Қарағанды облысы топонимдері Нұр-Сұлтан, 2020 Т. Аршабеков



Pdf көрінісі
бет114/182
Дата04.11.2023
өлшемі7,57 Mb.
#189322
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   182
Бүркітті 

 
тау, биіктігі 7017 м, Жаңаарқа ауданы, елді мекен, Ақадыр 
ауданы. Бүркіт (зат есім) + ты (сын есімнің жұрнағы), яғни «бүркіті көп», 
«бүркіт көп, мекендеген тау».
Ешкіаман 
– тау, биіктігі 821, 9 м , Шет ауданы. Ешкі ( зат есім) + аман (сын 
есім) сөздерінен жасалған атау. Республикамыздың басқа да облыстарында 
Ешкіқырған, Ешкілі, Ешкіөлмес, Ешкіліқордай, тектес «ешкі» атымен 
байланысты топонимдер тобы кездесіп отырады. Бұл атаулардың барлығы 
да ешкі немесе тауешкісімен байланысты қойылып отырған. Ал Ешкіаман 
топонимінің сыры «осы тауда мекендеген ешкілердің (жабайы тауешкі немесе 
шаруашылықтағы ешкінің) сол аталмыш тауда шөптің шүйгін болғандықтан 
қыстан аман-есен, өлмей - жітпей шығуымен байланысты аталуы мүмкін.
Ешкіқырылған 
– тау, сай, құм , Шет, Ұлытау аудандары. Ешкі (зат есім) + 
қырылған (етістік) сөздерінен жасалған атау. Бұл жерлерде қыс қатты болып, 
ешкілердің жұтқа ұшырауымен байланысты аталған.
Ешкіөлмес 

 
тау, биіктігі 1133,9 м, Ақау, Ұлытау аудандарында. Ешкі 
(зат есім) + өлмес (етістік) сөздерінен жасалған атау өңірдегі асбест кені бар 
мекен аты. Сол тауда қыстауда ешкінің өлмей - жітпей қыстан аман қалуына 
байланысты қойылса керек.
Жыланшық 

 
тау, биіктігі 839 м, тау, биіктігі 884,4 м, Ақтоған ауданы; 
өзен Жаңаарқа ауданы; өзен Ұлытау ауданы; Шағырлы өзенінің бойында, тау 
Шет ауданы. Жылан (зат есім) және шық (зат есімнің қосымшасы) сөздерінің 
бірігуі арқылы жасалған атау. Е.Қойшыбаевтың пікірінше атау көне түркі 
тілінде 
двалан йалан 
формаларынан қалыптасқан 
двалан 
–шық сөзінің қазақ 


203
тіліне бейімделген түрі, мағынасы: «далашық», яғни «кішігірім жазық». 
Ғ.Қоңқашбаев жыланшық атауы «кішкентай жылан» мағынасын білдіреді деп 
санайды.
Киік 

 
дөң, биіктігі 612,3 м, Шет ауданы елді мекен , Жаңаарқа ауданы. 
Бұл жерде бұрын киік көп болуына байланысты қойылған.
Киіктау 

 
тау, биіктігі 656,8 м, Жаңаарқа ауданы. Киік (зат есім) + 
тау (зат есім) сөздерінің қосылуынан жасалған. Мағынасы: «киігі көп тау», 
шынында да бұл маңда бүрын киік көп болған болуы керек.
Кіші Арқарлы 

 
тау , биіктігі 721,5 м, Ақадыр ауданы; Кіші (сын есім) + 
арқар (зат есім) + лы (туынды сын есімнің жұрнағы) сөздерінің тіркесуінен 
жасалған атау. Негізі «Арқарлы» атауы бұл тауда бір кезде арқар көп болғанын 
білдірсе, оның алдында кейін қосылған «кіші» сөзі таудың көлемі кішкене 
екенін білдіреді.


204


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет