Қарағанды облысы топонимдері Нұр-Сұлтан, 2020 Т. Аршабеков



Pdf көрінісі
бет35/182
Дата04.11.2023
өлшемі7,57 Mb.
#189322
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   182
САМАРСКОЕ (Самарқан) 

 
бөген. Бөгеннің Самарка ауылына жақын 
орналасуына қатысты қойылған гидроним. Нұра ө. Бойында 1941 жылы 
салынды. Ұзындығы 20 км, ені 6,5 км, еңтерең жері 17 м қалыпты су деңгейі 
кезіндегі айдынының ауд. 84 км
2
, суының көлемі 260 млн м
З
, жағалау 
сызығының ұзындығы 56 км. Суы тұщы (жалпы минералд. 1 г/л), кермектеу. 
Өнеркәсіпке және ауыз су ретінде, жер суаруға және халықтың демалыс 
орнына пайдаланылады. Ихтиофаунасы: шортан, алабұға, табан, тау-тан, қара 
балық, қызыл қанат, сазан т.б.
САМАРҚАН 

 
су каналы (суару жүйесі). Атау бөгеннің атымен аталған. 
Жүйе жер суаруға арналған гидротех. (су бөлу, су шығару арықтары және 
құбырлар) және эксплуатациялық (жол, көпір т.б.) құрылыстар. Бұқар жырау 
ауд. жерінде орналасқан. Суару көзі - Нұра өзені мен Самарқан бөгені. Ертіс-


120
Қарағанды каналының суымен қоректенеді. С. с. ж-нің ұзындығы 12,1 км. 
Жүйенің сол жағалығы (1941 жылдан пайдаланылуда) Баймырза, Самарқан 
ауылдық округтерінің Қарағанды ауыл шаруашылық тәжірибе стансасының 
жерін суарады. 1983 ж. бас су бөлгіш қайта жабдықталудан өтті.
САРЕПТА 

 
елді мекен атауы. Қазақ тіліндегі «Сары» «епті» деген 
біріккен сөздің орыс тілінде бұрмаланған формасы ретінде түсіндіріледі. 
Сарепта селолық округінің орталығы. Шахтинск-Есенгелді трассасының 
бойында аудан орталығы Абай қаласының солтүстік-батысында – 60 км, 
Қарағандыдан 65 км жерде орналасқан. Іргесін 1908 жылы Ресейден 
қоныс аударушылар қалаған. 1962 ж. кеңшарға Дзержинский аты берілген. 
Халқының саны 1,2 мың (2005). Жалпы жерінің ауданы 79,4 мың га. Кеңшар 
мал шаруашылығымен шұғылданған. Округтің елді мекендерінде (Сарепта, 
Қойбас, Родники, Қоянды) клуб, отбасылық амбулатория, 3 мектеп, кітапхана 
бар. Сондай-ақ 29 жеке шаруа қожалығы жұмыс жасайды (2006).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет