11-семинар. Қытай қазақтары
тіліндегі төте жазу ерекшеліктері
А.Байтұрсынұлының әліпбиі бүгінде Қытай қазақтары жазба
коммуникациясында қолданылады. Бұл туралы проф.
С.Жанболаттың сөзін тыңдасақ: «1924 жылы Орынборда
өткізілген қазақ-қырғыз білімпаздарының тұңғыш сиезі ресми
қабылдаған Ахмет Байтұрсынұлының қазақ алфавиті Қытайда
тұратын қазақтарға оңды да күшті дүмпу жасаған, оны «Жаңа
әліп-би», «Жаңа емле», «Байтұрсын емлесі», «А.Байтұрсынов
әліппесі» деген аттармен Қытайға тез жетуінен, 1925-1926 жыл-
дарда Құлжа, Шәуешек, Сарысүмбезе (Алтайда), Үрімшіде көзі
ашық зиялылардың үйренгенінен байқауға болады, он жыл өткен
соң, бұл әліппе айтылған қалаларда жаппай ашылған мұғалімдер
курстарында ресми сабақ ретінде оқытылды, тіпті «Әліппе
астары» (авторы К.Дүйсенбаев, Алтайда), «Жаңа әліп-
би» (Құлжада), «Әліппе» (Шәуешекте) дейтін оқу құралдары
басылып шыққан. Кей басылымдар, мысалы «Таң» дейтін жур-
нал 1938 жылы Үрімшіде осы әліппемен қазақша шығармалар
жариялай бастады.
А.Байтұрсынұлының жаңа әліппесі мен жаңа емлесінің
Шыңжаңдағы қазақтар арасында талассыз қабылданған ерек-
шеліктері мыналар болды:
1) Көне араб алфавитіндегі
ﺙ , ﺫ ,
ع
,
خ
қатарлы таңбалар мен
парсылар қосқан
ژ
сияқты әріптерді қазақ тілінде қажетсіз деп
шығарып тастау;
2) Қазақ тіліндегі дауысты дыбыс үшін 5 әріп
,ﻯ ,
ﺆ
, ﻭ , ﺍ
ه
қабылдап,
тіл алды
(жіңішке)
дауыстыларын дәйекше
(
ﺀ
)
арқылы (мысалы:
ﺍ
ﺀ
ﻭ ,
ﺀ
ﺅ
,
ﺀ
ﻯ ,
ﺀ
түрінде) тіл арты дауыстыла-рын
парықтау. Сөз басындағы дәйекше былайғы барлық буынды
жіңішкерте алады, табиғи жіңішке
ه
мен жіңішке буындарда
келетін
گ , ﻙ
әріптері бар сөздерге дәйекшені (
ﺀ
) қажетсіз деп
тану;
3) Қазақтағы
Достарыңызбен бөлісу: |