Қарағанды облысы топонимдері Нұр-Сұлтан, 2020 Т. Аршабеков



Pdf көрінісі
бет34/182
Дата04.11.2023
өлшемі7,57 Mb.
#189322
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   182
Кірме атаулар 
ИЗУМУРУДНЫЙ 

 
ауыл. Абай ауданындағы кент. Атау орыс тіліндегі 
асыл тас, берилдің бір түрі И. (зүмірт) тасына байланысты қойылған.
Абай ауданының солтүстігінде, ауд. орталығы Абай қаласының 
солт. батысында - 90 км, Қарағандыдан солтүстік-батысқа қарай 110 км 
жерде орналасқан. Іргесі 1974 ж. Ертіс-Қарағанды каналының 2-кезегінің 
құрылысына байланысты қаланды. И-да орта мектеп, балабақша-ясли
киноқондырғылы мәдениет үйі бар. Қарағанды және басқа елді мекендермен 
автомобиль жолы арқылы байланысады.
САМАРКА
 

 
ауыл. Өткен ғасыр басында іргетасы қаланған көне 
ауылдардың бірі. Ол туралы «Ақмола облыстық ведомости» (№44, 1911 ж.) 
газетінде нақты деректер кездеседі. Онда 1911 жылдың 22 қыркүйегіндегі 
№398 қаулы бойынша қоныс аударушылардың Дальники Захаров болысына 
ауылдық қоғамдық басқару жүйесін енгізу туралы айтылған. Жаңа салынған 
ауылды Самарка деп атау ұйғарылған. Қоныс аударушы шаруалар өздері 
келген Самара губерниясының атауын осылайша сақтап қалған.
Самарка, Самар селолық округінің 
орталығы. 
Нұра өзенінің
 
жағасында, 
Қарағандының батысында 100 км жерде орналасқан. Іргесін Самар 
губерниясынан қоныстанушылар 1904 жылы қалаған. 1931 жылы «Қарлаг» 
бөлімшесі ашылған. Халқының саны 1,2 мың (2005). Жерінің жалпы ауданы 
– 39,3 мың м
2
. Шаруашылықтың мамандандырылған негізгі бағыттары – 
жеміс, жидек өсіру, қосымша саласы – сүтті ірі қара өсіру болды. Округтің 
елді мекендерінде (Бородиновка, Пруды, Огороды) 2 мектеп, клуб, кітапхана, 
ОДА, басқа да мәдени-тұрмыстық мекемелер бар. Кеңшар негізінде 33 шаруа 
қожалығы құрылған (2006). Ауыл басқа елді мекендермен автокөлік жолдары 
арқылы байланысады. Ең жақын Қарабас т. ж. стансасы 82 км жерде орналасқан. 
Басқа елді мекендермен автокөлік жолдары арқылы байланысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет