60
бөлімін атап өтеді.
75
Сайдалы жөніндегі материалдар Г.Н.Потанин,
М.Ж.Көпейұлы еңбектерінде де баяндалады.
76
XX ғасыр басында Ақмола,
Қарқаралы уездері бойынша жарық көрген материалдар жинақтарында
Сайдалы бөлімінің шежіресіне қатысты мәліметтер кездесіп отырады.
Шежірелік материалдардың көпшілігі Сайдалы ру бөлімінің Сүгірәлі
және Арыстан атты екі ру тармағына бөлінетіндігін бір ауыздан мақұлдайды.
Алдыменен Сүгірәлі тармағының таралуын қарастырып өтсек. Сүгірәлі
тармағы Әлсейіт, Жабай, Дүкеней және Қабай атты төрт ру аталықтарына
бөлінеді. Әлсейіт аталығынан Бурабай, Жанұзақ аталары бөлініп шығып,
Жанұзақтан – Дәуімбай және Дәулет әулеттері; Бурыбайдан – Жылысбай, ал
ол - Барға, Байыс, Айтқожа, Шегет атты әулеттерге тармақталып кетеді.
77
Сүгірәлі тармағындағы екінші аталық – Жабай. Жабайдан – Қазыбек,
одан Қамбарбек шығады. Қамбарбек - Жолдыбай, Көкен (Күтен) атты екі ру
әулетіне бөлініп кетеді. Өз кезегінде Жолдыбайдан - Жәнібек, Тығыбек; Көкен
(Күтен)- Кейкі және Ермек атты бұтақтарға тармақталады.
Сүгірәлі тармағындағы соңғы, төртінші аталық – Қабай аталығы. Ол –
Айтқұл, Әліқұл және Бақыбек атты үш атаға жіктеледі.
Айтқұлдан алты әулет таралады. Бірінші әйелінен - Ескене, Медет, екінші
әйелінен - Бұқарбай, Жамәнке, үшінші әйелінен Тезек, Үмбетбай атты ұлдар
туып, олардың әрқайсысы жаңа әулетке негіз қалайды. Ескенеден - Қалбай,
Жайлау; Медеттен Есқожа; Бұқарбайдан - Байбол, Собақ; Жаманкеден
- Қанай; Тезектен - Байғабыл, Жанғабыл; Үмбетбайдан - Қалым, Төлеміс,
Итемген атты бұтақтар өсіп-өніп, одан ары жалғаса береді.
78
Достарыңызбен бөлісу: