208
беткейіндегі бұлақтар суының қосылуынан түзіліп, Біройнақ. тауы маңында
Сарысу өзеніне оң жағынан құяды. Ұз. 56 км. Жағасы жайдак, кұмдауытты.
Көктемгі еріген қар және жер асты суымен толысады. Сәуірде тасиды, жаздың
ыстық айларында қарасуларға бөлініп кетеді. Өзен алабында жайылымдық
жерлер, қыстаулар бар. Суы мал суаруға пайдаланылады. Өзеннің орта
ағысындағы аңғарда суы тұщы Ақабай құдығы бар, тереңд. 10 м, суының
өнімділігі 100 л/сағ.
САРЫСУ
–
өзен.
Қарағанды, Қызылорда облыстарытары жерінде.
Сарыарқадағы Бұғылы тауының етегінен басталатын Жақсы Сарысу,
Байназар мен Жақсы Тағылы таулары маңынан басталатын Жаман Сарысу
өзендерінің қосылысынан құрылып, Сыр өңіріндегі Телікөлге құяды. Ұз. 800
км. Су жиналатын алқабы 81-99,1 мың км
2
. Куаң жылдары Телікөл-Ащыкөл
ойысына жетпей, сор-сортаңға айналып, құмда тартылып қалады. Кезінде
Шуға ұласып, Сырдарияға кұятын болған. Қазір сағалары бір-бірінен 120
км-ге алшақтап кеткен. Алабынан жер асты суының қоры анықталды (Шу-
Сарысу). Салалары: Жаман Сарысу, Жақсы Сарысу, Атасу, Талдысай, Кенгір,
Кұрманақа, Талдыманақа, Кұмдыеспе. Каракеңгір саласы кұйғаннан кейінгі
С-дың орташа жылдық су шығыны 7,5 текше м/с, сағасында 0.10 текше м/с.
Ағысының жылд. 0,6-0,8 м/с. Негізінен кар суымен толысады, сондықтан да
жылдық су ағынының 96,6%-ы сәуір-мамыр айларында, 3,1%-ы күзде, 0,3%-ы
кыста өтеді. Сәуірдің аяғында, мамырдың алғашкы он күндігінде қарқынды
тасиды. Суынын лайлылығы 50-100 г/текше м. Суы бастауында тұшы,
орташа және төменгі ағыстарында тұздылау келеді. Өзен қараша-желтоқсан
аралығында қатып, наурыздың аяғында мұзы түседі. Арнасының ені
бастауыңда 15-20 м, орта бөлігінде 40-60 м, саға жағында 150-200 м-ге дейін
кеңейеді: бас жағында тар аңғары төменгі ағысында 10 км-ге дейін ұлғаяды.
Көне арнасының түбі және жағалауы құмды және құмды малта тасты шөгіңді
жыныстардан түзілген. Мұндағы ашық қызыл-қоңыр топырақта жусанды-
бетегелі-шытырлы өсімдікті шөлейт ландшафтысы қалыптасқан. Сағалық
бөлігінде шөлдік лаңдшафты басым. Көктемгі Сырдария суының біраз бөлігі
Телікөл каналы арқылы С. сағасына қосылады. С. алабында жайылымдық мал
шаруашылығы дамыған
Достарыңызбен бөлісу: