ы әрпін жазбау:
жапрақ, топрақ, шаңрақ, қоңрау .
Ал
ә, ұ, ү әріптері орфограммасына қатысты бұл әріптер тек
бірінші буында жазылады дегеннен соң
сірә, күнә, бұлбұл сөздерін
ескертуге шығармай (Т.Жанұзақов, Ғ.Сұлтанғалиев, Б.Нұрғазина),
а -түрінде заңдастыру;
а-ә, ұ-ы әріптерінің орфог-раммасы күдікті
болса, қосымша жалғап анықтау ұсынылды:
Күлашқа, шайға, жайластыр. .
Ащы, кеще, тұщы сөздерін екі
ш -мен беру ұсынған;
я
, ю әрпін
миуа, қиуа, айуан сөздерінде де қолдануды ұсынған пікір-
лер бар (Мұсабекова Ф., Сейтмұратов Б.).
Сондай-ақ,
х әрпімен келетін сөздердің барлығын сөздіктер
мен ережелерде арнайы көрсетуді (
құрмет-хұрмет, бұқара- бұхара сөздерін жазуда да ала-құлалық көп) (Ш.Сарыбаев);
және бұл таңбаны тек орыс тілінен енген сөздерде қолдануды
ұсынатын,
Һ әрпін әліпбиден шығару жағын қолдайтын пікір-
лер де болды. Ал
қазір, қайтіп, қадір сияқты бейүндес сөздерді
бірыңғай жуан жазу (Б.Нұрғазина);
к-г, қ-ғ, п-б ұяңдау про-
цесін кірме сөздерде де пайдалану:
принцип-принцибі, альма- нах-альманағы, цех-цеғы (Б.Нұржекеев)
сияқты пікірлер көңіл
аударарлық.
Бірге, бөлек жазу проблемасына бірнеше мақалалар
арналған. Оның ішінде мынадай ұсыныстарды атауға болады:
жаңа сөзді бірден біріктіріп жазу (Ғ.Мұсабаев), біріктіру ама-лын
сөзайналым процесі ретінде қарау, сондықтан,
аққұман, ақсаусақ, желөкпе сияқты сөздерді бірге жазу,
бір ұғым емес,
бір заттың
атауы болатын сөздерді бірге жазу, күрделі сапалық сын есімдерді
бірге жазу:
қараторы, аққұба, б іріккен сөзді ай-тылуы бойынша
жазу, соңғы сыңары тәуелдік тұлғада тұрған барлық сөздерді
бөлек жазу (А.Абдрахманов), айтылуы бірдей, мағынасы басқа
сөздерді екі түрлі жазу:
ұр да жық – ұрдажық т.б. (Ж.Жолаев),
“жеке мағынасын сақтап тұрған сөздерді біріктіру-ге әуес болмау”,
біріккен сөзді кіріктіріп жазу (С.Жиенбаев.).
Міне, 40-60жж. аралығында емлеге қатысты жарық көрген
мақалалардағы пікірлер сипаты осындай болды.
282
283