Қарағанды облысы топонимдері Нұр-Сұлтан, 2020 Т. Аршабеков


ЯГОДНОЕ  – елді мекен. Ауылдың шаруашылық бағытының жеміс-жидек  өсіруге негізделуіне байланысты орыс тілінде қойылған атау. Покорное



Pdf көрінісі
бет37/182
Дата04.11.2023
өлшемі7,57 Mb.
#189322
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   182
ЯГОДНОЕ 
– елді мекен. Ауылдың шаруашылық бағытының жеміс-жидек 
өсіруге негізделуіне байланысты орыс тілінде қойылған атау.
Покорное
– село. Елібай деп аталатын жерді Покорное («Покоряться 
должны, их дело покоряться» – деген сөзден шыққан) деп ақ патшаның 
жендеттері ат берген. Эстониядан келген қоныс аударушылар іргетасын 
қалаған.
Самарқан 

 
село, Ленин ауылының орталық мекені. Теміртау қаласының 
алғашқы атауы. Самарқан поселкесіне 1906 жылы адамдар тұра бастады, 
ал 1909 жылы 10 ақпаннан бастап дербес ауылдық басқару құқығын алды. 
Поселкеге алғашқы жылдары Самарқан губерниясынан немістер келген. Атау 
екі сөздің негізін алған: «Самар» - қоныс аударушылардың бұрынғы тұрған 
отаны және «қант» елді мекен деген мағынада. Осымен тұрғындар өздерін 
самарқандық екенін айрықтаған.
Миньковка 

 
село. Атауы Екатеринославский (Днепрпетровский) 
облысынан келген, онда Миньково (Маньково) слободасы болған.
Волковское село
– Қаражар ауылының елді мекені. Жүзжылдықтың 
басында осы жерге қоныстанған шаруа Волковтың бұрынғы хуторы.
Волын 
– Дубовка ауылының елді мекені. Волын губерниясынан жер 
аударып келгендердің бұрынғы тұратын жері.
Гагаринское 

 
село. Гагарин атындағы ауылдың орталық мекені. Тұңғыш 
ғарышкер-ұшқыш Ю.А. Гагарин есімімен аталған.


122
Телман ауданы картасы 
Ворошилов ауданы картасы, 1951 ж


123
Тың игеру жылдарында елді мекендер өзгерістері 
1954 жылы тыңға шабуыл басталды. Жаңаарқа стансасына 1955 жылы 
25 наурызда тың игеруге Ресейден 300-ден астам жастар келіп түсті. Оларды 
аудан басшылары, пионерлер зор құрметпен қарсы алды. Тың және тыңайған 
жерлерді игеруге байланысты бұл жылдары облыс бойынша жаңадан 16 
кеңшар (совхоз) ұйымдастырылып, олардың ішінде Жаңаарқа ауданына 
қарасты таратылған Карлаг бөлімшелерінің негізінде «Бидайық» (Баташов), 
«Бұрма» (Бровкин), «Красная поляна» (Дворук), «Просторненский» 
(Давыдовский), «Ортау» (Жданов), «Қызылтау» (Рахымбеков), «Көктіңкөлі» 
(Медеубаев) совхоздары құрылды. (Карлаг соғыстан кейінгі жылдарда 
Орталық Қазақстандағы мал шаруашылығының негізгі базаларының біріне 
айналған болатын. КСРО Министірлер Кеңесінің 1953 жылғы 8 мамырдағы 
қаулысына сәйкес Карлаг шаруашылығы және лагерь басқармасы таратылып, 
Қазақ ССР ауыл шаруашылығы және дайындау Министірлігіне бес күн ішінде 
КСРО Юстиция Министірлігінен республика территориясындағы ГУЛАГ-
қа тиісті ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын қабылдап алу міңдеттелген-
ді. Бұлар: Көктіңкөлі, Есенгелді, Қызылтау, Ортау, Ақмола, Бидайық, Батық 
және №1, №3, №12. №13 лагерь бөлімшелері еді. Аталмыш қаулыға сәйкес 
онкүндік мерзімде ГУЛАГ-қа қарасты ауыл шаруашылығы кәсіпорындары 
қабылданғаннан кейін, олардың базасы негізінде жаңа шаруашылықтар құру 
тапсырылған).
1954 жылы 8 қыркүйектегі ҚазКСР Министрлер Кеңесінің №73 
қаулысы бойынша «Айнабұлақ» совхозы ашылып, оған 130946 жер бекітіліп 
берілді. Алғашқы директоры Александр Ильич Ранетаның тұсында совхозға 
Ростовтан 50 жұмыскер келіп тұрақтады. Кеңшар алғашқы жылдың өзінде 
14 мың гектар жердің тыңын көтерді. Совхоздармен қатар колхоздар да тың 
игеру ісіне қызу кірісті. Ленин атындағы колхоз 1954 жылы 3020 жерге дән 
сіңіріп, аудан бойынша алғашқы миллионер колхоз атанды. Киров атындағы 
колхоз да миллионер атанып, 1800 гектар егінін 1962 жылы 8000 гектарға 
жеткізді. Алғабас колхозы екі жыл ішінде егін көлемін 5000 гектарға жеткізіп, 
жыл сайын мемлекетке 3600-4000 тонна аралығында астық өткізіп отырды. 
Өркендеу колхозының жылдық табысы миллион сомға жуықтады. Бұрын егін 
салмайтын К.Маркс атындағы колхоз да егістік көлемін 6500 гектарға жеткізді. 
Міне, осылай тың игеру кезінде аудан экономикасы кең құлаш жая бастады. 
Егіншіліктен өзге мал шаруашылығында да оң өзгерістер мол болды. Жеңіс 
колхозы қой санын 45 мың басқа жеткізіп, озат қойшылары (С.Оразалин, 
Ә.Түсіпов, С.Шубаев, Т.Ашықбаев, Б.Бекмағанбетов, т.б.) әр жүз саулықтан 
107-110 бастан қозы өргізді. К.Маркс атындағы колхоз 1956 жылғы 7050 
бас қойын 1962 жылы 33 мың басқа жеткізді. Тың игеру басталған жылдары 
аудан экономикасының басқа салалары да жедел қарқынмен өркендей 
бастады. Теміржол, көлік қызметі, құрылыс жұмыстары серпінді дамыды. 


124
Кен байлығын зерттеу кеңінен қолға алынды. Қаражалда руда өндіру өріс 
алып, орталық электр стансасы, кірпіш өндіру және темір-бетон зауыттары 
салынды. Ет комбинаты пайдалануға берілді. КСРО Жоғарғы Кеңесінің 1958 
жылғы наурызында МТС-тарды (машина-трактор стансалары) қайта құру 
Заңына сәйкес, олар таратылып, орнына жөндеу-техникалық стансалары 
құрылды. Тракторлары мен басқа да техникасы колхоздарға сатылды, әлсіз 
колхоздарға несиеге берілді. Мұның өзі колхоздардың материалдық тұрғыдан 
әлденуіне жол ашты. МТС-тардың қарыздарынан құтылып, техниканы өзінің 
қалауына сай, үлкен шығынсыз пайдалануына жағдай жасады.
ҚазССР-нің Жоғарғы Кеңесінің жарлығымен 1954 жылы 16 шілдеде Кент 
және Ленин ауылдық кеңесі бірігіп, Ленин ауылдық кеңесі деп аталды және 
орталығы Жаңабек болды. Осы жарлықпен Көктөбе Ауыл кеңесінің орталығы 
Чкалов болды. Жаңа негіз ауыл кеңесі Құлболды ауыл кеңесіне қосылды. 
Бидайық ауыл кеңесінің орталығы «Қызылшоқы» еді, енді осы ауыл Бадыран 
ауыл кеңесіне қосылып, орталығы болып «Комсомол шыңы» тағайындалды. 
Оның құрамына Еңбек ауыл кеңесі енді. Жарлы ауыл кеңесінің Жекежол 
колхозы Еңбек ауыл кеңесіне қосылды, ал «Көктал» және «Ұзынжол» 
колхоздары Милыбұлақ ауыл кеңесіне берілді.
Қарқаралы аудандық атқару комитетінің 1954 жылғы 20 қаңтардағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет