Қарағанды облысы топонимдері Нұр-Сұлтан, 2020 Т. Аршабеков


Елдімекен, жер‑су атауларының түсініктеме сөздігі



Pdf көрінісі
бет39/182
Дата04.11.2023
өлшемі7,57 Mb.
#189322
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   182
Елдімекен, жер‑су атауларының түсініктеме сөздігі:
Этимология
Этимологиялық зерттеудің дамып, қалыптасуы бір-біріне тығыз 
байланысты екі үдерісті қажет етеді. Оның біреуі – этимология жасаудың 
ғылыми-теориялық негіздерін жан-жақты айқындап алу, яғни қазақ тіліне 
қатысты этимологиялық зерттеуге негіз болатын теориялық бағдарлама, 
практикалық көрсеткіш жасау. Қазақстан ғалымдарының да этимология туралы 
күрделі ой-пікірінің жинақталып, өзіндік бағыты мен тәжірибесінің нәтижесі 
ретінде осыдан елу жылдай бұрын «Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық 
сөздігінің» жарық көргені белгілі. Оның бер жағында бүгінгі түркітілдерінің 
біразында (мысалы, қырғыз, саха, шуаш, өзбек т.б. тілдерінде) арнайы 
этимологиялық сөздіктер жарияланды. Біздің пайымдауымыз бойынша, қазақ 
тіл білімінде жасалған жүздеген этимологиялық ізденістер, мың бес жүздей 
сөздің этимологиясының айқындалуы, этимологиямен сабақтас түбіртану 
бойынша жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде этимологиялық сөздікке 
енуі тиіс бір, екі буынды тұлғалар жан-жақты қарастырылып, оларға қатысты 
сөзжасам моделдерінің тізімі айқындалды. Қара сөзінің полисемиялық сипаты 
көне түркілер жасаған әлемнің кеңістік бейнесіндегі «солтүстік» ұғымымен 
де анықталады. Арқа сөзі кейбір түркі тілдес халықтарда «солтүстік» ұғымын 
береді. Қазақтардың көктем мезгілінде «Арқаға көштік» ұғымы осыған 
саяды. Сондықтан түс атаулары тілдегі дәстүрлі мағыналық жүктемемен 
қатар, кеңістік туралы айрықша географиялық ақпарды бейнелеген деуге 
болады. «Қара» сөзінің жалпытүркілік тағы бір мағынасы «жер, құрлық» 
деген ұғыммен байланысты.
Көнеден сақталған әлемнің кеңістік бейнесінде Тәңірмен байланысты
жоғарғы әлем ақ түспен, ал төменгі әлем қара түспен бейнеленеді.
90
Қазақ 
топонимиясындағы «қара» лексемасы салыстырмалы түрде жазық кеңістіктегі 
оқшауланған төбелерге, тауларға, бастауын жер асты суларынан алатын 
өзендерге сол сияқты тау жыныстарының түсін анықтайды. Е. Керімбаевтің 
мәлімдеуінше, Қазақстан оронимдерінің 20%-ы өзінің құрамында түсті 
білдіретін сын есімдерден құралған: қара, ақ, сары, көк, қызыл, ала, шұбар, 
қоңыр, боз, жирен, қу, құба, шағыр, ұлан және т.б.
91
Ал геологтардың пікірінше
Ақтас, Ақтау сияқты оронимдердегі ақ сөзі осы аталған орографиялық 
нысандардың құрамында «гипс», «әк», «мәрмәр» т.б жыныстардың бар екенін 
білдіреді.
Көне түркілік жазба ескерткіштерінде «көк» сөзі «аспан» мағынасында 
90
Конкашпаев Г.К. Цветовые слово в тюрских топонимиках - в кн: «Географические науки », Алма – 
Ата, 1969. – С. 72-83 
91
Керімбаев Е.Ә және т.б. Оңтүстік Қазақстанның топонимикалық кеңістігі – Шымкент: «Кітап» ЖШС, 
2007. – 352 б.


127
қолданылған. Қазіргі қазақ тілінде «аспан», «көк», «тәңір» концептілері өзара 
тығыз байланысты тұрақты тіркестер құрайды: «көк тәңірісі», «көк аспан» 
және т.б мұның өзі барлық түркі халықтарына тән, көне заманнан келе жатқан 
әлем бейнесінің семантикалық парадигмасы болып табылады. Сондықтан 
қазақ топонимиясында «көк» сын есімі арқылы жасалған біріккен атаулар 
біршама мол кездеседі. 
«Сары» сөзі оронимдер мен гидронимдер, жайылымдық атаулардың 
құрамында жиі кездеседі. Бұл түспен байланысты атаулар гидронимдерде 
судың түсін, оронимдерде көбінесе тау жыныстарының түсін білдіреді. 
Бұл өз кезегінде қазақ топонимиясында Сарыарқа, Сарыдала, Сарыөзек 
тәрізді атаулардың қалыптасуына негіз болған. Осы ретте қазақ халқының ат 
қоюдағы айрықша бір ұстанымын да ескерген жөн: кей жағдайда халқымыз 
«ұзақ сонар», «кең-байтақ» деген ұғымды сары сөзі арқылы жеткізген. 
Сондықтан қазақ санасындағы Сарыарқа сары түсті ұсақ шоқылар ғана емес, 
кең байтақ аумақ болып табылады.
92


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет