76
бұтағы майқы-ұрпақтары – Нұра, Тоқырауын, Танас ұрпақтары – Ақсары,
Берікқара, Кент, Темірші, Бошан ұрпақтары – Абыралы, Ақшатау, Ақбота,
Бөрлі, Қу, Дегелең, Едірей, Қызылтау, Мойынты, Сарытау жерлеріне
қоныстанған.
Ал, ХІХ ғасырдың соңындағы осы өңірдегі рулардың құрамы жөнінде
Коншиннің «Памятная книжка Семипалатинской области» атты еңбегінің
«Расписаніе судебно-мировыхъ участковъ въ Семипалатинской области»
бөлімінде Қарқаралы уезі бойынша учаскелелерге бөлінуін баяндайды:
Каркаралинский уезд:
1-й участок. г. Каркаралинск со станциею Каркаралинской. Волости.
Аксаринская, Беркаринская, Нуринская, Балхашская, Акчатавская,
Токраунская, Кызлтавская, Моинтинская и Чуйская.
2-й участок. Кентская, Темирчинская, Катан- булакская, Чубартавская,
Дагандельская, Дегеленская, Абралинская, Бюрлинская, Акботинская,
Эдрейская, Сартовская и Кувская.
Әскери бекіністер салу арқылы қазақ рулары арасында қақтығыстардың
өршуіне жол берді. Осы уақытқа
дейін тарихи әдебиеттерде, көбінесе ру
аралық жер, мал дауларының себебін жергілікті билеушілердің баю үшін
жасаған әрекеттері деп түсіндірілді. ХІХ ғасырыдың басында және бірінші
жартысында бұл ру арасында дәстүрге де айнала бастады. Аталмыш
жағдайды Ш.Уәлиханов «Записка о судебной реформе» мақаласында біршама
түсініктеме береді.
82
Яғни барымта негізінен төленбеген қалыңмал немесе
құн үшін бөтен мал-мүлік т.б. тартып алу негізінде жүргізіледі және де үш
күн өткен соң барымталанған ауылға өз әрекеттерінің қандай мақсатпен
жасалғанын және кім екенін хабарлаған, олай болмаған жағдайда, ол ұрлық
ретінде есептелген. Сондықтан барымта ұрлау ниетінде емес, белгілі талап-
тілектің орындауын талап етуден туындаған.
Қарқаралы уезінде Тарақты, Қуандық, Қарауыл,
Қанжығалы, Тобықты,
Қамбар руларынан және Қаракесектен тараған Таз, Байбөрі, Жалықбас, Танас,
Майқы, Машай, Жанту руларынан, сондай-ақ ішінара төре-төлеңгіт, жалайыр,
табын, тама, жағалбайлыдан тараған қауым және өздерін ІҮ халифа Әлидің
ұрпағы санайтын қожалар қоныстанған.
83
Ақсары болысының 5-әкімшілік ауылының ақсақалдарының статист
мамандарға айтуы бойынша, 1728 жылы Алтай мен Қаракесек руының қауымы
Қарқаралы жеріне Түркістан өңірінен қоныс аударған. 20 жылдай уақыт өткен
соң, 1748 жылы Барақ сұлтанның жіберуімен оның ұлы Бөкей сұлтан келеді.
Бөкей сұлтан алтай және қаракесек арғындармен бірлесе отырып, Қарқаралыға
қоныс теуіп орнығып алған қалмақ және түрікмендермен шайқасқа белсене
кіріскен. Бөкейдің екінші ұлы Шыңғыс тұтқынға түскен түрікменқызы
82
Ч. Валиханов соб . соч. т1 Алматы. 1984, 218 с
83
МКЗП. Каркаралинский уезд. СПб., 1905. Приложения
77
Жекепарға үйленіп, одан тараған ұрпақтар Ақсары болысының 5-әкімшілік
ауылын кұраған. XIX ғасырдың 20-жылдары қарқаралық болған қаракесектер
Боқты, Кент, Қарқаралы, Қу, Арқалық тауларынан Алтай руын ығыстырып,
алтай-арғындар Ақмола уезіне қоныс аударған. Алтай-арғындарын Ақмола
уезіне қоныс аударуына тек қана қаракесектердің
қысымы әсер еткен жоқ,
1824 жылдары алтай-арғындар қоныстанған жерлерге орыс әкімшілігі казак
бекіністерін сала бастады.
84
Ал, Берікқара болысының қазағы Мұхамед Итқараның айтуы бойынша,
арғындар Қарқаралы уезі жерін ертеден қоныс еткен. «Ақтабан шұбырынды,
Алқакөл сұлама» жылдарында Түркістан өңіріне қоныс аударып, кейін қолда
қалған малдарымен өз атамекендеріне қайта көшкен. Аңыз бойынша, алтай-
темештердің 40 шаңырағы Қарқара жерінде көшіп жүрген наймандарды
кезіктіріп, олардың 40 жылқысын сойып тастайды, сонда наймандар біз бұл
жылқылардың құнын сұрамаймыз сендерге берген ерулігіміз болсын деп,
өздері көшіп кеткен екен.
84
МКЗП. Каркаралинский уезд. СПб., 1905.