-шы жұрнақтарын (
барсайшы )
түбірмен бірге жазу
(К.
Кемеңгеров);
-
ғана, ғой, ма, көрі шылауларын фонетикалық принциппен
жазу (Е.Омаров);
-
барлық түркі тілдерінде палатал үндесім жетекші,
сондықтан емлеге осы үндесімді негіз ету (Т.Шонанұлы) деген
пікірлер болды.
Ал
ерін үндестігі туралы мынадай қарама-қарсы пікірлер
айтылды (стенограммадағы сөйлеу стилі өзгертілген жоқ):
- ерін үндесімі бұдан 50-60 жыл бұрын күшті болса
(В.В.Радлов), бүгінде құрып барады (Т.Шонанұлы, Әлібаев) //
ерін үндесімі мүлде құрығаны ғылыми түрде дәлелденген жоқ,
сондықтан ойласу керек (Юдахин); // еріндіктерді бірін-
ші буыннан артық жазбау // eрін үндесімінің күші қазақ тілін-де
ІІ буынға дейін сақталуы тиіс және солай жазылуы қажет
(К.Кемеңгерұлы).
-
ерін үндестігін сақтау тиімсіз, бірақ шет сөздерді игерген-
де екінші буынға да жазу (Е.Омаров) // кірме сөздердің соңғы
буынындағы еріндікті алдыңғы буынға шығарып жазу
(
висмут-вұспит ) (Т.Шонанұлы).
Қысаң езуліктердің емлесі туралы: -
сөз аяғындағы
ы, і езуліктері қосымша жалғағанда
түсірілсе, түбірде де жазбау (Т.Шонанұлы);
-
қысаң езуліктерді мүлде таңбаламау:
млтқтң (Байділдин,
Әлібаев; // қысаңдарды барлық позицияда таңбалап отыру
(Е.Д.Поливанов).
Позициялық алмасуды таңбалау туралы:
-
емледе ілгерінді ықпалды ғана белгілеу (Т.Шонанұлы);
-
түбір мен қосымша аралығында
п-б, қ-ғ, к-г, п-у өзгерісін
белгілеу (Т.Шонанұлы);
-
аталған позициядағы
н-м, н-ң өзгерісін жазуда белгілемеу
(Т.Шонанұлы).