Қазақ орфографиясына қатысты бұл алғашқы ғылыми кон-
ференцияда мынадай негізгі мәселелер сөз болып, ұсыныстар
айтылды.
Емле принципі
туралы:
-
Емле фонетикалық принципке негізделеді. Фонетикалық
принцип былай түсіндіріледі: “Наш фонетический принцип
– не принцип фонетической академической транскрипции. Мы
понимаем под словам фонетическиим принципом пере-дачу без
искажения смысла слова, звуков нашей речи”. Яғни
фонетикалық принцип сөз мағынасын айыратын фонеманы
ғана таңбалайды дегенге саяды. Және морфологиялық принцип
те фонематикалық негізде түсіндірілді. “Но и там, где мы
применя-ем морфологический принцип, под этот принцип
подводим фо-нетическое объяснение, ибо по нашим
наблюдением нет такого пункта в нашем правописании и не
должно быть такого место в нашем языке, которой возможно
было бы объяснить фонетичес-ки” (Т.Шонанұлы).
-
қазақ тілінде диалект болмағандықтан морфологиялық
принциптің қажеті жоқ (Т.Шонанұлы, К.Юдахин, Е.Омаров);
түбірді фонетикалық, қосымшаны морфологиялық принциппен
жазуды тіл табиғаты қалайды, бірақ морфологиялық жазуды 15-
20 жылдан кейін енгізу (Е.Омаров);
-
шет сөзін түпнұсқа принципімен жазып, өз тіліміздің
дыбыстық құндағында (Н.Уәлиұлының термині) оқу
(Е.Омаров);
-
құрлы, қой, қана
сөздерін морфологиялық принциппен
жазу
(Е.Омаров), (К.Кемеңгеров);
-
Достарыңызбен бөлісу: