Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет139/236
Дата04.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#189815
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   236
Байланысты:
Күдеринова Құралай монография Қазақ жазуының тарихы

Оқуға арналған материал
А. Байтұрсынұлы және қазақ жазуының онтогенездік дамуы
А. Байтұрсыновтың «бес дауысты» жүйесін, біздіңше, былай
түсінуге болады. «Бес дауысты» жүйесімен әліпби түзе келіп,
Байтұрсынұлы бес инвариант-фонеманың әрқайсысын бір-бір
әріппен белгілейді. Сөйте отырып, әлгі әріптер арқылы жазуда әр
фонеманың екі түрлі әуезін (жуан, жіңішке) сол фонеманың
таңбасына сыйғызып береді. Сөйтіп, инварианттардың вариант-
тары үшін бас-басынан әріп алмай-ақ, дәйекші арқылы жуан не-
206
207


месе жіңішке (дәйекші болмауы – жуан оқуды, дәйекші болуы
– жіңішке оқуды) әуезде оқылатындай жазу жүйесін жасайды.
Сонымен, А. Байтұрсынұлы әліпби жүйесін, түптеп келгенде,
қазіргіден өзгешелігі әріптердің фонемалық мәнді бере оты-
рып, дыбыстық мәнді де (жуан-жіңішке әуезін) білдіріп, біте
қайнасып тұрған ішкі құрылымдық ерекшелігінде.
А. Байтұрсынұлы түзген әліпбидегі жүйені қатаң ұстана
оты-рып, тек бірер дауыссызды ықшамдап алатын болсақ (қ, к,
ғ, г-лердің орнына к, г-ні ғана алып), бұл әліпбидегі фонемалар
мен әріптерді сандық қатынасы 26 (фонема): 22 (әріп) болып
шығады. Мұндай қатынас, «әліпбидегі әріптің саны фонеманың
санынан аз-кем төмен болуға тиіс» деген жазудың жалпы шар-
тымен үйлесіп жатады.
Байтұрсынұлы тек әліпби түзіп қойған жоқ, фонология тео-
риясындағы айырым белгі әдісін қолдану арқылы қазақ тілінің ды-
быс жүйесінің түзілімін 9 дауысты, 19 дауыссыз деп тұңғыш рет
дәл анықтады. Дауыстылар мен дауыссыздарға берген сипатта-
масына қарағанда А. Байтұрсынұлы дауыстыларды функциянал-
дық басыңқы жүйе, ал дауыссыздарды функцияналдық бағы-
ныңқы жүйе деп таниды. Байтұрсын әліпбидегі дәйекші супер-
сегменттік бірлікті көрсетсе, жеке әріптер сегменттік бірліктер-ді
көрсетеді. Байтұрсын жазуының графемалық жүйесі тұрпат
межесі тұрғысынан сегменттік әрі суперсегменттік бірліктерді
(жуан, жіңішкелікті) белгіледі. Сондықтан да бұл жазу жүйесі
қазақ тіліндегі сингармонизм табиғатымен барынша үйлесімді
болады. Байтұрсын жазу жүйесінің бұрынғы араб әліпбиі не-
гізінде ескі қазақ жазу жүйесіне, орыс әліпбиіне негізделген жазу
жүйесінен принципті айырмасы осында еді. Байтұрсынұлына
дейін араб әліпбиіне негізделген қазақ жазуының тұрпат ме-жесі
жуан немесе жіңіщкелік белгілерді сегменттік бірлік түрінде,
дауыссыздардың ырқына бағындырып бейнелейді, яғни
дауыстылардың жуан, жіңішкелігі дауыссыздардың жуан немесе
жіңішкелік таңбасына қарай оқылады. Ал бұл аталмыш жазудың
мазмұн межесі ортағасырлық жазба тілге тән архаикалық бел-
гілерді, оғыз қыпшақтық, қазақтық элементтерді таңбалады. Ал
орыс әліпбиіне негізделген жазу, біріншіден, сөздің жуан немесе
жіңішкелігіне тән суперсегменттік белгілерді сегменттік бірлік
түрінде «бөлшектеп» берді, екіншіден, дауыссыздар жүйесінің
дауыстылар жүйесіне бағыныңқылық қатынасы ескерілмеді. Орыс
әліпбиіне негізделген жазудың мазмұн межесі халық
тілінің мағыналық бірліктерін, тұрпат межесі халықтық тілдің
дыбыстық жүйесін белгілеуге бағытталды.
А. Байтұрсынұлы түзген әліпбиді сол кезеңдегі
фонологиялық мектептің аға буын өкілдері, әлемдік
лингвистиканың көшбас-шылары болған Е. Д. Поливанов, Н.
Ф. Яковлев тәрізді көрнекті фонологтар аса жоғары бағалады.
Түркітанушы К. К. Юдахин мен А. М. Сухотин латын жазуына
көшкенше қырғыз халқының А. Байтұрсын әліпбиін сол
күйінде қолданғанын атап айта-ды. Мұның өзі А. Байтұрсын
әліпбиінің ұлтаралық мәртебесін көрсетеді.
Сондай-ақ, А. Байтұрсынұлы түзген әліпби жазу тәжірибе-
сінде жұртшылықты сауаттандыру ісінде өте оңтайлы болғанын
М. Дулатовтың мына пікірінен айқын аңғаруға болады: «Қазақ
тілін қолдана қалам ұстағаннан бері шылғи қазақша жаза бастаған
Байтұрсынов қазақ емлесі[н] шығарды, оқу құралдары[н] жазды.
Осы екі жылдың ішінде «Қазақ» газетасының тіл, емле туралы
қылған қызметі көзге көрінерлік болды. Екі жылдың ішінде орта
есеппен 250 мың дана «Қазақ» нөмірі тарады, жаңа сөйлеммен 15-
тей кітап шықты, бұлар 45 мың данадай бар. Осының бәрі қазақ
арасынан тарап жатыр. Бұл емлені тосырқап түсінбейміз, оқи
алмадық деген ешкімді естігеніміз жоқ. «Қазақ» емлесін
мұсылман медреселерінде, орыс школдарындағы шәкірттер,
учительдер, мұғалімдер жабыла қабыл еткендігі былтырғы
«Қазақ» нөмірлерінің көбінен көрінеді. Бұл екі жылдық қана
қызмет, иншала, мұнан кейін артпаса, кемімес үміт зор».
А. Байтұрсынұлы бұрын тек бір ғана формада, яғни ауыз-ша
түрде қызмет етіп келе жатқан әдеби тілдің графикалық,
орфографиялық жүйесін жасап, оның жазбаша түрде қызмет
етуінің негізін қалады. Таңба теориясы тұрғысынан алғанда А.
Байтұрсынұлының жасаған араб әліпбиі негізіндегі жазу
жүйесі тұрпат межесі тұрғысынан ( в плане выражения) жалпы
халықтық тілдің бір формасы болып табылатын ауызша әдеби
тілдің дыбыс бірліктерін, ал мазмұн межесі тұрғысынан (в пла-
не содержания) аталмыш тілдің мағыналық бірліктерін бел-
гіледі. Қазақ тіл білімі тарихында А. Байтұрсынұлы қазақ
тілінің дыбыстық сегменттік бірліктері түзілімін дәлме-дәл
анықтауы арқылы ұлттық жазудың тұңғыш рет
фонемографиялық жүйесін жасады.
ХІХ ғасырдың аяғы, ХХ ғасырдың басында қазақ жазу-сы-
зуы демократиялық бағытқа бет түзеді; фонетикалық жазудан
208
209


фонемографиялық жазуға қадам басты; ұлттық жазудың негізі
қаланды. Қазақ жазуының онтогенездік дамуындағы бұл ерек-
ше кезеңде А. Байтұрсынұлы ақыл-парасаты, қажыр-қайраты,
лингвистикалық ой тереңдігі жағынан дара тұрған дәуірдің бір-
туар тұлғасы болды.
Нұргелді Уәлидің «Ұлттық рухтың ұлы тіні» 
кітабына жарияланған мақаласынан алынған үзінді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   236




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет