Қарағанды облысы топонимдері Нұр-Сұлтан, 2020 Т. Аршабеков


ХІХ ғ. әкімшілік‑аумақтық өзгерістер



Pdf көрінісі
бет29/182
Дата04.11.2023
өлшемі7,57 Mb.
#189322
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   182
ХІХ ғ. әкімшілік‑аумақтық өзгерістер
1859 жылы Құсмұрын сыртқы округі жойылып оның орнына жаңадан 
Атбасар сыртқы округі ұйымдасты (1859 ж. 8 қазан). Осы орайда, Бағаналы 
болыстықтары жаңадан құрылған Атбасар сыртқы округтік приказының 
құрамына беріледі.
1868 жылы «Дала облыстарын басқарудың уақытша Ережесіне» сәйкес 
Ақмола облысы құрылды. Жаңадан құрылған облыс Орталық және Солтүстік 
Қазақстанның ұлан-ғайыр территорияларына орналасып, солтүстігінде Тобыл 
губерниясымен, батысында – Торғай, оңтүстігінде – Сырдария, шығысында – 
Семей (Семипалатинск) облыстарымен шектесті.
85
Ақмола облысының қазақ 
халқы Орта жүзге жататын рулардан құралады.
Осыған сәйкес, Сібір қазақтарын басқарудың жаңа тәртібі бойынша, 
Ақмола облысы құрылғанда, Ақмола, Атбасар, Көкшетау, Петропавл және 
Омбы уездері болып бөлінді. Атбасар уезі 1859 жылы құрылған Атбасар 
сыртқы округінің орнына ұйымдастырылды. Уезд территориясы солтүстіктен 
оңтүстікке созылып жатуымен ерекшеленеді. Солтүстігінде Көкшетау 
уездінің территориясынан бастап, оңтүстікте Шу өзенінің төменгі ағысына 
дейінгі аралықта орналасып, шығысында – Ақмола уезімен, батысында – 
Торғай облысымен шектесті [26, 187 б.].
Сібір қазақтарының ережесі 1868 жылға дейін жұмыс істеді. Уақытша 
ереже енгізіліп, оның күшімен барлық қазақ жерлері мемлекет меншігі деп 
жарияланды. Сұлтандардың билігі және округтік приказдар жойылып, оның 
орнына орыс әкімшілігінен тұратын уездер құрылды. Сонымен қатар, 1854 
жылы ашылған Сібір қазақтарының облысы, кейбір шекаралық өзгерістерімен, 
Ақмола облысы болып қайта құрылды.
86
Әкімшілік тұрғысынан қазақ даласы төрт әскери облысқа бөлінеді: Ақмола, 
Семей, Орал және Торғай. 1868 ж. жаңадан құрылған облыстар бұрынғы сібір 
және орынбор қазақтарының жерлерін, казак әскерлерінің жерлерін қамтып 
жатты. Қазақтарды тиімді басқару мақсатында үлкен өзгерістер жасалынады.
Дала өңірлерін басқаруға арналған «Сібір қазақтарының ережесі» 
жойылып, оның орнына жаңадан «Дала облыстарын басқару туралы уақытша 
ереже» енгізіледі [99, 175 б.]. Оның енгізілуі бірнеше кезеңдерден тұрды. 1854 
жылы «Сібір ведомствосындағы қырғыздарға таралатын Ресей империясының 
жалпы зандары» атты ірі заңдар акциясы қабылданып, мұнда билеттер 
кіргізу арқылы округтердің ішкі шекаралары «заңдастырылды» [164, 131 б.]. 
85
Семби М.К. К изучению «архитектурной ономастики» Казахстана // История и культура Арало-
Каспия. Сборник статей. Вып.1./Под общ.ред. С.Ажигали. – Алматы: Құс жолы, 2001. – 228 с.
86
Сборник материалов, относящихся к истории Золотой Орды. Том I. Извлечения из арабских 
сочинений, собранные В.Г.Тизенгаузеном. Подготовка к новому изданию, введение, дополнения и 
коментарии Б.Е.Кумекова, А.К.Муминова. Алматы: Дайк-Пресс, 2005. – 711 с.


79
Билеттер басқа жаққа кеткен жағдайда әр адамға белгілі бір төлем мөлшерінде 
берілетін болды. Сонымен қатар, үкімет осы заң арқылы билер сотының 
әлеуметтік статусын өзгертпекші болды. Жер ресми түрде Ресейдің меншігі 
деп жарияланып, ал оны иелену құқын мемлекеттің рұқсатымен жергілікті 
үкіметке беру қарастырылды. Бірақ жер иелену мәселесі тек қағаз жүзінде 
ғана қалып қойды. Қазақтар жер беру жайында сұраным жасамады. Себебі: 
жер онсыз да өздеріне тиесілі, қазақ халқының жері деп есептеді. Осылайша, 
жерді Орынбор ведомствосында да мемлекеттік меншік етіп жарияламақшы 
болды. 1854 жылы жер бөліктерімен қамтамасыз ететін қабылдаған жарғылар 
бойынша әр қазаққа 15 десятина жер бөлуге рұқсат етілді. Салықтардың 
барлық түрінен 5 жылға дейін босату қарастырылды. Ал, егер бұл мерзімде 
жер өңделмесе оны басқаға беру ұйғарылды. Сұлтандар мен болыстарға 
шаруашылық құрылыстары үшін жер көлемі екі есе артық берілді. Егінжай мен 
мекемелерге арналған жерлер меншік есебінде мұрагерлікте қалу көзделіп, 
отырықшылдыққа баса назар аударылды [165, 12б.]. Қарап отырсақ, Сібір 
мен Орынбор әкімшіліктерінің жер мәселесіндегі саясаты өте ұқсас. Орталық 
үкіметтің қазақтардың жерін тартып алудағы губерниялық әкімшіліктердің 
бастамасын ыждаһатпен қолдап отырғанын аңғару қиын емес. 1861 жылдың 
шілде айында Министрлер комитеті Орынбор генерал-губернаторына 
қазақтарды отырықшылдыққа көшіру туралы ереже қабылдауды тапсырды. 
Қазақтың алдында «отырықшылдыққа бөлінген жерлерді қазақтардың толық 
меншігі етуге мүмкіншілік бола ма, кейін жер алуға қандай мүмкіндіктер 
бар?» деген мәселе тұрды [164, 147 б.]. 
1862 жылы сұлтандарға бағдарлама-тапсырмалар жіберілді. Қазақтардан 
жер бөліктерін алу жайында өтініштер түсе бастады, бірақ көпшілігі егіншілік 
мәселесі бойынша емес, шұрайлы-шүйгін жерлерді иемденіп қалуды қалады. 
Нақ осы уақытта жер бөліктерін бөлу ережелері жасалды. XIX ғасырдың 
50-60-жылдары Сібір ведомствосында жер мәселесін реттеу мақсаты тұрған 
жаңа орталықтар пайда бола бастады. Мысалы, 1854 жылы Семей облыстық 
басқармасында шаруашылықтың жаңа жүйелері егінжай, бау-бақша және 
қолөнер түрлерін енгізу үшін жеке көмекші капитал құру туралы шешім 
қабылдады. 
Қазақтарды отырықшыландырудағы саясат негізінен солтүстік 
облыстардың далалық аудандарын отарлаудан туындады. Осы үрдіс әсіресе 
60-жылдары белең алды және бұл Ресей шаруаларын крепостнойлық 
кіріптарлықтан босатумен байланысты болды. 1863 жылдың өзінде-ақ 
Ақмола облысында уақытша қоныс аудару партиялары бекітілді [166, 39-41 
бб.]. Аталмыш партиялар XIX ғасырдың аяғында барлық басқа облыстарда 
да құрылды. Ресей шаруаларын қоныстандыруға қажетті жаңа жерлер үшін 
қазақтардың жерлерін тартып алу саясаты күшейе түсті.


80
Кейін өнеркәсіп кәсіпорын иелері өндірістік шаруашылықтар үшін 
қазақтардан жер сатып ала бастады. Бұл қазақ халқының жерден айрылуының 
үшінші жолы болды. Бірақ, жер қатынастарының реттелмеуінің, жеке 
меншіктің болмауының салдары ресейлік және шетелдік капиталдың енуін 
тежеді. Өлкенің жерін жеке меншікке беру мәселесі XIX ғасырдың 60-жылдары 
талқыланды. Тау-кен жарғыларын қайта қарау үшін құрылған комиссияның 
құрылуына орай Қаржы министрлігі қазақтардан немесе мемлекеттен 
жер сатып алу мүмкіншіліктері жайында мәселе көтерді. Дюгамельдің 
басшылығымен Омбыда құрылған Ерекше Комитет, Ресей заңдарына сәйкес 
қазақтар да қыстаулардағы 15 десятина жер үлесін алуға құқылы деген 
қорытындыға келді. Бұл бөліктер мұрагерлікте болса, қалған жерлер іс жүзінде 
ешкімге тиселі емес, «округтегі қазақтардың көшіп-қонуына арналғанды». 
Комитет
 
қыстаулар жердің жеке меншіктілігін көрсетеді, сондықтан оны 
заңмен және межелеуші актілермен бекіту керек деп тұжырымдады. Тоқтала 
кететін жай, бұл жерлер қазақтардың меншігі екендігін қуаттайтын жазбаша 
құжаттардың болмауы салдарынан, оны жалға беру мәселесінде көптеген 
қиындықтарды туды.
ХІХ ғасырдың 60-жылдардағы реформалардың дайындық шараларының 
нәтижесінде 1867 жылы әскери министр Д.А. Милютиннің басқаруымен 
«Ерекше Комитет» құрылды. Комитет әзірлеген «Жетісу және Сырдария 
облыстарын басқару туралы уақытша ереже» 1867 жылдың 11 шілдесінде 
қабылданып, 1868 жылдың 21-қазанында «Орынбор және Батыс Сібір 
генерал-губернаторлықтарының далалық облыстарын басқару туралы 
уақытша ереже» бекітілді. Аталмыш актілер қазақтардың мекен еткен жерін 
тартып алуға жол ашты. Бұл саясаттың әлі де жалғаса түсетіндігі ереженің 
«Уақытша» деген атауынан-ақ түсінікті болды. Бұл «Ережені» екі жыл ғана 
қолдану жоспарланған еді.
Бірінші мемлекеттік Думаның депутаты Т.Сидельниковтің «Уақытша 
ережелердің» қабылдануының негізгі себебі – ол орыс әкімшіліктерінің 
қазақтарды орыстардың нағыз боданы ету үшін жасаған ұмтылысы, олардың 
әрқайсысын белгілі бір жерге қатаң түрде бекітсе сол мақсаттарына жеткен 
болар еді» деген пікірі патшалық Ресейдің отаршылдық саясатының түп 
мазмұнын толық айғақтап берді. «Қазақ өлкесін, оның тұрғылықты халқын 
рулық емес, территориялық әдіспен бөлу арқылы отаршылдық өмір салтына 
бейімдеп өткізу 1868-жылдың ережесінің бір негізі болса, олардың қоғамдық 
және шаруашылық жағдайлары орыс чиновниктері мен бюрократиялық 
мекемелерінің қатаң бақылауымен жүргізілуі тиіс... Бұл «Ереже» шешуші 
кезеңнің бірі болды, Даланың өткенімен бүгінгі күнін бөліп тұрды.
Қазақтар құқы жөнінде Ресей империясының село тұрғындарымен 
теңестірілді . Осыған сәйкес олар рекруттік міндеткерліктерден босатылды. 


81
Гирстің қазақ жерлерін мемлекеттің меншігі деп тану және зандастырылған 
жазба актілері болса ғана жеке меншікті тану сияқты ұсыныстары «Уақытша 
Ережеге» өзгеріссіз, толық енді. Қазақ жерлері қыстаулар мен жайлаулар болып 
бөлінді және қоғамдық пайдалану үшін үкіметке берілді. Отаршылдыққа 
деген көзқарас ұлғайған сайын жер бөлігінің көлемі анықталмай, қазақтар 
мен орыс-казактардың арасындағы даулы жерлер мәселесі шешілмеді. 
Қазақтарға «өздерінің жерін, оның бөлігін орыстарға келісім бойынша ерікті 
түрде жалдау жөнінде құқы берілді (220). «Уақытша ережелердің» баптарын 
зерттей отырып, бұл құжаттың жердің тартылып алуынуына, қазақ өлкесін 
отарлауға жол ашқандығын көреміз. Біріншіден, «әкімшілік қазақ руларының 
бірігіп күшеюінен қауіптеніп, олардың ру аралық қатынастарын әлсіретуге 
тырысты. Ол үшін ең ыңғайлы мүмкіншілік ру тармақтары мен әкімшілік 
бөліктерге бөлу болса оларды белгілі бір жерге отырықшыландыру әдісімен 
ру аралық туыстық сезімінің оянуын тежеп, төмендету» болып табылады – 
деген саясат ұстанды.
Далалық облыстарды басқару жөніндегі ережені қабылдай отырып, саяси-
заң жолымен қазақ жерін Ресей империясының мемлекеттік меншігі етіп тану 
кезеңі аяқталды және осыларды іске асыру жолында, қазақ жерін іс жүзінде 
толық отарлау үшін әртүрлі саяси-әкімшілік шаралар жүзеге асырылды. 
Мысалы, Сібір темір жолы, Столыпиннің аграрлық реформасы, жердің бір 
бөлігін орыс-казактардың зейнетақылық қорына беру үшін жерді жаппай алу 
сияқты шаралардан көруге болады.
Ал, 1862 жылы қазақ даласындағы жергілікті халықтың әдет-ғұрпы 
мен билік жүйесін зерттеу мақсатында ұйымдастырылған И.Яценконың 
экспедициясының құрамында болған Шоқан Уәлиханов қазіргі Жаңаарқа 
ауданындағы Жұбан ана күмбезі туралы оны сол өлкеге белгілі Қараағаш 
дейтін жерден 57 шақырым қашықтықта деп атап көрсеткен (4).
Ресей үстемдігіне дейін Жаңаарқа өңірі тұрақты елді мекені болмағанымен, 
белгілі қазақ ру-тайпаларының жаз - жайлауы, қыс – қыстауы болған. Сонымен 
қатар, Жаңаарқа жерін басып, Ұлы Жібек жолының көп тармағының бірі – 
Кендірлі көш жолы өткен. Ертеде Есіл мен Ертістің бойындағы қимақ, қыпшақ, 
қарлұқтарды, бертінде Орта жүз руларын Түркістан өлкесімен байланыстырып 
тұрған күретамыр іспеттес бұл жол Ақмола маңынан басталып, Құланөтпес 
арқылы Байатар көліне, одан Қарағашқа бірақ түсетін болған. Қарағаштан әрі 
оңтүстікке қарай жол Жосалы өзенінен өтіп, Қаржаспайдың бейітін басып, 
Үлкен Толағайды айналып, Сарысудың өткеліне келеді. Жолдың одан арғы 
бағыты – Тілеміс бейіті, Ақбастау көлі, Тоқабай құдығы, Бозкөл, Қаракөл, 
Тасқұдық, Топар бейіті, Қызылеспе арқылы Үшкөлге шығады. Бозқақ тұзынан 
кейін шөлейіт басталып, жол құм арасымен жүреді. Тобылғылықоңыр, 
Жиделіқоңыр, Борсыққұмды кешіп, Сәмен құмына түскенде Бетпақ шөлінің 


82
солтүстік табанынан шығады. Дәл осы тұсты Кендірлі деп атайды, осы 
жердегі бұлақ та Кендірлі аталады. Кендірліден батысқа қарай он шақырым 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет