221
су айырығындағы тау. Ұзындығы – 45 км, ені – 30 км. Биік жері Ақсораң
(1565 м) – Сарыарқа тауларындағы ең биік шың. Ол Пермьнің граниттерінен,
төменгі пермь, орта тас көмір жыныстарынан түзілген. Қызыларайдан
Тоқырауын
өзенінің Қосыбай, Қаратал, Жіңішке салалары, Қаршығалы
өзенінің Сарыөлең, Қарасу, Ақсай салалары басталады. Беткейлерінде қарағай
орманы, қызыл қоңыр топырақ жамылғылы тауаралық аңғарларында қайың,
көктерек, тал, қараған, ойпаң жерлеріндегі
ашық қызыл қоңыр топырақта
тобылғы, астық тұқымдасты әр түрлі шөпті шалғын өседі. Қызыларай –
қарағай өскен Қазақстанның жазық бөлігіндегі, оңтүстіктегі ең аласа тауы.
Таудың табиғат жағдайлары мен ресурстары шаруашылық әрекеттерге көп
ұшырай қоймауы, мұнда алдағы болашақта қорық ұйымдастыруға мүмкіндік
береді. Қазақстанның табиғаты көркем жерлерінің бірі.
Қызылсораң
– Сарыарқаның шығысында, Кешубай жотасынан Қалақтас
аңғарымен бөлініп жатыр. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 10 км-ге созылып
жатыр, ені – 7- 8 км. Оңтүстікке қарай біртіндеп
аласаратын аласа тау
жұрнағынан тұрады. Ең биік жері – 1320 м. Төменгі тас көмір, орта және
жоғарғы
девон жыныстарынан, аллювийлік – делювийлік шөгінділерден
түзілген. Қызыл қоңыр топырағында мысыққұйрық, селеу т. б. шөптер,
қараған,
тобылғы сияқты бұталар өседі, ойпаң жерлерінде тал аралас
қайың кездеседі.Данабұлақ, Ақтайлақ өзендерінің салалары бастау алады.
Қызылсораң шөбі шүйгін мал жайылымы, атырабында қыстаулар (Қарамола,
Қалақтас) бар. Шығыс етегінде Сарыобалы ауылы орналасқан.
Қызылтас
– Ақтоғай ауданындағы таулар мен шоқылардың жалпы аты.
Бұлар Керегетас, Сораң, Қиматас, Берікқара, Сарыжал, Жантау, Қызыладыр,
Көрпетай, Нұртай, Жыланды, Ақшоқы, Ақкемер, Қызылтас және т. б. 4 мың
ш. км жерді алып жатыр. Тауаралық аңғарларға күшті тілімделген. Карбон
граниті және пермь, карбон, силур және девонның эффузивті –
тұнбалы
свиталарынан түзілген. Қызылтас бұлаққа бай, Тоқырауын, Нұра, Жарлы,
Жәмші өзендерінің бірнеше салалары осы таулар бұлақтарынан басталады.
Таудың ашық қызыл қоңыр топырақ жамылғысында ойдым – ойдым қайыңды
– көктеректі шоқ талды орман, әр түрлі шөпті
- астық тұқымдасты шалғын
өседі.
Достарыңызбен бөлісу: