Қарағанды облысы топонимдері Нұр-Сұлтан, 2020 Т. Аршабеков



Pdf көрінісі
бет27/182
Дата04.11.2023
өлшемі7,57 Mb.
#189322
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   182
Дадан тобықты болысының Әлтеке-Сарым болысымен шекарасы.
Ақжал шоқысынан Кішік жатақ қонысы арқылы Ақжал тауының жанымен 
(тау Әлтеке-сарым болысында қалады) Қызылшоқы шоқысы арқылы және 
шығыста Керегетас тауының аяғында, қос құдық арасындағы құрғақ өзен 
Қатынеспе арқылы тік сызық бойымен Шұрықпайсу құдығына. Осы жерден 
Құмырашаққан құдығы арқылы, Қызылқайнар бұлағы арқылы, екі бұлақ 
Қадыр және Жәмеңке арасындағы алқаппен, Сарыоба мен Жалғызжал таулары 
арасымен, Жыланшық шоқысы арқылы Тоқырауын өзенінен Мәнжіғұл 
Шағыровтың Тоғанына (арық), бұл Сарытерек қонысының аяқ тұсында. 
Осы жерде Тоқырауын өзенін Шөладыр тауларына және Үлкеншөладыр, 
Балашөладыр арасымен кесіп өтіп, содан соң Иким мазары мен Молалы бұлақ 
қонысы арқылы Керегетас тауының етегіндегі Қаратал қонысына келеміз. 
(Ескерту: Қараталда Дадан тобықты, Әлтеке-сарым, Теміршін болыстары 
түйіседі.)
Дадан тобықты болысының Теміршін болысымен шекарасы. 
Керегетас 
тауларының Оңтүстік етегінен, Қаратал қонысы, Ақсай жатағымен шығысқа 
қарай тік сызықпен Қаршығалы өзеніне, оны Қазақпай шоқысына қарсы 
кесіп өтіп, осы соңғы аталғанның шыңына келеміз. Осы шоқыдан оңтүстікке 
қарай Қарашоқы шоқысы етегіндегі Аққұдық құдығына жетеміз. (Ескерту: 
Аққұдықта Дадан тобықты, Төлеңгіт, Теміршін болыстарының шекарасы 
түйіседі.)
Дадан тобықты болысының Төлеңгіт болысымен шекарасы. 
Аққұдық 
құдығынан Қусақ өзеніне дейін, оны өзіне құятын Қаршығалы өзенінің 
сағасынан жоғарыда кесіп өтіп, тік сызықпен Долан зиратына Қайқаң қонысы 
арқылы және мекеннің ортасындағы Тоғызбай молалықұдық және Бесқауға 
құдықтары арасымен Тұздың қара обасы қонысына, бұдан соң Табақ тауына 
және Қазық-дасирен тауының шығыс етегімен, Телқызыл мен Төретай 
қоныстары арасындағы жатақ арқылы, Тесіктас пен Қараүңгір шоқылары 
арасындағы жатақпен; сосын Құмжошы қонысы арқылы, Төлеңгіт болысының 
қырғызы Қарғызбаевтар мен Дадандық Әбетқожа мен Таңсыққожа қыстаулары 
арасымен Балқаш көліне тіреледі. 
Керней болысының Дадан тобықты болысымен шекарасы.
Ақжал 


74
шоқысынан Сарыкөл шоқысы мен Тұзкөл көлі арқылы Қаратұмсық 
қонысына және де осы қоныс арқылы Жалқұм құмды жотасы арқылы Әлтек 
құдығына дейін. Бұл жерден Әлтек-Шыңырау шоқылары арқылы Жон 
биігінің жотасымен және Үшоба шоқысы арқылы Аққұм қонысына, одан әрі 
тік сызықпен Қарақамыс қонысы ортасымен, Керней қыстаулары мен Дадан 
– Тұмабай қыстауы арасымен, Тарғыл тауының шығыс шегімен, Балқаш 
көлімен Жаңғылшағанға келеді.
Балқаш, Тоқырауын тобықтылары көнекөз қариялардың айтуынша, қыста 
Балқаш бойын жағалай қоныстанып, көлге мұз қатқанда әрі асады екен – яғни 
Жетісуға қарай. Киізден қамыстан қоршау қора жасап малын сақтаған. Мұз 
түсерде бері өткен. 
Молдабек Жанболатұлының «Тобықты-Шыңғыстау шежіресі» атты 
энциклопедиялық-тарихи туындысында осы өңірді мекендеген Тобықты 
ұрпақтарының тарихын былайша сөз етеді.
Тобықты ұрпақтары ХVІІ ғасырдың соңында Балқаш, Тоқырауын, Қусақ 
маңайын мекендеген (46). Қазақтың ат төбеліндей шағын руы Тобықтының 
тарихына одан да терең үңілсек – біршамасы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл 
сұламада» ұлысынан адасып, Қызылқұмда қалыпты. Бір ата ұрпағы Алатаудан 
асып кетіпті. Енді бір бөлігі Балқаш бойынан қоныс тауыпты. Орман 
ішіне барып орыстармен іргелесіп қоныс тепкен ұрпақтар да баршылық. 
Самодержавиялық Ресейдің шовинистік лаңы аз болғандай коммунистік 
идеология саясаткерлерінің зымиян әрекетінен бас сауғалап құтылғандары 
іргелес елдерге ғана емес, бүкіл әлемге тарыдай шашылып кетті.
Шәкәрім қажының, Әубәкір Оспанұлының, т.б. шығармаларында да 
«Шыңғысқа жеті ел келіп, жеті ел кеткен», «Керегедей керілген Шыңғыс» 
деген сөз тіркестері қайталанып, оның қасиеті туралы Асан қайғыдан 
бастап айтыпты деген аңыз-әңгімелер баршылық. Олар Шыңғыстаудың 
әлмисақтан бері түркі халықтарының, Арғын тайпасының, Жеті Момынға 
жататын Қанжығалы, Тобықты жұртының ата қонысы болып келе жатқанын 
айғақтайды.
Мұхаметжан Тынышбаевтың еңбегінде де, Алқакөл деп қай көл сөз 
болып отырғанын анықтай келе, арғындардың оның ішінде тобықтылардың 
осы кездегі орналасқан, жүріп өткен жерлері жайлы былайша қорытынды 
жасайды: «Берілген кеңістікте «арғын» атымен аталатын орындар (мұнда: 
Сырдарияның арғы бетіндегі төменгі ағысында орналасқан Алқакөл көлі 
сөз болып отыр) мүлдем жоқ (егер Жизақ уезіндегі көшпелі тобықтылардың 
200 шаңырақтан тұратын шағын тобын ескермесек), ал қашқанда олар 
ауыл-қоныс түріндегі із тастамай кетуі мүмкін емес, осыдан келіп мынадай 
қорытынды шығаруға болады, арғындар Сырдариядан өтпеген, Қаратау 
тауларынан солтүстік-батыстағы қазіргі Торғай уезіне қашқанға ұқсайды; 
бұдан келесі бір тұжырымға да келуге болады, яғни арғындар 1723 жылдан 


75
бұрын басқа қазақтарға қарағанда теріскейге қарай Бетпақдала мен Ұлытау 
даласында тұрған, осыған сәйкес басқалармен салыстырғанда аз мөлшерде 
зардап шеккен» (47).
Расында да, Шиелі, Түлкібас жерлері Сырдарияның бергі бетінде. 
«Ақтабан шұбырындыны» көріп, Орта жүз Есіл, Нұра, Сарысуға барғанда, 
тобықты Сыр бойынан шығып, Шуға келіп, онда байыздай алмай Қаратауды 
асып Бетпақдаламен Солтүстікке жөңкіле ауғандығы, Орал тауының етегіне, 
Ордың Қараағашына дейін барғандығы, ол тұстағы орыстарға бодан болудан 
ығысып, Сарыарқаны беттегендігін. Шәкәрім қажы былай деп жазып кетіпті: 
«.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет