Керегетас – тік құлама жартас не тау қыраты Керегетас аталады. Орталық
Қазақстанда жиі кездесетін атау.
Қотыр Қызылтау – тау. Тасты жер болғандықтан солай аталады. Қожыр-
кедір-бұдыр мағынасында түркі-моңғол тілдеріне ортақ сөз. Қызылтаутау
жынысының өңіне байланысты. Қызыл реңді жер темір металының жиі
кездесуіне байланысты. Қотыр Қызылтау – етегі жер, ал төбелері тасты
болғандықтан жер солай аталады.
Қоянқара – төбе, Ботақара кенті тұсында орналасқан.
Шешенқара – елді мекен /тау/. Шешенқара атауы күрделі атау, екі түрлі
компоненттен құралған. Шешен сөзінің негізі моңғолдың Цэцэн ақылды,
тілді дегені /қазақша – шешен тілді/, қара-тау, биік деген ұғымға сәйкес. Қазақ
аңыздарында Шешенқара атауы ХVІІ-ХVІІІ ғғ. қазақ-қалмақ жаугершілігі
тұсында пайда болған. Тарихи деректер бойынша қалмақтың хошоуыт
тайпасын бір мезгіл Цэцэн хан басқарған /Батыр қонтәжі заманы/. Аңыз
бойынша Цэцэн – қалмақ қызының аты.
Шоршоқы – тау. Мүмкін Шор-қаракесектің бір атасы, соған қатысты
болуы ғажап емес. Шор-ағаштың шоры, берік, қатты деген ұғымда
қолданылады.
Қарқаралы ауданы .
Айбикешақпақ – тау. Күрделі атау: 1) Айбике - ай тәрізді сұлу (кісі есімі);
2) Шақпақ - от шығару үшін қолданылатын қатты асыл тас.
Аспантау – тау аты. Қарқаралы ауданы, Жамбыл селосының 4-нші
бөлімшесінің орталығына таяу ұзыннан ұзақ 2 тау сілемі жатыр. Ең биігі
Аспантау деп аталады. Бұлай аталу себебі тауға шыққан адам, төрт бағытқа
қарағанда 4-5 км жерлерді шолып қарауға көзі жетеді. Осы таудың бір сілемі
Қарақуыс деп аталады. Бұл қуыс қыстың суық желінен төрт түлік малды аман
алып шығуға таптырмайтын өңір Қарақуыс тауының оңтүстік батысына қар
өте аз түседі, жердің бәрі ақ көрпе қарға оранып жатқанда, осы қуыс қара
топырақтанып жатқандықтан Қарақуыс аталған. Қарақуыс тауында Аттама
атты шатқал бар. Бұл екі таудың арасындағы шатқал құз биіктігі –1, 1,5 метрге
жетеді. Сұңқартас, Сарықұлжа атты тау аттары – сол жердің табиғи көрінісі,
мекен еткен аң, құстарға саятшылық өмірге байланысты туған атаулар.
Сарықұлжа тауының оңтүстігінен солтүстігіне құлаған бойы Бестамақ деп
аталады. Бұл бес адырдың шөбі қалың, малға жайылымы, ықтасыны көп.
Сонымен Бестамақ деген атау жазық, жайылым деген мағынаны береді