Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет111/236
Дата04.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#189815
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   236
Байланысты:
Күдеринова Құралай монография Қазақ жазуының тарихы

ж 
әрпі орнына
 и 
таңбасы,
 с 
әрпі орнына
 ш 
таңбасы жазы-
лып кеткен.
3. Түбірдің соңы қандай дыбыс болса да қосымша ұяңнан не
үндіден басталған.
4. Дауысты дыбыстардың алдынан үнсіз алиф пен дыбыстық
мәні бар маддалы алиф жүйелі түрде жазылған.
VIIІ-ХІХ ғғ. қадим жүйесімен жазылған 
қазақ қолжазбалары
1) 1732 жылғы Әбілхайыр ханның патша атына Таукелев
арқылы жазған хаты;
2) Әбілхайыр ханның Ресей патшасы Елизаветаға 1742
жылы жолдаған хабарламасы;
3) Абылай сұлтанның Сібір губернаторы Сухаревқа 1745
жылы жазған хаты;
4) 1748 жылғы кіші және орта жүз старшиналарының патша
атына Нұралыны хан қылып бекіту жайында жазған өтініші;
5) Тіленші Бөкенбай ұлының 1783 жылы Шерғазы сұлтанға
жолдаған хаты;
Бұл мәліметтер Г.Мамырбекованың жоғарыда аталған зерттеу еңбегінде 
көрсетілген.
6) Кіші жүз старшиналары мен ақсақалдарының 1785 жылы
І
Екатеринаға жазған хаты;
7) Нұралы ханның 1785 жылы Игельстромға жазған хаты;
8) 1785 жылғы кіші жүз ақсақалдарының Әбілхайыр балала-
рын хандықтан аластауын сұрап ІІ Екатеринаға жазған хаты;
9) Ералы сұлтанның Нұралы хан мен Айшуақ сұлтанды
тұтқыннан босатуын сұрап полковник Д.А.Гранкинге 1787
жылғы 4 тамызда жазған өтініші;
10 Қара Көбек би мен Шұбар бидің Орал казак әскерінің
атаманы Д.Дансков пен Сібір және Уфа өлкесінің губернаторы
А.А.Пеутлинді орнынан алуын сұрап А.А.Безбородкоға 1790
жылы жазған хаты;
11) Сырым Датовтың 1790 жылы ІІ Екатеринаға жолдаған
хаты;
12) Тіленші Бөкенбайұлының Айшуақ сұлтанның Орал
казак әскерімен бірігіп қазақтарды тонағаны туралы Шерғазы
сұлтан Қайыпұлына 1793 жылы жазған хабарламасы;
13) Кіші жүз сұлтандарының 1794 жылы ІІ Екатеринаға
жазған өтініші;
14) Айшуақ сұлтанның ішкі істер министрі В.П.Кочубейге
1803 жылы жазған хаты;
15) Кіші жүз сұлтандары мен старшиналарының 1803 жылы
қабылдаған анты;
16) 1808 жылғы Қаратай ханның Орынбор шекара комиссия-
сына жолдаған хаты;
17)Айшуақ ханның император І Александрға Жантөре
ханның өлгенін мәлімдеп Шерғазы Айшуақұлын хан
тағайындауын өтініп 1809 жылы қарашада жазған хаты;
18) Бөкей ордасы сұлтандарының Шөке сұлтанға Бөкей
ханның өз ұлы Жәңгір сұлтанды тақ мұрагері деп өсиет еткен-
дігін мәлімдеген 1815 жылғы 25 маусымда жазған хаты.
19) Шерғазы ханның К.В.Нессельродке Бөкей Ордасы
сұлтандарының Орал маңындағы далаға көшуіне рұқсат сұрап
1821 жылы 5 тамызда жазған хаты;
20) Орта және кіші жүз сұлтандарының Шерғазы ханның
орнына Арынғазы сұлтанды хан қоюын сұрап губернатор
П.К.Эссенге 1817 жылғы 6 тамызда жазған өтініші;
21) Шерғазы ханның сыртқы істер министрлігіне гу-
бернатор П.К.Эссен мен шекара комиссиясының төрағасы
Г.М.Веселицконың үстінен жазған 1819 жылғы қыркүйектегі
арыз-шағымы;
170
171


22) Шерғазы ханның император І Александрға Арынғазы
сұлтанның өзіне жасаған шабуылы туралы 1820 жылы қаңтарда
жазған хабарламасы;
23) Арынғазы сұлтанды Ордаға жіберуін өтініп билер мен
сұлтандардың 1822 жылы І Александрға жазған өтініші;
24) Шерғазы сұлтанның К.В.Нессельродке Арынғазы сұлтан
мен Қара Жігіт молданы Петербордағы қамаудан шығаруын
сұрап жазған 1822 жылғы қазандағы өтініші;
25)
Байұлы руының атаман Д.М.Бородинге қазақ арасындағы
дау-дамайдың Арынғазы сұлтанның Ресейде тұтқындалуынан
кейін бірден өршіп кеткенін жазған 1822 жылғы мәлімдемесі;
26) 1822 жылғы 24 желтоқсанда жазылған Жоламан Тіленші
және би, старшина, батырлардың Орынбор әскери губернаторы
П.К.Эссенге Арынғазы сұлтанды босатуын және Елек пен Орал
өзені аралығындағы жерді қазақтарға қайтаруын сұрап жазған
өтініші;
27) Кіші жүз сұлтандарының губернатор П.К.Эссенге Орал
бойындағы қазақтарға Жәңгірді хан сайлуын сұрап 1824 жылғы
3 қаңтарда жазған өтініші;
28) Қаратай ханның губернатор П.К.Эссенге 1825 жылғы 22
қазандағы мәлімдемесі;
29) Әбілхайыр ханның патша атына 1832 жылы Таукелев
арқылы жолдаған хаты;
30) Қарабай ұлының 1835 жылы генерал Минске жолдаған
арызы;
31) Махамбет Өтемісұлының 1839 жылы Хиуадан жолдаған
хаты;
32) Сұлтан Т.Саматовтың 1845 жылы Н.И.Ильминскийге
жазған хаты;
33) 1852 жылғы Орынбор шекара комиссиясының жергілікті
әкімшілік орындарына жолдаған нұсқауы;
34) Тілмаш
Ш.Көшербаевтың
1859
жылғы
Н.И.Ильминскийге жазған хаты;
35) Н.И.Ильминскийдің 1859 жылы Самрекеге жазған хаты;
36) Шыңғыс Уалихановтың 1860 жылы Шоқанға жазған
хаты;
37) Шоқанның 1860 жылы әкесіне жазған хаты;
38) Ы.Алтынсариннің 1883 жылы Б.Кейкинге жолдаған
хаты;
39) Абайдың қатысуымен 1885 жылы Қарамолада жасалған
ережелер;
40) Генерал Таубенің 1890 жылғы бұйрығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   236




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет