Спасск болысы, Жартас учаскесінің картасы 1907 жыл
109
Ақмола уезі, Баймырза телімінің картасы 1903 жыл
110
Ақмола уездінің картасы.
Құрастырушы А.А.Козырев, 1907 жыл.
111
XX ғасырдағы әкімшілік‑аумақтық өзгерістерге байланысты
Қарағанды облысының елді мекендерінің атауы
1920 жылғы 26 тамыз бен 1928 жылғы 17 қаңтар аралығындағы әкімшілік-
аумақтық құрылым тарихы
(губерниялық бөлініс). Абай ауданының аумағы
1921 жылғы 25 сәуірден бастап бұрынғы Ақмола облысынан ауыстырылған
Ақмола губерниясының Ақмола уезіне қарады. Ол кезде бұл аудан орталығы
Больше-Михайловка деген жерде орналасқан Қарағанды болысы деп аталды.
Бұл болыс «көшпелі» болыстар категориясына жатқызылды, яғни оның негізгі
тұрғындары көшпелі қазақтар болды, [П-44, 25-27].
Ақмола губерниясы 1921 жылы 25 сәуірде Ақмола уезінің 75 болысынан,
Атбасар уезінің 51 болысынан, Көкшетау уезінің 63 болысынан және Петропавл
уезінің 44 болысынан құралды. 1923 жылдың қаңтарында болыстарды іріктеу
науқаны жүрді. Ақмола уезінде 1924 жылғы қараша айының мәліметі бойынша
19 болыс қана қалды.
88
Жаңаарқа жерінде болыстарды ірілендіру бұдан да ертерек басталған
болатын. 1921 жылы қаңтар мен наурыз аралығында Сарыкөл мен Шонай
болыстары Үшабыз болысы болып қайтадан ұйымдастырылды. Осы жылдың
шілде айында Айнабұлақ болысы Атасу болысына, Мұңлы болысы Қосағалы
болысына, қыркүйек айында Еркесай болысы Нілді болысына қосылды.
1923 жылы 26 қаңтарда Ақтау, Алабас, Ортау, Сарытау, Нілді болыстары
Асанқайғы болысының, Жыланды, Көнек, Қарағаш болыстары Сарыарқа
болысының құрамына кірді. Қарақыз, Шу, Көктас болыстарынан Шу болысы
ұйымдастырылды. Қойтас, Шажағай, Сораң болыстары Сарысу болысымен
бірікті. 1923 жылы 6 наурызда бұл болыстарға Қосағалы болысы қосылды.
Сарыарқа болысының орталығы болып – Нұрадағы Захаровка, ал Сарысу
болысының орталығы болып – Атасу мекендері бекітілді.
1923 жылы 26 қаңтарда Байдәулет, Құмкөл, Шарықты, Шерубай-Нұра
болыстарын орталығы Болыне-Михайловка болған Қарағанды болысының
құрамына қосты. Бұғылы болысы Қарағанды мен Нұраға; ал Спасск Ақмола
мен Қарағандыға қарады;
Астаховская, Больше-Михайловская, Долинская, Покорная, Просторная
және Ростовская болыстары Промышленный болысының құрамына енді.
Яғни, қазіргі Абай ауданының негізгі бөлігі (негізінен бұрынғы Мичурин
ауданы) осы кезден бастап Промышленный болысына қарады. Орталығы 1924
жылдың 4 қыркүйегінен бастап Болыне-Михайловка селосына ауыстырылды
[П-44, 29-30].
1928 жылғы 17 қаңтар мен 1930 жылғы 17 желтоқсан аралығындағы
әкімшілік-аумақтық құрылым тарихы (округтік бөлініс).
1928 жылдың
88
Аршабеков Т., Қожахмет М., Ісләмұлы І. Жер жанаты - Жаңаарқа. Қарағанды: , Гласир баспасы.
2010. – 350
112
17 қаңтарында Ақмола губерниясы таратылды. (БОАК 1928 жылы
3 қыркүйекте бекітті). Губернияның уездері мен болыстарынан Ақмола және
басқа округтердің аудандары құрыла бастады [П-44, 127].
Ақмола округі құрамында 15 аудан болып 1928 жылдың 17 қаңтарында
Ақмола губерниясының құрамындағы Ақмола, Атбасар уездері мен Семей
губерниясының құрамындағы Павлодар уезінің бөліктерінен құрылды [П-44,
183].
Енді қазіргі Абай ауданының аумағы жартылай Қарағанды мен,
Промышленный ауданына енді. Өзгеріс Промышленный ауданына қатысты
болды. Оның құрамына 1925 жылы 12 қазанда Захаровская мен Черниговская
болыстарынан құрылған Объединенная ауданының бір бөлігін қосты [П-
44, 127-128]. (Ал 1923 жылы 26 қаңтарда Захаровская мен Черниговская
болыстарының құрамына Киев болысының аумағы қосылған болатын.
Жыланды, Қараағаш, Көң болыстары жаңадан құрылған, орталығы Захаровка
селосы болған,* Сарыарқа болысына қосылды [П-44, 29]. 1928 жылдың 17
қаңтарынан бастап Нұра мен Сарыарқа болыстары қосылып, Нұра ауданын
құрады. [128].)
1928 жылы Қазақстан төрт буынды басқару жүйесіне (ауыл – аудан – округ
– орталық) көшті. Республика көлемінде 13 округ, 180 аудан құрылды. Ақмола
округіне қарасты 15 ауданның бірі – Асанқайғы ауданы бұрынғы Асанқайғы
болысынан және Сырдария губерниясына көшпей қалған Сарысу болысының
ауылдарынан ұйымдастырылды. Сарыарқа болысына қосылған Қарағаш,
Көнек, Жыланды болыстары Нұра ауданының құрамына енді.
1928 жылы 17 қаңтарда Қазақстанның ІІ Пленумында аймақтық партия
комитеті қаулысы бойынша «Қазақстанды аудандыру» жөнінде әкімшілік
территориялық 3 звенолық жүйеге бөлінді; яғни округ - район - город; село
- аул. 1928 жылы 17 қаңтарда Қарқаралы болыстық уезінен Семей облысына
Қарқаралы округі құрылды. Оған 7 аудан енді.
1928 жылы 17 қаңтарда Қазақстанның аймақтық партия комитетінің
«Қазақстанды аудандыру» жөніндегі қаулысы бойынша әкімшілік-аймақтық
3 бөлімдік жүйеге бөлінді; округ - аудан - қала; село - аул. 1928 жылы 17
қаңтарда Қарқаралы округі болып құрылып, Семей облысының құрамына
кірді, округтің қарамағында болды.
1928 жылы Қарқаралы уезінің құрамы төмендегідей еді: Абыралы, Ақсары
– орталығы Карбышев селосы, Бауыр – Борлы, Дағандал, Берікқара, Дегелең,
Қатон – Балқаш, Кедей – Тоқырау қойнауы, Кент, Қызылтау – Қызылтау
мекені, Қу, Мендеш, Темірші, Шет – Мойынты жері, Шұбартау, Едірей.
1929 жылы КСРО Орталық Атқару Комитетінің Президумының
шешімімен аймақтарда округтер құру қабылданды. Өз кезегінде округтік
басқару жүйесі аудандарға берілді. Ал бұл жағдай ауданнан ауылдық кеңес
113
жүйесіне берілді. Барлық қаралған қарарларда жергілікті әкімшілік басқару
жүйесінде аудандық жергілікті әкімшілік жүйесін дамытуға баса көңіл бөлінді.
Елдің аудандастыру жүйесін тұрақтандыру мақсатында әкімшілік-аймақтық
жаңа өзгерістер енгізуді талап етті. Яғни экономикалық даму жағынан әлсіз
аудандарды қысқартып, жаңа аудандастыру жүйесіне көшу саясаты жүргізілді.
Бұрынғы 180 ауданның орнына 121 аудан құрылды.
1929 жылы 16 тамызда Асанқайғы аты өзгертіліп, С.Сейфуллиннің
ұсынысы бойынша, аудан Жаңаарқа деп атала бастады.
89
Қазіргі Қусақ селосы 1928 жылдан бастап құрыла бастаған. Ол 2-3
үй біріктіріліп артель болған. Көшпелі ауыл 1931-1932 жылдары Қусақ
өзені бойында қыстау салып, жаз тоқырауын жағасына егін салып алғаш
коллективтік шаруашылықтар ұйымдастыра бастаған еді. Алғашқы «Қопа»,
«Таң», «Берке» үш серіктестік ұйымдастырылған.
1928 жылғы Бүкілодақтық мал-жан санағының қорытындысы бойынша
Ленинградтан шыққан «Весь Казахстан» деген жинақта «Коунрадский район»
имеет 6417 хозяйств, с 29951 чел. населения: из них казаков – 29921 (99,9%),
европецев – 30 (0,1%) деп көрсетілген (18). Бүгінше де Ақтоғай ауданының
көлемі осы мөлшердегі кең алқап.
17 желтоқсан 1930 жылы ВЦПК-ның қаулысында 1930 жылдың 23
шілдеден Қарқаралы округі жойылды. Жойылудың нәтижесінде Берікқарадан
және Кувск аудандарын аймақтық бөлуде, яғни бұрын Қарқаралы аймағына
қараған, ал 1930 жылы 1 қыркүйек жекелеген Қарқаралы ауданы болып
құрылды.
Алғашқы бесжылдық жылдары Қазақстандағы өнеркәсіп және теміржол
құрылыстарының өркен жаюы, жаңа совхоз, колхоздардың бой көтеруі, жаңа
өндіріс және ауыл шаруашылық орталықтарының пайда болуына себепші
болды. 1930 жылы 1 қаңтарда райисполком бөлімі ретінде Қарқаралы қалалық
кеңесі құрылып, осы жылы жеке бөлініп шықты.
1930 жылы 17 желтоқсанда БОАК-нің 1930 жылғы 23 шілдедегі
каулысының негізінде Ақмола округі таратылды. Ал оның аудандары
ірілендірілді: Жаңаарқаның бір бөлігі -Қарағандыға, Қарағандының бір бөлігі
- Ақмолаға; Коммунистический - Ақмола, Қарағанды және Еркіншілікке;
Промышленный - Қарағанды мен Нұраға қосылды.
Яғни, осы өзгертулердің нәтижесінде қазіргі Абай ауданының барлығы
дерлік аумағы орталығы Көкөзек поселкесі болған Қарағанды ауданына енді.
[П-44, 183-184].
1930 жылғы 17 желтоқсан мен 1932 жылғы 20 ақпан аралығындағы
әкімшілік-аумақтық құрылым тарихы (аудандық бөлініс). 1930 жылы 17
желтоқсанда БОАК-нің 1930 жылғы 23 шілдедегі қаулысының негізінде
89
Аршабеков Т.Т, Ісләмұлы І. Жаңаарқа тарих толқынында. Қарағанды: Гласир баспасы. 2014. –
450 б.
114
округтік бөлініс таратылып, онда, жартылай жаңа аудандар құрылып, 1929
жылы ірілендірілген аудандар алынған аудандық бөлініс енгізілді. 1932 жылғы
20 ақпаннан бастап құрылған аудандар 6 облыстың құрамына енді. (БОАК
1932 жылы 10 наурызда бекітті).
Енді, қазіргі Абай ауданының аумағы орталығы Қарағанды қаласы болған
Қарағанды ауданына қарады. [П-44, 212-213].
1931 жылы 20 наурызда Қарағанды ауданы орталығы Спасск
заводы болған Тельман ауданы деп аты өзгертілді. Ал 1931 жылы 22 мамырда
орталығы Токаревское селосы деп өзгертілді. [11-44, 216]
1931-1933 жылдары біршама өзгерістер болды. 1931 жылы 11 және 12, 15
және16 ауылдық кеңестер бірікті. Ал 1932 жылы 18-17-ші ауылдық кеңестер
бірігіп, 1933 жылы қала маңындағы ауылдық кеңестер, яғни Ерназар және
Жаңабота ауылдық кеңестері құрылды, сондай-ақ 21 ауыл совет Хорошевский
ауыл советіне қосылды. 1933 жылы ауданда тұрғындардың саны біршама
азайды, соған байланысты жаңа аудандастыру жобасы бекітілді. Әр ауылдық
кеңестерге нөмірленген ауылға өз аттары берілді:
№1, 2, 3 - Бидайық,
№4, 5 - Көктөбе,
№6 - Сартов,
№7 - Бадыран,
№8 - Ораз,
№9, 10 - Кент,
№11, 13, 14 - Милыбұлақ,
№15, 16 - Кеңестас,
№17, 18 - Калинин,
№19, 20 - Бесоба,
№21 - Қала маңы «Қызыларай» деп аталынды. Хорошевскийден 2 ауыл
совет құрылды. (Хорошевский және Теміршін).
1932 жылы ақпанда жаңа әкімшілік-аймақтық бөліністе Қазақстанда 6
облыс құрылды. Олар әр шаруашылықтың кәсіптік дамуына қарай бөлінді.
Қарқаралы ауданы Шығыс Қазақстан облысының құрамына енді.
1932 жылғы 20 ақпан мен 1936 жылғы 5 желтоқсан аралығындағы
әкімшілік-аумақтық құрылым тарихы (облыстық бөлініс).
1932 жылы 20
ақпанда құрамында 23 ауданымен Қарағанды облысы құрылды. (БОАК 1932
жылы 10 наурызда бекітті),
1932 жылы Қазақстанда облыстар құрылуына байланысты, Жаңаарқа
ауданы Қарағанды облысының құрамына кіріп, орталығы Атасу селосы болып
бекітілген еді.
1932 жылы Қазақстанда облыстар құрылуына байланысты, Жаңаарқа
ауданы Қарағанды облысының құрамына кіріп, орталығы Атасу селосы болып
115
бекітілген еді. 1933 жылдың көктемінде ашаршылықтан аман қалған бұрынғы
9 ауылдың халқы бас құрап, ТОЗ, мойынсеріктерге ұйымдасты:
№1 ауыл – Қаражартас, Еркіндік, Еңбек;
№2 ауыл – Қызылшоқы, Өркендеу, Өндіріс, Келтетал;
№3 ауыл – Жеткіншек, Игілік, Жаңақұрылыс, Ұйымшыл, Кәсіпшіл,
Жаңаталап, Төртқұдық, Көкөзек, Тегістік, Егіндікөл, Бестоған;
№4 ауыл – Үлгілі, Талдыбұлақ, Ленин, Оқкөмген, Қызылоба;
№5 ауыл – Атасу, Өрнек, Ақтүбек;
№6 ауыл – Алғабас, Сарыөзек, Бозоба, Қаракөл, Балға, Бірлік, Жаңажол,
Тілеке, Жартас, Көккемер;
№7 ауыл – Қарағаш, Ынталы, Қосшоқы;
№8 және №9 ауылдар – Тасжарған, Қамысмола, Жаңатілек, Түгіскен,
Қаражартас, Айбат, Жиделі, Тобылғылы, Маркс, Жарық, Құрамыс, Қарсыадыр
мойынсеріктеріне топталды.
1932 жылғы 20 ақпанда Орталық Атқару Комитеті 1932 жылғы 10 –
наурызда бекіткен, аудандар жаңа құрылған облыстардың құрамына енген.
Сол тізімде – 63 – Қоңырат-Ақтоғай селосы болды.
Осы аталған құжаттармен 1932 жылы 20 – ақпанда құрамында 21 ауданы
бар Алматы облысы құрылған аудандар қатарында – 15 Қоңырат-Ақтоғай
селосы болды.
1933 жылы аштық зардабынан облыс көлемінде біршама өзгерістер болды.
Соның бір мысалы Қарқаралы ауданының тұрғындарының саны біршама
азайды, соған байланысты жаңа аудандастыру жобасы бекітілді. Әр ауылдық
кеңестерге нөмірленген өз аттары берілді, олар Бидайық, Көктөбе, Сартов,
Бадыран, Ораз, Кент, Милыбұлақ, Кеңестас, Калинин, Бесоба, Қызыларай деп
аталды.
1934 жылы Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының
Орталық Комитетінің қаулысына сәйкес Жаңаарқа ауданы Қарқаралы
округінің құрамына енді, ал 1936 жылы 29 шілдеде ол округтің жойылуына
байланысты аудан қайтадан Қарағанды облысының құрамына берілді.
1934 жылы Қоңырат ауданы Қарқаралы округінің құрамына енді, 29 шілде
1936 жылы ол округтің жойылуына байланысты аудан қайтадан Қарағанды
облысының құрамына берілді. Бұрын таратылған 24 серіктестік таратылып
қайта ұйымдастырылып, колхоздар құрылды
1934 жылы 19 шілдеде ҚазССР ОАК-нің қаулысымен Қарқаралы ауданына
Баянауылдан 3 ауыл берілді Жаңақала, Корнеев, Үлгі. Осы жылы Қарқаралы
ауданында 19 ауылдық және селолық кеңестер болды. Бесоба, Бадыра,
Милыбұлақ, Тельман, Көктөбе, Комсомол, Еңбек, Темірші, Жарлы, Серік,
Ораз, Қызыларай, Кент, Құлболды, Сарт, Бидайық, Қаршығалы.
1934 жылы 20 шілдеде Қазақстан Орталық Комитетінің инициативасымен
116
және талап етуімен ұйымдастырылып, Қарқаралы аймағына аударылды.
1935 жылы 19 шілдеде Қаз ССР ЦИК-нің қаулысымен Қарқаралы
ауданына Баянауылдан 3 ауыл берілді. Жаңақала, Корнеев, Үлгі – 1938 жылы
17 ақпанда ВЦИК-ның президиумының қаулысымен Ворошиловский және
Дмитриевский, сондай-ақ жаңадан құрылған Ворошилов ауданына берілді.
1936 жылы Корнеев ауыл советінің орталығы 5 ауыл Дмитриевский ауылдық
кеңес деп аталды. 1935 жылы Қарқаралы ауданында 19 ауылдық және селолық
кеңестер болды.
№1 - Бесоба,
№2 - Бадыран,
№3 - Милыбұлақ,
№4 - Тельман
№5 - Көктөбе,
№6 - Комсомол,
№7 - Еңбек,
№8 - Теміршін,
№9 - Жарлы,
№10 - Серік,
№11 - Ораз,
№12 - Қызыларай,
№13 - Кент,
№14 - Күлболды,
№15 - Сарт,
№16 - Бидайық,
№17 - Қаршығалы.
1936 жылы 29 шілдеде одан Солтүстік-Қазақстан облысы бөлініп шықты,
ал Қарағанды облысының орталығы Қарағанды қаласына көшірілді. (алдында
орталық Петропавловск қаласы болған) [П-44, 230]
1936 жылы 29 шілдеде Қарқаралы округі таратылып, оның аудандары
Қарағанды облысының құрамына берілген. Онда 4 Қоңырат-Ақтоғай селосы
деп көрсетілген.
Сол уақыттағы деректерге қарағанда аудан орталығында 230-ға тарта үй
болған екен, халқының саны алты жарым мыңдай болған.
Қазіргі Абай ауданы алдыңғыдай орталығы Токаревка селосы болған
Тельман ауданының құрамына енді [П-44, 231].
Қазіргі Абай ауданының аумағы 1973 жылдан бастап орталығы қала
типтес поселок Топар болған Мичурин ауданына енді.[П-44, 407]
1936 жылға дейін Қарағанды облысының орталығы Петропавл (Қызылжар)
қаласы болып келді. Жаңаарқа ауданының ол кездегі жер көлемі 99 мың
шаршы км. еді. Ауданға қарасты 3 жұмысшы поселкесі, 9 ауылдық кеңестер
117
болды (Атасу, Бірлік, Жарық, Қарағаш, Қарауылтөбе, Сталин, Қызылшоқы,
Талдыбұлақ, Түгіскен). Атасу селосы поселке атағын 1941 жылы ғана
иемденді.
Жаңаарқа ауданының әкімшілік өзгерісі 1939 жылы аудандық атқару
комитетінің президумының қаулысына сай өзгертілді.
1. Сталин атындағы ауыл советі Еңбек, Қаражартас, Қоғамшыл, Еркіндік
колхоздары.
2. Жеткіншек ауылдық советі – Жеткіншек, Ұйымшыл, Сарыөзек,
Еңбекшіл колхоздары.
3. Жаңаарқа поселкелік советі аудан орталығы.
Жаңаарқа ауданының әкімшілік өзгерісі 1939 жылы аудандық атқару
комитетінің президиумының қаулысына сәйкес өзгертілді.
1. Сталин атындағы ауыл советі Еңбек Қаражартас, Қоғамшыл, Еркіндік
колхоздары және 14 километр.
2.
Жеткіншек ауылдық советі – Жеткіншек, Ұйымшыл, Сарыөзек,
Еңбекшіл колхоздары.
3. Жаңаарқа поселкелік советі-аудан орталығы.
Жаңаарқа аудандық атқару комитетінің президиум қаулысы: №13, 1939 ж.
Аудандау.
Ауыл шаруашылығы Министірлігі мен Қазақ ССР Министірлер Кеңесінің
жанындағы ауыл шаруашылығы құрылысы басқармасының 1950 жылғы
қарашадағы қаулысына сәйкес, аудандағы 29 колхоз ірілендіріліп, 11 колхоз
болып қайта құрылды
:
1. Еркіндік – Еркіндік, Еңбек, Қаражартас колхоздарының негізінде.
2. Алғабас – Алғабас, Сарыөзен, Бірлік колхоздарының негізінде.
3. Ленин атындағы – Үлгілі, Ленин, Талдыбұлақ колхоздарының негізінде.
4. Киров атындағы – Киров, Ұйымшыл, Жаңаталап, Тегістік колхоздарының
негізінде.
5. Ынталы – Ынталы, Қарағаш, Қосшоқы колхоздарының негізінде.
6. Жеңіс –Жеңіс, Түгіскен, Коммунар колхоздарының негізінде;
7. Ынтымақ – Ынтымақ, Жеткіншек колхоздарының негізінде;
8. Өркендеу – Өркендеу, Қызылшоқы колхоздарының негізінде;
9. К.Маркс – К. Маркс, Жиделі колхоздарының негізінде;
10. Өндіріс – Өндіріс, Келтетал колхоздарының негізінде;
11. Атасу – Атасу, Ақтүбек колхоздарының негізінде құрылды.
12. 1936 жылдың 1 тамызында ВЦИК-ның қаулысымен «ҚазАССР-нің
жаңа облыстар құрылуымен» байланысты Қарқаралы округі тарап, жеке аудан
ретінде Қарағанды облысына қосылды. Аудандық басқару кеңесі 14 адамнан
құрылды. 1939 жылы 24 желтоқсанда жаңа Конституция негізінде Қарқаралы
ауданында еңбекші депутаттар Кеңесінің алғашқы сайлауы өткізілді.
118
13. Жаңа құрылған аудандық кеңестің алдында көптеген шаруашылық
және әлеуметтік мәдени құрылыстың мәселелері тұрды. Шаруашылықтардың
ерекшеліктері мен қажеттіліктерін еске ала отырып, Қарқаралы аудандық
кеңесінің І сессиясының 1-шақырылымында тиісті бөлім: Қаржылы-
бюджеттік; ауыл шаруашылық, мал шаруашылық, денсаулық сақтау; білім
беру, мәдениет, сауда, коммуналдық шаруашылық және қаланы көріктендіріп
жабдықтау: жол құрылыстары, мемлекеттік заңдылықтарды, сақтау
комиссиялары сайланды.
14. Қарқаралы өлкесі Қарағанды облысында кең алқапты алып жатқан
аймақ. Жер көлемі жағынан көптеген аудандармен шектесіп жатыр.
15. Қарқаралы аудан орталығы, шығыс және оңтүстік-шығыс жағынан
Семей облысының Абралы ауданы, Алматы облысының Шұбартау ауданы,
Қарағанды облысының Қу ауданымен шектесіп жатыр. Солтүстік, солтүстік-
шығыс бағытында Павлодар облысының Баянауыл ауданы және Ворошилов
аудандарымен шектескен. Батыс жағы Шет ауданы, оңтүстік жағында
Қоңырат ауданымен шекаралас орналасқан. Оңтүстіктен солтүстікке дейінгі
арақашықтығы шамамен 250 шақырым, шығыстан-батысқа қарай 180
шақырым.
16. Аудан құрамында 18 ауыл кеңесі кіреді: 1) Cартау, 2) Кент, 3) Бадран, 4)
Cерік, 5) Тельман, 6) Темірші, 7) Ақтайлақ, 8 ) Қызыл- арай, 9) Милыбұлақ, 10)
Комсомол, 11) Жарлы, 12) Бидайық, 13) Еңбек, 14) Құлболды, 15) Бесоба, 16)
Көктөбе, 17) Ленин, 18) Қаршығалы. Аудан орталығынан ауыл кеңестерінің
арасы 15 шақырымнан 150 шақырымға дейін жерді қамтиды.
17. Аудан бойынша 52 шаруашылық артелі жұмыс атқарады.
18. Колхоз аттары: 1) Новый путь, 2) Калинин, 3 ) Қарасу, 4) Тегісшілдік 5)
Төңкеріс, 6) Жаңабет, 7) Жаңа-негіз, 8) Беталыс, 9) 1 май, 10) Қарашоқы, 11)
Қызыл- ту, 12 ) Еңбексүйгіш, 13 ) Жоншілік, 14 ) Жаныбек, 15) Татыбай, 16)
Ленин, 17) Шатрағаш, 18 ) Фрунзе, 19 ) Жарбастау, 20) Томар, 21) Қарағаш, 22)
Үштөбе, 23) Кеңес, 24) Талап, 25) Мәдениет, 26) Жұмыскер, 27) Cаржал, 28)
Кенасу, 29) Чкалов, 30) Ынталы, 31) Қызыл ту, 32) Жаңа ауыл, 33) Жұмысшы,
34) Камком, 35) Комсомолшыңы, 36 ) Бидайық, 37) Қызылшоқы, 38 )
Кеңестас, 39) Ақшоқы, 40) Кеңес, 41) Жекежал, 42) Көктал, 43) Қызылшілік,
44) Ұзынжал, 45) Екпінді, 46) Қайнарбұлақ, 47) Теңдік, 48) Жаңаталап, 49)
Қызылжар, 50) Жаңатоғам, 51) Ұзынбұлақ, 52) Бірлік.
119
Достарыңызбен бөлісу: |