Жәдидшілдік – ХІХ-ХХ ғғ. межесіндегі исламды модернизациялау жолындағы


Жәдидшілдік – Ресей отаршылдығына қарсы ұлт-азаттық күрестің формасы



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата04.11.2023
өлшемі294,84 Kb.
#189375
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Картабаева Е.Т. 1

Жәдидшілдік – Ресей отаршылдығына қарсы ұлт-азаттық күрестің формасы 
ретінде 
Қазақстанда жәдидшілдік қозғалысының пайда болуының келесі себебі аймақтың сол 
дәуірде Ресей отарына айналуымен байланысты болды. ХІХ ғ. екінші жартысында 
Қазақстан Ресей империясының толық отарына айналып қалған болатын. Бұрынғы 
дәстүрлі басқару мен реттеу тетіктерінің орнына қазақ даласына империялық әкімшілік 
жүйесі енгізілді. Билер соты өзінің әлеуметтік қатынастарды реттеуші қызметінен 
айырылып қалды. Оны әлсірету мақсатында Ресей әкімшілігі билер сотының шешіміне 
шағым беруді ресми түрде бекітті, яғни түбінде барлық мәселені болыстар мен ояз 
әкімшілігі шешіп отырды. Бұл уақытта отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күрестің қарулы 
формасы еш нәтиже бермегені белгілі болды. Ендігі жағдайда ұлт ретінде құрып кетпеу, 
яғни халықтың тілін, салт-дәстүрлерін, діні мен ділін сақтап қалу қажеттігі күн тәртібіне 


қойылды, өйткені, тәуелсіздігіміз бен жерімізден біржолата айрылып қалған болатынбыз. 
Қазақстанда өзінің саяси және экономикалық үстемдігін толық орнатқан Ресей 
империясы, отарлық саясатының келесі кезеңіне өтті, атап айтқанда қазақ халқының 
санасына Ресей азаматы деген ұғымды сіңіруге күш сала бастады. Бұл идея орыс-түземдік, 
кейінірек орыс-қазақ мектептерінің ашылуынан, Н. Ильминскийдің қазақ алфавитін 
кириллицаға өткізу жобасынан, православие дін өкілдерінің миссионерлік қызметінен 
көрініс тапты. Алайда бұл саясат толықтай іске аса қойған жоқ болатын, өйткені ұлт 
көшбасшылары қазақтың ұлт ретінде жойылып кету қаупі төнгенін айқын сезініп, 
халықтың тілін, мәдениетін, дінін сақтап қалуға бар күшін салып бақты. Осы кезде 
метрополияның діні – православиеге қарама-қарсы дін ретінде қарастырылған ислам 
дініне, ұлттық сананың қорғаушысы ретінде ерекше маңыз берілді. Мұны М. 
Дулатұлының мына бір өлең жолдарынан анық байқауға болады: 
Әуелі үйренетін бір ғылымың, 
Өзіңнің мұсылманша дін ғылымың. 
Шарттарын исламның кәміл білсең, 
Ахиреттік азық берер шын ғылымың (Дулатов, 1991: 153). 
Осы тұста қазақтар арасында таралған исламның өзіндік ерекшеліктері жөнінде 
айта кеткен жөн. Зерттеушілердің көрсетуі бойынша түркі халықтары арасында ислам діні 
ортодоксалды формада емес, сопылық түрінде таралды. Оның ерекшелігі – исламның 
қағидалары түркілердің дәстүрлі дүниетанымымен синтезге түсе отырып, өзіндік бір 
синкретті, симбиоздық дін қалыптасты. Түркі халықтары, соның ішінде, әсіресе қазақтар 
ортодоксалды исламның кейбір қасаң қағидаларын қабылдамады, исламның сыртқы 
формасын, яғни шарттарын қатаң түрде ұстанбады, оның есесіне, исламның ішкі, рухани 
мәнін жақсы игерді, яғни исламды имандылық деп түсінген халық болды. Бұл жағдай 
халықтың діннің идеологиялық, институционалдық шырмауынан азат болуына ықпал 
етті. Қазақстанға отаршылдықпен келген орыс үкіметі осы жағдайды зерттеп білгеннен 
кейін, халықтың арасына интитуционалдық исламды енгізуге күш салды, ондағы мақсаты 
– дінді идеология ретінде пайдалана отырып, халықтың санасын отарлау, өз уысында 
мықтап ұстау болатын. Сондықтан да қазақ даласына өз үстемдігін орната бастаған 
алғашқы кезеңде Ресей үкіметі қазақ даласында мешіт-медреселерді көптеп салуға күш 
салды. Далалық генерал-губернаторға жазылған бір хатта былай деп көрсетілді: «Біздің 
далада үстемдік етуіміздің бастапқы кезеңінде саяси мүдделер олардың сеніміне қол 
сұқпауымызды талап етті. Бұл себеп, өз жағымызға хандарды, сұлтандарды, жалпы 
даланың ықпалды адамдарын тартумен бірге, бастапқы кезде исламға толық төзімділік 
көрсетіп қана қоймай, тіпті қамқорлық көрсетуімізге алып келді Қараңыз: Асанова, 
интернет-ресурс).
Патша үкіметінің исламды өз мүддесіне орай пайдалануына итермелеген келесі 
себеп, Қазақстанның Ресейге қосылуының бастапқы кезеңінде жергілікті халықтың орыс 
тілін мүлде білмеуі болды, мұның өзі шенеуніктердің жұмысын қиындатқан еді. Бұл 
мәселені қазақтар арасына татар молдаларын енгізу арқылы шешу ұйғарылды. Өйткені 
Ресей империясының қоластына ертерек қараған татарлар бұл уақытта белгілі дәрежеде 
орыстанып үлгірген еді. Бұл орыс үкіметінің Орынбор генерал-губернаторына берген 
нұсқауында айқын көрініс тапқан: «Әр түрлі қырғыз руларын молдалармен қамтамасыз 
ету көп пайда әкелуі мүмкін, сондықтан сіздер Қазан татарларының арасынан осындай 
сенімді адамдарды тауып, оларға қырғыздардың бізге адал болуын қамтамасыз ету 
бағытында нұсқау берініздер (ЦГА РК. Ф. 64. Оп 1. Д. 3155. Лл. 1-7). Осы мақсатты 
көздей отырып, Екатерина ІІ тұсында Орынбор, Верхнеуральск, Троицк, Петропавловск 
бекіністеріндегі әскери шептердің бойында және тікелей қазақ билеушілерінің 
ордаларында уақытша және тұрақты мешіттер салына бастаған болатын. Далаға молдалар 
ағылып келе бастады. Әсіресе Бөкей ордасында Жәңгір хан тұсында Қазан молдалары өте 
көп болды. Бұл жағдай ХІХ ғасырдың аяғына дейін жалғасты. Осы уақытқа қарай қазақтар 
арасынан отарлық аппараттың айтарлықтай көпсанды және білікті шенеуніктер отряды 


қалыптасқан болатын, қазақ қоғамының ең жоғарғы топтарының үлкен бөлігі Ресей 
үкіметіне адал қызмет ете бастады. Енді Ресей, қазақ даласында өз билігін нығайтуда 
ешқандай идеологиялық бүркеншекті қажет етпеді.
Оның үстіне, халықаралық өмірде де айтарлықтай өзгерістер орын алды. Ғасырлар 
межесінде Шығыстың мұсылман халықтарының Еуропа отаршылдығына қарсы ұлт-
азаттық күресі жандана түсті. Бұл қозғалыс панисламизм туы астында өрбіді. 
Панисламизм идеяларының негізін қалаушы мұсылман ғұламалары Жамал ад-дин әл-
Ауғани 1839-1897) және Мұхаммед Абдүһ (1849-1905) болды. Сол кездегі артта қалған 
Египет қоғамын модернизациялау бағытында күрес жүргізген әл-Ауғани бүкіл әлем 
мұсылмандарының отаршылдыққа қарсы күресте бірігуін насихаттады. Бұл қозғалыстың 
идеологиялық негізі ислам діні болады деп жарияланды. Алайда, дәстүрлі, ескі 
формасында ислам бұл рөлді атқара алмайтын еді, сондықтан оны заман талабына сай 
реформалау қажеттігі айқын болды. Шығыс елдерінің артта қалып қоюының себебі ислам 
дініде жатыр деп көрсетуге тырысқан француз ғалымы Эрнест Ренанмен 
айтыса 
отырып, 
әл-Ауғани, 
мұсылман 
өркениетінің 
құлдырауының 
себебін 
мұсылмандардың бірте-бірте бастапқы исламнан ауытқуы, және оның надандар 
тарапынан енгізілген жаңалықтармен бұзылуы, осының салдарынан ислам өзінің 
прогрессивті рухынан айрылып қалуынан деп түсіндірді. Әл-Ауғанидің идеялары кейінгі 
мұсылмандық 
реформаторлық 
ойдың 
бастау 
көзі 
болды. 
Бұл 
идеяларды
реформаторлардың кейінгі буындары қабылдап алып, ары қарай дамытты.
Мұсылмандық модернизацияның келесі ірі өкілі Әл-Ауғанидің шәкірті әрі 
қызметтес серігі Мұхаммед Абдүһ (1849–1905) болды. Абдүһ исламның сопылық бағытын 
қолдады, оны сопылықтың рухани кемелдікке жету талаптары, ішкі сенімге жетуге 
ұмтылушылығы және ресми догматикаға, сыртқы діншілдікке сыни көзқарасы
қызықтырды. Кейінірек Абдүһ сол кездегі сопылықтың кері тұстарын да сынға алды, 
әсіресе іс-әрекет пен ой тазалығын формальді рәсімшілдік басқандығын, осы дүниедегі 
тіршілікке қызығушылықты жоққа шығаруын, сондай-ақ кедейлікті жақтауын сынға алды. 
Панисламизм барлық мұсылман халықтарының христиандық Батысқа қарсы біртұтастығы 
идеясын насихаттады. Айта кететін жағдай, панисламизм өзінің қорғаныстық, мәдени-
ағартушылық сипатын үнемі ашық жариялап отырғанына қарамастан, орыс, кейінірек 
кеңес тарихнамасы панисламизмді агрессорлық, жауынгерлік сипатта көрсетуге тырысты. 
Бұған панисламизмнің Ресейдің шығыс шекараларымен шектесіп жатқан Түркия мен 
Иранда кеңінен тарауы ықпал еткен болуы керек. Оның үстіне, «кәпірлердің езгісінде 
отырған барлық мұсылман халықтарының бірлігі идеясы Ресей отарларындағы түркі-
мұсылман халықтарының бірігуіне, олардың арасында орыстарға қарсы көңіл-күйдің орын 
алуына ықпал етті.
Осы жағдайларға байланысты ХХ ғасырдың басынан бастап исламға қамқорлық 
көрсету Ресей мүддесіне барынша қайшы келе бастады. Ендігі жерде Ресей мұсылман 
дінбасыларын құдалауға, діни мекемелердің ашылуына шек қоюға, жалпы өлкедегі 
исламдану үдерісіне қатаң түрдегі бақылау орнату саясатына көшті.
Мешіттердің жанынан ашылған мектептерді орыс шенеуніктері өз бақылауында 
ұстады, ондағы ұстаздарды да орыс шенеуніктері таңдады. Бұған қоса, мұсылман 
мектептерінің ұстаздарына қатысты мынадай ережелер қатаң түрде басшылыққа алынуға 
тиіс болды: «Молдалар, әкімшілік ұсынған талапкерлер арасынан сайлануға тиіс. Олар 
міндетті түрде орыс училищесінде үшсыныптық курс бітіруге тиіс. Қала молдаларына 
қазақ ауылдарына баруға, Түркістан, Бұхара, Меккеге баруға тиым салынды .
Түркістан генерал-губернаторы С. Духовский 1899 жылдың 26 қазанында 
императорға жазған баяндама хатында, «...ислам біздің дінімізге ғана емес, бүкіл біздің 
мәдениетімізге қарсы дұшпандық кодекс - деп көрсетті (Садвокасова, 2005: 42). Томск 
және Семей епсикопының генерал-губернаторға 1893 жылдың 7 қаңтарында жазған хаты 
бұл пиғылды одан да айқын көрсетеді, бұл хатта ол Қазақстанда ислам дінін насихаттауға 
тиым салынуын, оның орнына православиені кеңінен уағыздауды қатты өтініп сұрайды. 


Осыған байланысты ол, жаңа мешіттер мен мектептердің ашылуына жол бермеу, бар 
мектептерді орыс мектептері мен шіркеулерімен ығыстырып шығару жөнінде кеңес береді 
ЦГА РК. Ф. 64. Оп 1. Д. 3155. Лл. 1-7), яғни бір сөзбен айтқанда, қазақ халқын 
орыстандыру және шоқындыру туралы сөз болып тұрғаны айқын. 
Алайда, орыс үкіметі тарапынан орын алған осындай шектеулерге қарамастан, 
Қазақстанда діни өмір айтарлықтай жандана түсті. Өйткені ислам орыстандыру саясатына 
идеялық қарсы тұрудың өзіндік ұранына айналған болатын. Бір ғана Омбының өзінде 1910 
жылы 500-ден аса қазақ Меккеге қажылыққа баруға арнайы рұқсат қағазын алған. 
Құранды басып шығару жаппай сипатқа ие болды. Қазақ байларының қаражатына 
мектептер мен медреселер көптеп салынып жатты. Н. Сабитовтың жұмысында 
көрсетілген статискалық мәліметтерге сенсек, 1895 жылы Жетісу өлкесінде 64 мектеп пен 
медресе болып, онда 1 251 адам оқыған, ал 1897 жылы 88 мектепте 12 835 оқушы оқыған. 
Сыр-Дария облысында 1892 жылы 1487 мектеп пен 35 медресе, ал 1895 жылы – 2 409 
мектеп, 37 медресе, оларда 28 898 оқушы оқыған.Торғай обысында 1894 жылы 59 мектеп 
пен медреседе 457 оқушы оқыған болса, 1911 жылы – 103 мектеп пен медреседе 1400 
оқушы оқыған. Ақмола облысында 1896 жылы 13 мектеп пен медреседе 547 оқушы, ал 
1907 жылы 15 мектеп пен медреседе 970 оқушы оқыған Сабитов, 1950: 34). ХХ ғасырдың 
басында қазақ даласындағы мектеп-медреселердің дені оқытудың жаңа әдісін қолданды.
1913 жылы бүкіл Түркістан өлкесінде жәдидшілдік бағыттағы 92 мектеп-медреселер 
қызмет еткен. Қазақстанда атап айтқанда, Верныйда Ғабдулуәлиевтер, Ақсуда 
«Мамания , Қапалда «Якобия , Зайсанда «Қазақия және «Ғизатия , Қарғалыда 
«Әмирия және тағы басқа медреселер ашылды. Бұл оқу орындарының шәкірттері 
жылдан-жылға көбейіп отырған. Қарғалыдағы «Әмирия медре-сесінде 1912 жылы 150-
ден артық бала дәріс алды Байтұрсынов, 1913: 311). 
Жергілікті оқу орындарынан бөлек, қазақ жастары мұсылман білімінің 
орталықтары болып табылатын Еділ бойы және Орта Азия оқу орындарынан білім алып 
отырды. Батыс және Солтүстік қазақтарынын арасында Қазандағы Мұхамедия, Уфадағы 
Ғалия, орынбордағы Хусайния медреселері ықпалды болды. Ал Оңтүстік қазақтарының 
арасында атақты Бұхара медресесі аса жоғары беделге ие болды.
Ұлттың дербестігін сақтаудың басты құралдарының бірі ретінде исламға жүгіну
кітап басылымдарында діни тақырытың белең алуынан да айқын байқалады. Алғашқы 
газет-журналдардың 
пайда 
болуымен 
бірге, 
Қазан, 
Орынбор 
және 
Уфа 
типографияларынан қазақ кітаптары да жаппай тираждармен шыға бастады, және сан 
жағынан қазақ кітаптары ресей халықтарының ішінен тек татарлардан ғана кейін тұрды. 
Бұл кітаптардың дені діни тақырыпта болды. Әсіресе қисса-дастандар ерекше маңызға ие 
болды. Солардың ішінде «Салсам , «Мұхаммед-Ханафия , «Зарқұм , «Шади-торе , 
«Сияр-Шериф қиссалары, сондай-ақ Кашаф-уд-дин Шахмарданның «Әбіл Харис , 
«Шах-Махмұд дастандары барынша кең таралды. Қисса-дастандарда діни тақырып 
қарапайым қазаққа түсінікті болу үшін ұлттық ділге жақындатылып берілді. «Касым-
шамарт , 
«Хаттым-тай-Жомарт немесе Қарынбай туралы мысал-әңгімелерде 
мұсылманның қонақжайлылығы, кеңпейілдігі, жомарттығы насихатталып, керісінше, 
кедей-кепшікке садақа, зекет берейтін сараңдар аяусыз сынға алынады. Қазақтар арасында 
қиссалардың кең таралғандығы, маңызды болғандығы жөнінде өткен ғасырдың аяғына 
дейін ғана жүзге таяу қисса жарық көргені айғақ бола алады, олардың кейбірі 5-10 реттен 
қайта басылып шыққан Асанова, интернет-ресурс). «Әдебиет қазақия , «Ахуал-хималы , 
«Хакияб Шагафар , «Нәсихат қазақия , «Айна , шығармалары ерекше сұранысқа ие 
болды, оларда қарапайым, түсінікті тілде ислам негіздерін білу, барлық мұсылман 
амалдарын қатаң түрде орындау қажеттігі дәлелденеді. Бұл кітаптардың авторлары 
молдалар еді, сондықтан кеңес дәуірінде оларды клерикалды-реакцияшыл бағыттағы 
авторлар қатарына жатқызып, әдеби мұраларын зерттеуге тиым салынған болатын. Іс 
жүзінде, Әбу Бәкір Кердері, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Шахмардан сында авторлардың әдеби 


және практикалық қызметі ХХ ғасыр басындағы ағартушылық, жәдидшілдік 
қозғалысының арнасында болды десек жаңылыспаймыз.
Қазақстандағы ислам дінінің тағы бір ерекшелігі – дінбасылары жергілікті 
халықтан, яғни қазақтардан емес, келімсек халықтардан, яғни қожалардан шықты. Мұны 
Қазақстандағы орыс шенеуніктері, ғалымдары да көрсетеді, мысалы, Н.П.Рычков былай 
деп жазады: «Они, казахи, не имели собственно своих священников, но вместо того в 
осеннее время посещают их ходжи, ахуны, муллы, приезжающие из Ташкента, Туркестана 
и Хивы . Діни оқу орындарының көбеюіне байланысты жергілікті қазақтардың арасынан 
да молдалар шыға бастайды. Қазақтан шыққан молдалардың бұрынғы қожа-молдалардан 
ерекшелігі зайырлы мәселелерге анағұрлым ашықтығы, сол дәуірдегі көкейкесті 
мәселелерді көтеруі болды. Ғасырлар межесіндегі ұлттың ділін сақтап қалу мәселесіне 
қоғамның көзі ашық, сауатты бөлігі ретінде молдалар да өз үнін қосты, олар ескі 
молдалардан ерекше, оқытудың жаңа тәсілін қолдады, қоғамның алға қарай дамуының 
жанашыры болды, осы негізде біз оларды да жәдидшілер қатарына қосамыз.
Кейінірек жәдидшілер тек мәдени-ағарту идеяларымен ғана шектеліп қалмай, саяси 
идеяларды да алға тарта бастады. Жәдидшілдерге еуропалық саяси ойдың, әсіресе 
конституциялық идеялардың әсері, сондай-ақ Осман империясындағы жас түріктер 
қозғалысының ықпалы зор болды. Олардың пікірінше, исламның құндылықтары 
парламентаризмге қайшы келмейді, тіпті Құран мен Суннаның рұқсат берген ұжымдық 
шешім қабылдау – шура идеясы парламентаризмнің негізінде жатыр. Жәдидшілдер 
Ресейдегі 1905 жылғы төңкерістен кейін конституциялық монархия, жергілікті өзін өзі 
басқару, жалпыға бірдей сайлау құқығы және т. б. демократиялық идеяларды қолдайтын 
«Мұсылман одағы «Иттифак аль-Муслимин«) партиясын құрды. 1907–1917 жылдар 
аралығында төрт мәрте шақырылған Мемлекеттік Думаға мұсылман аймақтарынан 
депутаттар сайланды. Мұсылман фракциясын құраған олардың арасында жәдидшілдікті 
қолдайтындар көп болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет