Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы


-дәріс. Қазақ жазуындағы емле ұстанымын



Pdf көрінісі
бет140/236
Дата04.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#189815
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   236
Байланысты:
Күдеринова Құралай монография Қазақ жазуының тарихы

11-дәріс. Қазақ жазуындағы емле ұстанымын 
таңдау қағидаты (Байтұрсын принципі)
А.Байтұрсынұлының тіл біліміндегі алатын орнын белгілі
ғалым Н.Уәли бір сөзбен былай деп түйген еді: “Жалпы тіл
білімінде тұңғыш фонолог деп әдетте әліпби түзушілерді атай-
ды (олардың фонологиялық зерттеу жазуы шарт емес). Олай
болса қазақ тіл біліміндегі алғаш фонолог – А.Байтұрсынұлы”.
А.Байтұрсынұлының қазақ тіл білімінің өзге салаларындағы
еңбегі бір төбе болса, әліпби, жазу теориясы, емле жайындағы
еңбегі бір төбе. Оның ішінде қазақ жазуының емле ұстанымын
айқындаған алғашқы ғалым.
Емле принципі.
Ең бірінші,
 
А.Байтұрсынұлы жазудың негізі
екеу (таңба негізді және әріп негізді), ал жүйесі төртеу (таңбаша,
дағдыша, туысша, дыбысша) деп көрсеткен. Бұл жалпы жазу
теориясындағы жазу типі мен жазу түрлеріне сәйкес келеді.
Мысалы, Л.В.Зиндер жазудың тегі семасиографиялық немесе
идеографиялық және фонографиялық болып бөлінеді дейді.
Ал 
таңба жүйелі емле,
тарих жүйелі емле, 
туыс жүйелі емле,
дыбыс жүйелі емле
деп орфографиядағы тарихи принцип,
этимологиялық принцип, морфологиялық, фонетикалық при-
нциптерді атағаны.
Бүгінгі ағылшын жазуын дәстүрлі немесе тарихи принцип-
пен жазылады дегеннен гөрі, әр сөздің жазылуын жаттауға тура
келетін идеографиялық принципке жақындайды деген пікірлер
де ғалымның осы көзқарасын растайды.
Л.В.Щерба этимологиялық принцип деген морфеманы сақтап
жазу, яғни морфологиялық принцип, бұл бір жағынан тарихи
принципке жақын деген. Сонда таңба жүйелі емле (А.Б.) – тари-
хи принцип (Л.В.Зиндер), тарих жүйелі (А.Б.) – этимологиялық
принцип (Л.В.Зиндер), туыс жүйелі (А.Б.) – морфологиялық
(Л.В.Зиндер) принцип болып сәйкеседі.
Қазақ жазуының алғашқы кезеңі емле принципін айқындап
алу қиындылығымен өлшенді десек, бұл шешуші міндет-ті
ғалым “туыс жүйелі емленің де, дыбыс жүйелі емленің де
түкпіріне қиналмай өтетін, екеуінің арасынан жол тауып бере-
тін” төмендегі ұсыныстар арқылы шешкен:
“1. Әрбір өз алдына түбірі бар сөз оңаша айтылғандағы
естілуінше жазылу.
2. Азған сөз азған күйіндегі естілуінше жазылу.
3. Үйлестікпен дүдәмәл естілетін болған дыбыстар айқын
орындардағы естілуінше жазылу.
4. Қосымшалар қосылатын сөздермен бірге жазылу.
5. Қосалқы сөз, қос сөз, қосар сөз, қосынды сөз – бәрі де
қосарлық белгімен жазылу.
6. Жалғаулықтар бөлек жазылу орындарынан басқа жағы
жалғау ережесінше болады.
7. Үйір айтылатын сын есім мен зат есім бөлек жазылу.
8. Көсемше, көмекші етістіктер бөлек жазылу”.
Бұл пікірді “полагаю, что практически для тюркских наро-
дов самое правильное было бы – комбинация фонетического и
этимологического принципов, комбинация в каждом отдельном
случае своеобразная и разная, ибо правил общих тут никак не-
льзя дать” деп Л.В.Щерба да қайталады.
Және бүгінгі емлемізді айқындаған фонематикалық при-
нциппен сай келеді. Жалпы, бәрімізге белгілі 70-80жж. фоне-тика,
орфографияға қатысты оқулық, емле сөздіктерінде қазақ
орфографиясының негізгі ұстанымы морфологиялық, өйткені
сөзді естілуінше емес, түбір тұлғасын сақтап жазамыз деген
көзқарас орныққан болатын. Бұл Бодуэн де Куртенэнің фоне-ма
туралы ұғымын басқа бағытта қарастырып кеткен беделді
ғалымдардың (Л.Л.Щерба, Л.В.Зиндер) еңбегіне де байланысты.
Алайда бұл жайында кейінгі зерттеулер мен пайымдаулар арасын-
да қайшылық көріне бастайды. Соңғы уақытта “Фонематический
принцип предполагает мотивированность написания звуковым
обликом обозначаемого слова или морфемы без учета их слово-
образовательных связей. Действие фонематического принципа
проявляется там, где в разных словоформах одна и та же морфе-ма
пишется по разному, если в ней происходит живое позицион-
210
211


ное чередование: 
игра

розыгрыш,
безделье

беспокойствие”
деген және “Фонематический принцип имеет большую объясни-
тельную силу, чем морфологический: понятие фонематический
принцип полностью покрывает понятие морфологический при-
нцип и, сверх того, объясняет те факты, которые не могла быть
объяснены в терминах морфологического принципа, а именно,
неизбежные отступления от единообразной передачи морфем в
случае морфологических чередований” деген тұжырымдарын
басшылыққа ала отырып, қазақ орфографиясының негізгі при-
нципі фонематикалық екенін алғаш дәйектеген Н.Уәли қазақ
емлесінің негізгі ұстанымын белгілі бір фонеманың дыбыс
түрленімдері ішінен фонетикалық ортаға неғұрлым тәуелсіз түрін
жазу болып табылады деп анықтады.
Әлді позициядағы дыбыс тіркесімдері жазуға біршама
сәйкес екендігі, әлсіз позиция әлді позициядағы тұрпатымен
тексеріліп, негізгі реңкі айқындалатыны қазіргі емленің басты
әдіс-тәсілдеріне жатады. Бұл әдісті кезінде А.Байтұрсынұлы:
“Сөздің ауыздан шығуының өзі екі түрлі болады. Сөйлегенде
сөздер бір-біріне жалғаса айтылғанда бір түрлі, әр сөзді оңаша
жеке алып айтқанда ауыздан екінші түрлі болып шығады.
...Жеке айтқандағы ауыздан шығуынша жазу түрін біздің қазақ
қолданып келеді”, – деген екен: “Сондықтан емлемізді туыс
жүйесіне қатысқан жүйелеріне қарамай, көпшілігіне қарап,
дыбыс жүйелі деп атап келдік. Дыбыстар үйлес болғандықтан,
бірінің орнына бірі алмасып айтылатын дыбыстардың тегі тек-
серілмей, ауыздан шығуынша жазылсын ” деген ұсыныстар ба-
рын айтады ғалым.
“Туыс жүйені де, дыбыс жүйені де “аралас тұтыну керек
деу-шілер: керегіне қарап, екеуін де тұтыну керек дейді ...
сөйтіп сөз басына ереже жасайды ... ондай емле оңай болып
табылар ма” дейді А.Байтұрсынұлы.
А.Байтұрсынұлының орфограммасын шешіп алуды алдына
мақсат еткен әріп қатары “үйлестікпен дүдәмал естілетін” 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   236




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет