Қарағанды облысы топонимдері Нұр-Сұлтан, 2020 Т. Аршабеков



Pdf көрінісі
бет31/182
Дата04.11.2023
өлшемі7,57 Mb.
#189322
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   182
Бурутал,
Конырадыр, 
Актаста, Чортандах, Батпаку, Тузды карасу, Айтын карасу, Белагач»
– деп 
көрсетіледі. Бұл жерлерді де ертеректе Нияз батырдың қоластында болған 
Алтай-Сайдалы рулары мекендеген.
Мәшһүр Жүсіп бабамыз жазып кеткен Абылай туралы «Абылай аспас 
Сарыбел» деген аңыз әңгіме тіл ұшына тағы орала кетеді.
«Сарыарқаның кімдікі екендігі туралы» еңбегінде Мәшһүр Жүсіп көбінесе
аграрлық мәселе төңірегінде сөз қозғап, тереңнен сыр шертеді. Отарлау 


89
саясатының салдарынан мал өрісі тарылып, ел арасында арандатушылықтың 
кең өріс алғанын сынға алады. Қалай дегенмен де «Сарыарқаның кімдікі 
екендігі туралы» еңбегі бірнеше нұсқадан тұрғанымен де көтерген мәселесі 
мен мазмұны жағынан бір мақсатты көздегені ақиқат. Себебі Мәшһүр Жүсіпті 
осы кітапты жазуға итермелеген қоғам заңдылықтары болса керек. Себебі ол: 
«Сарыарқаның кімдікі екенін әйгілеу үшін ...», – деп, мынадай өлең жолдарын 
жазады:
Айырылған біздің қазақ Есілінен,
Өзінің болған емес кесірінен.
Жер-мүлкі шаруаның қызықты еді
Қойнында құшақтаған жесірінен.
Адасып осы күнде қазақ қалды
Бұрынғы ата-баба рәсімінен.
Жылқыға керек жерге егін салып,
Жер жыртып, мұжық қалмас кәсібінен.
Жайлауы баратұғын тарылған соң,
Айырылды мал да, жан да несібінен.
Мұжықтың кесірінен қыс көбейіп, 
Кеміді төрт түлік мал өсімінен.
Зынданда не шаһбаздар нақақ жатыр,
Ұлықтың қылған зорлық кесімінен.
«Сарыарқаның кімдікі екендігі туралы» еңбегінде жер су аттарының шығу 
тегіне тоқтала келе, жердің бабаларымыздан аманат болып жеткенін ескертеді. 
Мәшһүр Жүсіп: «... Бұл қазақ иесіз жатқан жерге текке келіп ие болған жоқ. Ақ 
найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен кеше қаракерей Қабанбай, қанжығалы 
Бөгенбай, Қаздауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек замандарында жаннан 
кешіп, сусын орнына қызыл қан ішіп, жаумен алысып, жатпен соғысып, 
күні-түні атысып, қара қанға батысып, шыбын жанын нысанаға байлап, не 
маңғаз сарбаздардың жау жолында оққа ұшырап өліп, сөйтіп алынған жер 
еді»,-деп, Сарыарқадағы жерлердің киелілігі, батырлардың ошағы – ерлік пен 
батырлықтың куәсі болуымен құнды екенін жазады[7]. 
Айырылды біздің қазақ Нұрасынан,
Атаның мекен салған мұрасынан.
Законды жылқышы мен қойшы білді
Үйреніп мал қамайтын қорасынан.
Жұмысы партияның қуаттанды,
Халық-жұрттың жаман ырым жорасынан.
Ақша үшін ауызы ашылған жүзқараның
Сөзі жоқ айтар түзу турасынан.


90
Әртүрлі қысымшылық болып еді,
Сасқандай жұрт жаңылып тобасынан.
Халқына мархабатты сөзін естіп,
Патшаны жұрт тастамас дұғасынан.
Орысқа мынау жерің керек десе,
Әркім-ақ жылап көшті ұясынан.
Ұлыққа бізден барып арыз айту
Шыңның да қиын еді-ау қиясынан.
Ұлықтың құзырына қалам тартқан
Айта алсаң, болар ердің сиясынан.
Қазақтан баса көктеп жер алуды
Әдет қып алып еді крестьян.
ХІХ ғасырдың 60 жылдарының аяғындағы реформаға дейін Нұра, 
Осакаров аудандары территориясын мекендейтін қазақ рулары 1832 жылы 
құрылған Ақмола сыртқы округінің құрамында, ал Ботағара ауданын 
мекендейтін қазақ рулары жартылай Ақмола, жартылай 1833 жылы құрылған 
Баянауыл, жартылай 1824 жылы құрылған Қарқаралы сыртқы округінің 
территорияларын жайлап жатты.
ХІХ ғасырдың орта тұсындағы аталған аудандарды мекендеген қазақ 
рулары туралы мәлімет 1839-41 жылдардағы архив құжаттарында сақталған.
Бұл құжаттардың бірінде Ақмола сыртқы округінің құрамына кіретін 
қазақ рулары болыстарының билеушілерінің тізімі берілген[8]. Тізім 1839 
жылдың 22 сәуірінде жасалған. 
Келесі бір архивтік құжатта Ақмола сыртқы округінің құрамына кіретін 
қазақ болыстарының тізімі әр болыстағы ауыл мен үй саны және рулардың 
жазғы жайлау, қысқы қыстаулары туралы мәліметтермен бірге көрсетілген. 
Құжат 1841 жылдың 2 қазанында басталып, 29 қарашада аяқталға[9]. Бұл 
деректен шығаратын қорытынды – қазақтың бір ғана руының көші қамтитын 
жерлерінің радиусын алмай-ақ, тек жазғы жайлауы мен қысқы қыстауының 
ара қашықтығын алып қараса, 150 ден 300-400 шақырымға дейінгі жерді алып, 
негізгі қоныстары жоғарыда аталған аудандар территориясында болмаса да,
көшу барысында осы территорияларға дендеп кіріп, өзендер мен көлдерді 
бойлай көшіп, төсекте басы, төскейде малы қосылып, аралас-құралас тіршілік 
етіп жатқанын көреміз.
Келесі бір 1865 жылғы архив құжатында Ақмола округінің құрамына 
кіретін болыстар, оларды құрайтын қазақ руларының жазғы көші мен қысқы 
қоныстары, ауыл, ондағы шаңырақ пен ер және әйелдердің саны тізілген[10]. 
Cайдалы –Алтай болыс билеушісі Қаңтапбай Меңдекин. Рулары Нияз 
Қуандық Айтқұл Әжібай, Қабай бұлардың ішіндегі беделді ру- Нияз себебі 
басқа рулар осы атаумен аталған. Жазғы жайлаулары: Сарысу, Нұра, Есіл, 


91
Құндызды, Құланөтпес, Құдайменді, Қарасу, Есен Көкбекті өзендері бойы 
Шалқоңыр, Сасықтал, Манақа, Ақтас, Ескене, Құлынды, Жыланды Бүйректал 
өзендері Ақтасты, Шортанды, Батпақ Тұзды деген жерлер. Бүйректал өзені 
осы Тоқсымақ көлінің оңтүстік батысында орналасқан. 
Келесі бір аңғаратын мәселе – көштің тарылуы. Мысалы, 1860 жылдарға 
дейін қазақ рулары оңтүстіктен солтүстікке, оңтүстік шығыстан солтүстік- 
батысқа және керісінше бірнеше болыстың аумағын кесіп өтіп, даланы 
ен бойлап, жайлап жүрсе, енді өз болысының шеңберінен шығуға тиым 
салынғандықтан, қыстауынан алыс шыға алмайтын болған. 
Ақмола ояздығы бойынша барлық қазақ ауылдарының саны ХІХ ғасыр 
соңында 2503-ке жетті. Арғын баласы Қуандық рулары Есіл өзенінің басында 
да, орта ағысы бойында да ауыл-ауыл болып отырды. Ақмола айналасындағы 
көлдер, Нұра, Құланөтпеске дейін, Қуандық балаларының жерлері Бетпақ 
даланың шөлдерінде де жатты. Шерубай-Нұра өзені бойындағы атаулар 
Ұлытау жерлерінен келді. Есіл өзен бойындағы Арғын баласы Қуандықтың 
рулары Қорғалжында да отырды. Мұнда Қуандықпен Сүйіндіктің бір 
тармағы, сондай-ақ Атығай мен Қыпшақ рулары болды. Қуандық балалары 
Ертіс жағынан да, қарқаралы ояздығы жағынан да Ақмола төңірегіндегі 
ағайындарына таянып отырды.
Арғынның үлкені Мейрам сопы балаларының жолы тек арғын ішінде ғана 
емес, сондай-ақ жалпы Орта жүз ішінде алдымен тұрды. Бұл туралы атақты 
ақын Нұржан Наушабайұлы былай жазды:
Бегендік, Шегендікке және келдік,
Қуандық мырза төртінші би Сүйіндік,
Үш жүздің баласы бас қосқанда,
Байлық, бақыт осыларда, һәм үлкендік – деп.
Рулар туралы шежірелік таным бір жағынан тарихи білім болса, бір 
жағынан рухани тірек, сондай-ақ билік жүргізу, саясат пен идеологияның 
іргелі негізі болған.
Төртуыл одағын құрған басты 12 рудың ауылдары сегіз болыстықты 
құрап, Баянауыл дуанының таулы жерлерін мекен ететін болған. Ал олардың 
көш бағыттары мен көш жолдары, жалпы жазғы көштің шекаралары, Ақмола 
округының шығыс шекарасындағы Орынбор даласына дейін жалғаса беретін 
болған. Бұлардың ішінде алдымен Құлыке-Қаржас руының аты аталады[11]. 
Құлыке-Қаржаста Телі, Әлімбет және Ойым сияқты ірі 3 тарам ел бар, 
барлығы тоғыз атадан құралады. Телінің ішінде Анай, Талас, Тоқсан сияқты 
үш үлкен атаның орнына енді Мырзағұл, Құдайқұл, Құл, Таз, Жәдігер, 
Байқонды, Кенжебай, Елгелді сияқты кіші аталардың ұрпақтары өсіп-жетіліп 
жеке-жеке руға айнала бастаған. Олардың ішінде ең ауқаттысы – Мырзағұл 
ұрпақтары. Қалған аталар да мырзағұл атануға тырысады. 


92
Әлімбеттің ішінде бұрын болған Қасаболат пен Дәулет сияқты екі үлкен 
атаның орнына енді оның ұрпақтары өсіп-жетіліп, Қасаболаттың балалары 
Жапақ, Жайнақ, Жайпан, Жылқыайдар, Табылдымен Бапақ және Дәулеттің 
Байболат, Жиенәлі, Ақша, Маман, Манақ сияқты кіші аталары да жеке руға 
айналуға таянған. 
Мойын-Алтай болысының қыстау мен көш жерлері, жайлаулары: Ботақара, 
Шешенқара, Елтоқ Шат, Қызылжар, Нұра, Есіл, Құндызды, Қарағанды, 
Қоянды, Көкпекті; қыстаулары – Енем-Түнқатар ауылы қыстауларымен бірге. 
Мұрат руы Сасық Қопа, Соқыр, Сораң және Байдәулет.
Тасболат руының қыстау жерлері – Саумалкөл, Қарағанды өзек құдығы, 
Тілеушоқы, Шідерті, Өлеңті, Қаракөл, Аюлы Нияз, Тоқсымақ көлі, Есіл, Айғай 
төбе, Қоянды, Анай тасы, Бұйрат, Мокше; жайлау жерлері – Далба, Бүркүтті, 
Көкдомбақ, Шідерті, Керегетас, Жыланды, Шолақтас.
Қазақ даласына қоныстанушылардың келе бастауы бірнеше сатыдан 
тұрады. Алғашында қоныстанушылар өз еріктерімен келе бастаған. Мемлекет 
тарапынан бұл мәселені қолға алу XVІІІ ғ. басындағы Ресей шекарасын 
қорғау мақсатында бекіністер мен казактың әскери шептерін сала бастаудан,
ХІХ ғасырдың 30-шы жылдары Мемлекеттік Мүлік Министірлігінің басшысы 
гр. Киселев қолға алған, аз көлемдегі мемлекеттік крестьяндарды қоныс 
аудару арқылы іске асқан болатын. Өлкені отарлауға орыстарды жер аудару 
да қызмет етті[12]. 
Бірақ, ХІХ ғасырдың ортасындағы реформадан кейін де стихиялы қоныс 
аудару, мемлекеттік қоныс аударудың алдында жүрді. Қоныс аудару ісін 
жоспарлы түрде іске асыруға мемлекет тек 1885 жылы ғана, алғашында 
әкімшілік тұрғысынан, ал 1889 жылдан бастап заң жағынан да араласа 
бастайды. 1890 жылдың басынан бастап Сібірді (Қазақстанды) қоныстандыру 
ең алғаш рет мемлекеттік мәнге ие болды. Қоныстандыруды жалпы басқару 
Патша мұрагерінің председателдігімен құрылған Сібір темір жолы Ерекше 
Комитетіне жүктелді. 
Крестьяндарды крепостной құлдықтан босатқан 1861 жылдан 1885 
жылға дейін Оралдың бер жағына (Қазақ даласына қарай) 300 мың қоныс 
аударушылар келген. Келесі 20 жылда (1885-1905 жылдары) – 1 млн 520 
мың 750 қоныс аударушылар келген. Ал соңғы 5 жылдың ішінде (1906-1910 
жылдары) – қоныс аударушылар саны 2 млн. 516 мың 75 адамға жеткен.
Сонымен қоныс аударудың бір жылғы орташа көлемі бірінші кезеңде
(1861-1885 жылдары) – 12 000 адамды құраған, екінші кезеңде (1885-1905 
жылдары) – 6 есе өсіп, 76 000 адамға жеткен, ал соңғы кезеңдегі бесжылдықта
(1906-1910 жылдары) – бір жылда орташа есппен қоныс аударушылардың 
саны 500 000 адамға жеткен.
Қоныстанушылар алғаш келіп қоныстана бастағанда участоктер жергілікті 


93
жердің атымен аталған. Кейін жиналыс ашып, келімсектер өз атауларын 
қойып, өзгертіп отырған. 
Тоқсұмақ көлі ХІХ ғасырдың екінші жартысы. РФ. Омбы облыстық тарихи 
архиві қ 198. т 1, 1 б.


94


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет