Қарағанды облысы топонимдері Нұр-Сұлтан, 2020 Т. Аршабеков



Pdf көрінісі
бет40/182
Дата04.11.2023
өлшемі7,57 Mb.
#189322
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   182
Ойконимдер этимологиясы
Топонимика саласындағы атаулардың ішінде саяси тарихтың ықпалына 
көбірек түсіп, өзгеріске жиі ұшырап жататын түрі – елді мекендер атауы. Елді 
кім билесе – сол, өз билігін заңдастырудың, яғни, мойындатудың бір құралы 
ретінде, өзінің жүргізіп отырған саясатына ыңғайлап, елді мекендердің атауын 
өзгертуге тырысады. Жаңа билеушінің бұндай әрекеті ел ішіндегі бұрынғы 
биліктің ықпалын жоюға бағытталады. 
Қарастырылып отырған ауданның елді мекендері атауының үстірт 
өзгеріске ұшырап, көне заманнан қалыптасып қалған тарихи атаулардың 
жойылып кетуі ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы 
Патшалық Ресейдің Казақстанды өз құрамына енгізіп, отарлап алу барысында 
жаппай орын алды. Нақтылай айтқанда, елді мекендер атауын жаппай өзгерту- 
қазақтан жерді тартып алып, оған келімсектерді қоныстандыру саясатын 
заңдастырудың ең төте және сенімді құралына айналды.
Топонимика саласындағы елді мекендер атауының саяси тарихқа 
байланысты алмасуында мынадай заңдылық бар: тарихқа тамыры терең 
бойламаған, жергілікті тарих пен ел-жер тағдырында тек зорлық пен 
әділетсіздікпен орын алған атаулар сол тәртіптердің жойылуымен бірге 
құрдымға кетеді. Мұндай құбылыстың тарихи шындық екенін кешегі 
большевиктердің идеологиясына байланысты қойылған атаулардың уақыт 
сынын көтере алмағанынан көруге болады. 
АҚОЙ 

жер, 
Талдыманақа өзенінің батысында, Жаңаарқа ауданы 
92
Каймулдинова К.Д. Қазақстанның аридті аумақтарының топонимиясы: монография – Алматы « Te-
color » баспасы, 2010. – 280 б


128
Ақ 
(сын есім) және 
ой 
(зат есім) сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы 
атау. Бұл жерде 
ақ 
«үлкен, кең» мағынасында, ал 
ой 
«ойпат», «жазық» 
мағынасында қолданылған. Сонда атаудың мағынасы: «кең жазық,
байтақ дала», яғни 
Ақжазық, Ақдала 
топонимдерінің вариантына толық 
үйлеседі.
АҚТАУ

с., 
Ақтау с/о.-не қарасты, Жаңаар. ауд.; 
тау, 
биік. 1133 
м, Талдыманақа өзенінің бат.-да; Атау ақ кварциттерден түзілген тау 
жыныстарының ағарған түр-түсіне қарай аталған. 
Ақ
сөзі түркі тілдерінде 
негізінен түстік мағынада қолданылады. Тау сөзі «Айналасындағы жерден 
едәуір көтеріңкі биіктік, өте биік жер» [ҚТТС. ІІ-том, б.342]. Ақтау атауы 
ежелден бері белгілі және өзіндік табиғи ерекшелігіне сай қойылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет