мұғдарында
атақты таңбалы тас тұр. Жолаушы бұдан таза оңтүстікке тартып,
Ноғайқұдық, Итаяқ моласы, Шалакеспенің құдығы деген белгілі жерлермен
Шу бойына ілігеді. Тайөткелден соң Көкше құмымен Созаққа келеді.
Ақмоладан Созаққа дейін 800 шақырымнан астам жердің 120 шақырымы
Бетпақ шөлі.
83
84
Сібір қазақтарының облысы
Ескерту – Красовский М. Материалы для географии и статистики России,
собранные офицерами Генерального штаба. Область Сибирских киргизов.
СПб., 1868. Ч 3. – 264 с.
85
Қазақ жері және қазақтар. XVIII ғасырдың картасы.
Сібір қазақтары облысына қарасты рулардың қыстаулары мен
жайлауларының картасы
86
Сарыарқаның сары белі.
Сарыарқа – өзіндік табиғи бітім-болмысымен ерекшеленетін, кесек
тарихы, оқшау ерекшелігі бар, уақытпен бірге жаңғырып-жасарған мекеннің
бірі. Бұл өте байтақ мекен, бай мекен. «Сары десе дегендей, бұл байтақ өлкенің
мың сан өсімдігінен бастап, тау-тасына дейін сарғыш тартып жатады.
Қазақ тіліне «Сарыарқа» етене жақын, төл сөз, бірақ мағынасы күрделі.
Ертедегі ата-бабаларымыздың кеңістікті бетке алғанда, қашанда маңдайы
оңтүстікке қарағаны, осы сөзге себеп болуы мүмкін. Немесе оңтүстіктегі
өзбек, қарақалпақ, лақай үшін «арқа» солтүстік деген ұғымның синонимі[1] .
Егер сақ заманында «мұртты қорғандар» салған көшпелі бетті шығысқа
түзесе, ғұндардың кезінде бет алыстың өзгеруі де мүмкін. Сарыарқадағы ең
ірі ескерткіштің бірі Домбауыл дыңының қасбеті де шығысқа бағытталған.
Бұл дәстүрді осы өңірдегі Қарадың мен Үйтастардан да байқаймыз.
Мұнымен қатар «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырында болған әңгіменің
шыққан жері Сарыарқаға ұқсайды:
Көшеді қысы-жазы дамыл көрмей,
Біраз елі қалды оған ермей
Сағынып Сарыарқаны қайта көшті,
Мазалы ел ішінде рахат көрмей,
Көрмессің Қарабайдай жарым есті,
Бірталай көше-көше күні кешті [2] .
Сарыарқа сөзінің түп төркінін қарастырсақ, ертедегі түркі тілдері
ескерткіш сөздігінде «сары» тұлғалы сөздің «бағыт, жақ, жан-жақ» тәрізді
мағыналары бар. Қазіргі түркі тілдері ішінен чуваштарда – «сарлака» сөзінің
«кең байтақ, көлемді» сияқты ұғымдарын кездестіреміз. Түркі тілдерінің
енді біреулерінде, чұлым татарларында «сара» немесе «саһра» – біздің
түсінігіміздегі «қыр, дала» орнына қолданылады. Сонымен қатар «арқа»
тұлғасының мағынасы «солтүстік» немесе «батыс» екендігіне топшылау
айтылған. «Дала» мағынасындағы «сара» тұлғасы «арқа» мен біріккен
тәрізді[3].
«Сарыарқа кімдікі екендігі туралы» атты Мәшһүр Жүсіптің тарихи
әңгімесінде, бұл кең байтақ өңір бұрын-соңды өткен көптеген ел-жұрттың
қонысы болғаны айтылады: «күнбатысы – Сырдария, күншығысы – ұзын
аққан Ертіс, оңтүстігі – Жетісу, солтүстігі – Еділ, Жайық. Сол төрт судың
арасы заман қадимде Дешті Қыпшақ аталған қыпшақ жұртының қонысы еді»
- деп жазды.
Сарыбел десе, қазіргі бізге Иманжүсіп ақынның: «Абылай аспас Арқаның
сары белі, Қуандық пен Сүйіндік жайлайды елі», деген әні естілгендей болады.
XVII ғасырдың соңы XVIII ғасырдың басында Сарыарқа жерінде мамыражай
87
тіршілік болған емес. Бұл заман Еуразияның кең байтақ далалық өңірін
мекендеген көшпелі ұлыстардың өрісі қысқарып, жан-жағынан жау анталаған
кезең еді. Батыстан жауар бұлттай түнеріп, Ресей империясы төнсе,
Шығыстан Мәнжүр әулетіне бағынышты қара құрттай Қытай қаптап келді.
Жоңғарлардың жойқын шабуылының нәтижесінде қазақ жасағы шайқас
даласында 100 мыңға жуық сарбаздан айырылды. Қорғансыз халықтың
шығыны одан да көп болды, Түркістан, Сайрам, Ташкент қалаларын басып
алды. Абылай ханның айтуынша, сол кезде әрбір он адамның төртеуі қаза
балғаны туралы деректі Ш. Құдайбердіұлы да қостайды. Қорғануға мұршасы
келмеген ел Талас, Боралдай, Шыршық, Арыс, Сырдария өзендері бойында
әсіресе көп қырылды. Тірі қалғандар ата мекенін тастап шықты. Тарихта
бұрын болып көрмеген алапат құбылыстан қазақ халқының үдере қашқан
босқыншылығы туды.
Шығыстағы қазақ рулары ығыса келе Есіл, Тобыл, Орал өзендеріне дейін
тірелді. Сарыарқада жүрген казақ рулары Есіл, Нұра, Сарысу бойы көшіп-
қонып жүре берді.
Сарыарқаның нулы Нұра бойын бір жағы Қуандық, бір жағы Сүйіндік
болып жаз жайлауы ретінде қатар көшіп-қонатын болған. Елді Әбілмамбет
хан, Қаздауысты Қазыбек би, елдің көмекей әулиесі Бұқар жырау, еліне қалқан
болатын Нияз, Бөгенбай, Жалаңтөс батырларымен танымал болған заман.
Әбілмәмбет ханмен және Абылай сұлтанмен қатар Орта жүзге билігін жүргізді.
Сарыарқаның нулы Нұра бойын бір жағы Қуандық, бір жағы Сүйіндік болып
жаз жайлауы ретінде қатар көшіп-қонатын болған. Сол кезден қазақ нулы
жерді, сулы жердің бойын жағалап қоныстанды. Қуандық Сүйіндік рулары
осы Тоқсымақтың бойын бірі шығысы бірі батысын ала қатар қоныстанған
болу керек.
Осы өңірдің тарихи жазба деректерде тарихи оқиғаларға қатысты
баяндалуы бұл Орта жүздің белгілі батыры Нияз батырға қатысты айтылады.
«Қытай деректемелеріндегі Қазақстан тарихы» атты сериясымен шыққан
«Цин патшалық дәуірінің мұрағат құжаттары» топтамасындағы маньчжур
тіліндегі қазақ ру-тайпаларындағы отбасы саны туралы тізім дәптері бойынша
1758 жылы Нияз батырдың билігінде арғын ұлысының алтай атасынан 3000
отбасы, абақ-керей ұлысының 500 отбасы болғаны жазылған. Аталған жылы
арғын ұлысының қанжығалы атасының – 2000 шаңырағы Бөгембай батырдың
қоластында, Тарақты руының 400-ге жуық отбасы Наймантай батырдың
қарауында, Қазыбек би қаракесектің 2000 шаңырағын, Барақ батырда
көкжарлы найманның 1000 отбасылары ғана болғаны айталады: «Биыл (яғни,
1758 ж.) алтай арғындарының Қазыбек би, Нияз батыр сынды адамдары
Қарқаралы, Қазылық жерлеріне қоныстанған» - деп жазған [4]. Ал, батырдың
жайлаған тағы бір жері – Нияз тауы аталған. Бұл мәліметтер, XVIII ғасырдағы
88
қазақ ұлысының халық саны туралы, олардың қоныстаған жерлері, және ел
басқарған тұлғалары туралы нақты мәліметтер береді.
Нияз батыр қыс айларын Түркістанда өткізгенімен, жаз жайлауға Ақтау,
Ортау, Қызылтауға, Есіл, Нұра, Сарысу өзендерінің бойына, Қорғалжын
көліне, Қарқаралыға, Қазылыққа, Аюлы мен Қаракөлдің аумағына көшіп
келіп, қоныстап жүрген. Жоғарыда аталған Маньчжур тіліндегі Қазақ
тайпаларындағы отбасы саны туралы тізім дәптерінде: «Биыл (1758 жылы)
алтай арғындарының Қазыбек би, Нияз батыр сынды адамдары Қарқаралы,
Қазылық жерлеріне қоныстанған», деген жазбалар кездеседі. Ал, батырдың
жайлаған тағы бір жері – қазіргі Қарағанды облысы, Осакаров елді мекенінің
шығысының 35 шақырымдай жерінде, Вольск елді мекенінің солтүстік -
шығысында 20 шақырымдай жерде орналасқан тау Нияздың атымен аталған.
Бұл атау осы төңіректі жайлаған Алтайдың батыры Нияздың есімімен
байланысты.
Иманжүсіптің өлеңіндегі:
Абылай аспас Арқаның Сарыбелі,
Қуандық пен Сүйіндікпен жайлайды елі.
Қырық мың жылқы су ішсе лайланбас,
Нияздың Аюлыда Қаракөлі – деген жолдары осыған дәлел.
Осакаров ауданындағы адыр-төбелердің, қырат-жондардың ескілікті
атауы – Сарыбел. Нияз батырдың жайлаған жері болғандықтан, Абылай хан
бұл өлкеге қоныс теппеген. Аюлы мен Қаракөл деген жер аттары да осы
өңірде кездеседі.
ҚарМУ тарих факультеті экспедициясы зерттеуінің нәтижесінде жасалған
Ақмола уезіндегі қазақтардың жерді пайдалану және жайылымдық аудандары
картасында №51 деп көрсетілген ортақ жайлаудағы бір жайылымның аты
«Нияз» деп аталған. Бұл жерді XVIII ғасырда өмір сүрген атақты батырлардың
бірі – Нияз жайлаған[5].
Ал «Книга Акмолинского Окружного Приказа о летних и зимних
кочевках казахов на 1865 год» атты мұрағаттық құжатта Алтай-Сайдалы руы
қазақтарының «Бүйрек тал» деген жерге жаз жайлап, көшіп келетін жолдары:
«по рекам Сарысу, Нуре, Ишиму, Кундуздам, Куланотпесу, Худайменды Карасу,
Исеню и Манак, Актас, Искене, Ку..ды, Джиланды,
Достарыңызбен бөлісу: |