Қарағанды облысы топонимдері Нұр-Сұлтан, 2020 Т. Аршабеков


ТИХОНОВКА  – елді мекен атауы. Орыс тілінде кісі есіміне қатысты  қойылған. Кірме антропоним. ЮБИЛЕЙНОЕ



Pdf көрінісі
бет36/182
Дата04.11.2023
өлшемі7,57 Mb.
#189322
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   182
ТИХОНОВКА 
– елді мекен атауы. Орыс тілінде кісі есіміне қатысты 
қойылған. Кірме антропоним.
ЮБИЛЕЙНОЕ
 
– елді мекен. Кеңес дәуірінде бесжылдықтар межесінің 
мерейтойына орайластырып, орыс тілінде қойылған атау.
Абай ауд. Юбилейный селолық әкімдігінің орталығы. Абай ауданының 
оңтүстік-батыс жағында Абай қаласынан 30 км жерде орналасқан. «Путь 
Ильича» кеңшары мен Ильич селолық кеңесінің орталығы болды. 1939 жылы 
Қарлаг бөлімшесінің Қотыр базасында ашылған жөне ІІМ қарамағында 
болған1962 жылдан бастап ҚазКСР Министрлер Кеңесінің №31 қаулысы 
бойынша Мичурин ауданының ауыл шаруашылық басқармасына берілді. 
Мамандандырылған шаруашылығы – көкөніс, асыл тұқымды мал өсіру 
болды. Халқының саны 1,3 мың (2005). Жалпы жерінің ауданы 68,5 мың 
га. Округтің тұрғын пунктерінде (Юбилейное, Жон, Қаранақ, Тасзаимка) 
ОДА, ФАП, 2 мектеп, кітапхана, пошта, байланыс бөлімі бар. Юбилейное 
ауылының аймағында 41 шаруа қожалығы, ЖШС және ӨК ашылған (2006). 
Басқа аймақтармен автомобиль жолдары арқылы байланысады. Ең жақын т. 
ж. стансасы – Қарабас ауылдан 30 км жерде орналасқан.
ЮЖНОЕ 
– елді мекен атауы. Көксу ауылының Северное ауылына қарама-
қарсы оңтүстікте орналасуына байланысты орыс тілінде қойылған атау.
ЮЖНЫЙ (ОҢТҮСТІК) 

 
қала типтес поселке. Қарағанды қаласының 
оңтүстігінде, Абай ауданының (бұрынғы Мичурин) оңтүстік шегінде 
орналасуына байланысты орыс тілінде қойылған атау. Іргесі 1957 ж. қаланған. 
Кенттің құрылуына Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия зауытының 
салынуы негіз болды. Кент Шерубай-Нұра өзенінің оң жағалауында, облыс 
орталығы – Қарағанды қаласынан 70 км, аудан орталығы –Абай қаласынан 35 
км жерде орналасқан. Кентте Оңтүстік Топар кен басқармалы, «ТЭМК» ЖШС 


121
өндірістік кешені жұмыс істейді. Халқының саны 2,6 мың (2005). Шерубай-
Нұра т. ж. стансасы Кенттен темір жолмен – 4 км, автоколік жолымен 12 км 
жерде. Мәдениет үйі, кітапхана, мектеп, балабақша, ОДА, монша, дәріхана, 
пошта, 2 наубайхана, байланыс торабы, 13 дүкен, 1 кафе бар. Кент басқа елді 
мекендермен т.ж. және автокөлік жолдармен қатынасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет