181
топонимдер бұл өңірде ежелгі кен өндіру ісінің өркендегенінен хабар береді
[20, 5 б.].
БЕСТӨБЕ –
кен орыны,
1956ж. ашылған. Барит полиметалл рудасын
ашық әдіспен өндіруге болады. Мұндағы қорғасын мен мырыш – түсті
металлургияның, ал барит – әртүрлі өндірістің маңызды қоры.
Төбе,
Шашты
тауының оңт.-
батысында, Ақбастау төбесінің оңт.-батысында,
тау,
Ақдала
сай-саласының батысында, Киіктау тауының оңт.-шығысында,
шоқы,
Мырзашоқы тауының оңт.-шығысында, Қызылтас тауының солт.-батысында,
Жаңаар. ауд.
Бес
(сын есім)
+ төбе
(зат есім) сөздерінен жасалған атау.
ЖАМАН АЙБАТ –
кеніш,
Жаңаарқа ауданының аумағында, Жезқазған
қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 160 км жерде орналасқан Жаман
Айбат антиклиналін бойлай бірнеше км-ге созылған ірі мыс кен орны.
Антиклинальдің оңтүстік көлбеу қанаты (5-25), ал солтүстік қанаты флексура
түрінде тік құлайды. Кен орны Шығыс, Орталық, Солтүстік телімдерден және
11 жеке кен денелерінен тұрады. Негізгі өндірістік маңызы бар кен денелері
«раймунд» конгломераттары қабаттарында шоғырланған.
Кен денелері
қабат линза пішіндес, орташа қалыңдығы 4-5 м
Кентастар минералдық
құрамы бойынша мысты, қорғасын-мысты, мырышты, қорғасынды, күмісті-
мысты, ренийлі-мысты болып келеді. Кен орны толық барланған. Қазір онда
«Қазақмыс» корпорациясы жаңа шахта құрылысын жүргізіп, кен таситын
теміржол төсеуде.
ЖАЛЫН
–
кен орыны.
Жаңаар. ауд. Ералиев с/о. 1993 ж. геологтар кен
қорын (55 миллион тонна) толық анықтап біткен. Көмірі жоғары сапалы кокс
концентратын алуға жарамды. Атауы көмірінің қызуы мол екендігін меңзеп
қойылған.
Достарыңызбен бөлісу: