209
қыстаулар бар. Монғол тілінде «манах» – «түңгі уакытта мал жайып, оны
күзету. Алтай тілінде «манакай», тува тілінде «манагы» өзен аттарымен
тубірлес. Атаудың топонимдік мағынасы: Кезінде шөбі шүйгін, мал жаюға
ыңғайлы өзен жағасы. Кейінде кұрғап, суы тартылып калған өзен, құрғақ
су арнасы
ТЕРЕҢСАЙ
–
өзен.
Жаңаарқа ауд. жерімен ағады. Ұзындығы 35 км
Нұрмұқан зираты түбіндегі Бектау ұсақ шоқысының батыс беткейіндегі
бұлақтардан бастау алып, Аралқұм қыстауына таяу қырқалы құмдарға сіңіп
кетеді. Жағасы жайдақ, құмдауытты, төменгі ағысында өзен аңғары кеңейеді.
Көктемгі еріген қар және жерасты суларымен толысады. Тұрақты ағысы
сәуірде байқалады. Мал суаруға пайдаланылады. Топонимдік мағынасы: «суы
терең өзен».
ШИӨЗЕК
–
өзен, Жаңаарқа ауд. Сарысу алабында. Ұзындығы 67 км,
су жинайтын алқабы 711 шаршы км. Айғыржал тауының батыс бөлігіндегі
бұлақтардан басталып, Сөртісуға (сағасынан 34 км жоғары) құяды. Төбелер
аралығымен аңғар жасап ағады. Қар суымен толысады. Кішігірім 10-шақты
саласы бар. Жылдық орташа су шығыны 0,20 текше м/сек. Алабы – жайылым.
Достарыңызбен бөлісу: