Қарағанды облысы топонимдері Нұр-Сұлтан, 2020 Т. Аршабеков



Pdf көрінісі
бет117/182
Дата04.11.2023
өлшемі7,57 Mb.
#189322
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   182
БОЗҒАҚ 

 
өзен,
 
ұз. 50 км. (Бозғанақ зат,- ҚТТС- 98 б). Кенжебай-Самай 
зираты маңына таяу жерден басталып, Жатықжер мекеніңдегі құмға сіңіп 
кетеді. Жағасы жоғары ағысында жарқабақты, сәл ирелең, аңғары біршама 
кеңдеу. Орта ағысында аудандары 2,5 және 1 км
2
-лік 2 көлмен байланысып 
жатыр. Көктемгі еріген қар және жер асты суларымен толысады. Өзен суы 
арнасынан асып сәуірде ғана ағады, жазда тартылып қалады. Өзен аңғарында 
суы тұщы 2 кұдық бар, олардың ірісі - Ақкөл, тереңд. 2 м, судың сығымдылығы 
200 л/сағ.
ЖИДЕЛІСАЙ 

 
өзен, (Жиделі сын. Жедесі бар жер. ҚТТС -204 б).Сарысу 
өзені алабында. Молалыжал жотасының солт. беткейінен ағып шығатын 
бұлақтар суының қосылуынан түзіледі, Тегісдала мекенінен батысырақ 
Қаракеңгір өзеніне сол жағынан құяды. Ұз. 47 км. Жағасы жайдақ, біршама 
кең аңғармен ағады. Көктемгі еріген қар суы және жер асты суымен толысады. 
Сәуірде суы тасиды, жаздың ыстық айларында қарасуларға бөлініп кетеді. 
Өзен алабында жайылымдылық жерлер мен қыстаулар бар.
МАНДАЙҚАҚ 

 
өзен, Сарысу алабында. Борсеңгір тауының солт. 


208
беткейіндегі бұлақтар суының қосылуынан түзіліп, Біройнақ. тауы маңында 
Сарысу өзеніне оң жағынан құяды. Ұз. 56 км. Жағасы жайдак, кұмдауытты. 
Көктемгі еріген қар және жер асты суымен толысады. Сәуірде тасиды, жаздың 
ыстық айларында қарасуларға бөлініп кетеді. Өзен алабында жайылымдық 
жерлер, қыстаулар бар. Суы мал суаруға пайдаланылады. Өзеннің орта 
ағысындағы аңғарда суы тұщы Ақабай құдығы бар, тереңд. 10 м, суының 
өнімділігі 100 л/сағ. 
САРЫСУ 

 
өзен.
 
Қарағанды, Қызылорда облыстарытары жерінде. 
Сарыарқадағы Бұғылы тауының етегінен басталатын Жақсы Сарысу, 
Байназар мен Жақсы Тағылы таулары маңынан басталатын Жаман Сарысу 
өзендерінің қосылысынан құрылып, Сыр өңіріндегі Телікөлге құяды. Ұз. 800 
км. Су жиналатын алқабы 81-99,1 мың км
2
. Куаң жылдары Телікөл-Ащыкөл 
ойысына жетпей, сор-сортаңға айналып, құмда тартылып қалады. Кезінде 
Шуға ұласып, Сырдарияға кұятын болған. Қазір сағалары бір-бірінен 120 
км-ге алшақтап кеткен. Алабынан жер асты суының қоры анықталды (Шу-
Сарысу). Салалары: Жаман Сарысу, Жақсы Сарысу, Атасу, Талдысай, Кенгір, 
Кұрманақа, Талдыманақа, Кұмдыеспе. Каракеңгір саласы кұйғаннан кейінгі 
С-дың орташа жылдық су шығыны 7,5 текше м/с, сағасында 0.10 текше м/с. 
Ағысының жылд. 0,6-0,8 м/с. Негізінен кар суымен толысады, сондықтан да 
жылдық су ағынының 96,6%-ы сәуір-мамыр айларында, 3,1%-ы күзде, 0,3%-ы 
кыста өтеді. Сәуірдің аяғында, мамырдың алғашкы он күндігінде қарқынды 
тасиды. Суынын лайлылығы 50-100 г/текше м. Суы бастауында тұшы
орташа және төменгі ағыстарында тұздылау келеді. Өзен қараша-желтоқсан 
аралығында қатып, наурыздың аяғында мұзы түседі. Арнасының ені 
бастауыңда 15-20 м, орта бөлігінде 40-60 м, саға жағында 150-200 м-ге дейін 
кеңейеді: бас жағында тар аңғары төменгі ағысында 10 км-ге дейін ұлғаяды. 
Көне арнасының түбі және жағалауы құмды және құмды малта тасты шөгіңді 
жыныстардан түзілген. Мұндағы ашық қызыл-қоңыр топырақта жусанды-
бетегелі-шытырлы өсімдікті шөлейт ландшафтысы қалыптасқан. Сағалық 
бөлігінде шөлдік лаңдшафты басым. Көктемгі Сырдария суының біраз бөлігі 
Телікөл каналы арқылы С. сағасына қосылады. С. алабында жайылымдық мал 
шаруашылығы дамыған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет