Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет141/236
Дата04.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#189815
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   236
Байланысты:
Күдеринова Құралай монография Қазақ жазуының тарихы

б-п,
т-д, ж-ш, з-с, ш-з 
фонемалары болды.
Бүгінгі емлемізде қосымшалардың түбірдің соңғы дыбы-
сына немесе түбірдегі дауыстыға үйлесіп жазылуы проблема
тудырмайды. Аффикстік морфемалар болсын, сөз тудырушы,
түрлендіруші жұрнақтар болсын бірнеше (әдетте жазуда
алтауға дейін, ауызша тілде 9-ға дейін) нұсқада жүреді.
Ал А.Байтұрсынұлы, мысалы, жедел өткен шақ жалғауын ұяң
вариантымен ғана жазуды дұрыс көрген. “Сондай орындарда
күңгейленбейтін айқын жерге келтіріп айтып, сондағы естілуін-
ше жазу. Мәселен: 
“Қасекең сау күндегі әнге басты”
дегенде
“басты” 
деген жіктік жалғауында
 
“т”
 
естіле ме, “д”
 
естіле ме”
– Дүдәмал, ашық емес. Қасындағы “с” дыбысының әсерімен
күңгейленіп, анық естілмей тұр. Күңгейленіп тұрған дыбыстан
аулақ, басқа жерге қойып айтып көру керек. Мәселен,
“Қас
екең
сау күндегі әнге салды”
десек,
 
қай дыбыс екені анық
естіледі.
 
Сол сияқты септік жалғаулары да көмескі естіліп,
дүдәмалдік танытатын жерлерде, аяғында әсер етпейтін дыбыс
бар сөздерге жалғап қарау керек дейді.
Позициялық әсері болмайтын дыбыстарға 
л,
р,
з
фоне-маларын
жатқызады. Мысалы:
балдың,
қардың,
қозда.
Бұл дыбыстардың
неге позициялық әсері болмайтынынан бұрын, ал-дымен
ғалымның осы жазу арқылы қазақ тілінің типологиялық сипатын
айқындап алғысы келгенін байқайтын сияқтымыз. Яғни тілдің
қатаң дыбысталуынан гөрі жұмсақ, үнді болып естілуін қалаған
сыңайлы. Осы дәйексөз алған мақаланы жазған жылы
А.Байтұрсынұлы
Алма-Ата
қаласының атын
Алматы
етіп
жөндеуді ұсынған Т.Шонанов екеуінің хатында “
-ты
вмес-то
современной 
-лы, -ды
свойственно тюркским языкам в час-тности
казахскому … 
-ты,
в казахском языке является более древним чем
другие формы этого рода” деп, қазақ даласында
Шідерті, Қалдығайты, Бұлдырты, Мойынты 
деген жер атаула-
ры ұяңдамай сақталып отырғанын айтады.
Бұл арада мәселе ғалымның бір мәселеге екі түрлі көзқарасы
болғанын көрсету үшін емес, болмаса жазу нормасын не-
гіздеуде “дүдәмал” жерге иек артқанын қателікке шығару үшін
емес, жалпы қазақ жазуында қосымшалардың немесе
шылаулардың позицияға тәуелді реңктері таңбаланғандарын,
морфонологиялық құбылыстар ғана емес, фонетикалық
құбылыстар да таңбалағанын айтқымыз келді.
Ғалымның шартты рай жұрнағы 
-са, -се
ме, әлде 
-ша, -ше
ме
дегенді анықтау үшін неғұрлым тәуелсіз позиция ретінде
қонса, сепсе, келсе, қуса, қанса 
тұлғаларын таңдап алуы
 

 кеш-
ше
(кешсе),
пішше
(пішсе)
 
сөздерінде бұлар әлсіз позицияда
алдыңғысында әлді позицияда тұрғанын анықтағаны.
Сондай-ақ ғалым
Қорғамбай

Қорғанбай,
Арғымбай

Арғынбай, Тасқымбай – Тасқынбай, қоңған – қонған, жоңған –
жонған, жаңған – жанған, көңген – көнген, өңген – өнген, сеңген
212
213


– сенген, күңге – күнге
тұлғаларының соңғылары дұрыс,
 
өйткені
сөздің түбірі 
“қорғам”, “арғым” “тасқым”
емес 
қорған,
арғын,
тасқын 
болады деп анықтайды.
Сондай-ақ [
н
] дыбысын
қ,
ғ,
г
дыбыстарының әсерінен
айырсақ, дүдәмалдық жоғалады,
“қоныс”, “қондық”, “жону”,
“жондым”, “жанып”, “жанды”, “көніп”, “көнді”, “өніс”,
“өнім”, “мініп”, “мініс”, “сеніп”, “сенім”, “күнде”, “күндік”
дегенде, “ң” емес, “н” екені айқындалады дейді ғалым.
А.Байтұрсынұлының бұл ойлары емлені әлді позицияға
қойып тексеру әдістері арқылы негіздейтін бүгінгі орыс жазу
нормасында енді айтылып жүр. Ғалымның келесі негіздеген
мәселесі – жалғаулықтардың сөздің аяққы дыбысына қарап ай-нып
келуі жайында. Автор мұнда
мен,
менен,
бен,
бенен,
пен,
пенен
шылауларының ұяң,
 
үнді варианттарына артықшылық
 
беріп, қатаң
вариант позициялық өзгерістің әсері дегенді айтқан. Қайталап
айтсақ, ғалымның қазақ сөздерін жұмсартып айту жағын қатты
назарға алғанын байқаймыз. Оған дәлел: 
“Аспан
ба?”, “асбан 
ба?”

 
дүдәмал екен,
 
жоғарыдағы айтылған жол-мен айқынға шығарып
алу болмайды екен. Сол сияқты сөздер өте көп болмағанмен, қазақ
тілінде ұшырайды: 
дұспан

дұсбан,
оқпан – оқбан, кетпен – кетбен, шекпен – шекбен
тағысын
тағылар. Бұлардың “п” мен “б” дүдәмал болған орындағы ашы-
луы ылғи “б” жағына болғандықтан, “б”-мен жазу. Түбін қарап
тексергенде де, солардың көбі “б”-мен жазылуға тиіс болып
шығады. Мәселен: 
“асбан”, “дұсбан”, “данышбан”, “кетбен”
деген сөздер 
“асман”, “дұшман”, “данышман”, “кетмен”
де-
ген сөздерден шыққан: “м” дыбысы “б” дыбысымен алмасып
отырады.
“Қақбан”, “қақба”, “қақбақ”, “өкбе”, “оқыбан”
секілді сөздерде
“қақбан”, “қақба”, “қақбақ”, “екбе”,
“оқбан”
дегеннен дыбыстары алмасу мен
“б”
дыбысты сөз екені
көрініп тұр” деген жолдар.
Мұнда жазу тарихы, жазудың өзіндік ерекшелігі тұрғысынан
келсек, А.Байтұрсынұлының араб жазу дәстүрін үзбеу, жазу
дәстүрін сақтау жағына көбірек көңіл бөлгенін байқаймыз.
Қазіргі қазақ жазуының бір проблемасы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   236




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет