-жыларының аяғында Николаев (Богословский) қорғасын және мыс қортыу 
зауыты жұмыс істеді.
Дуақтас 
– Қызыларай тау жүйесінің солтүстігінде орналасқан. 
Солтүстіктен оңтүстікке 20 км-ге созылып жатыр, ені 7 км. Ең биік жері 
1207 м. Беткейлері көлбеу, сай, жыра, аңғарлармен тілімденген бірнеше ұсақ 
шоқылықтардан тұрады. Кембрий жүйесінің жыныстарынан түзілген. Қызыл 
қоңыр топырақ жамылғысында боз, сұлыбас, бұталар, арша өседі. Бұлаққа 
бай. Ащыөзек, Найманбай өзендері басталады.
Елтайқора
– Ақтоғай ауданы жерінде. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 15 
км-ге созылып жатыр, ені – 8 км. Ең биік жері – 883 м. Беткейлері көлбеу, 
сай, жыра, аңғарлармен тілімделге бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Тас 


220
көмір жүйесінің ортаңғы бөлігінің жыныстарынан түзілген. Қоңыр топырақ 
жамылғысында жусан, сұлыбас, бұталар өседі. Бұлаққа бай, таудың оңтүстік 
етегінде құдық (тереңдігі 1м, су шығымдылығы 144 л/сағ) бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет