Оқуға арналған материал
Біріккен сөзді қалай жазуымыз керек?
1957 жылы 5-июньде Қазақ
??? ?
оғарғы Советінің Президиумы
бекіткен «Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері»
бойынша Тіл білімі институты 1963 жылы үлкен орфографиялық
сездік шығарды. Бұл елеулі еңбек жұртшылық үшін
сауаттылықтың құралы болғаны рас. Сол сөздік шыққаннан бері
он жылдай уақыт өтті. Осы уақыт ішінде оның көптеген жақсы
жақтарымеи қатар, біраз кемшіліктері де байқалып қалды. Оны
пайдаланушылар алдымен онда әдеби тілдің сөз байлықтары
жеткілікті дәрежеде қамтылмағанын, біріккен және дублет
сөздердің жазылуы ала-құ- ла екенін, кейбір сөздер то-бына
жалғанатын қосымшалардың шәлкестігін көп айтатын болды.
Сөздікте байқалған осындай кемшіліктерді ескеріп, Тіл білімі
институтының Тіл мәдениеті бөлімі оны толықтырып, қайта
шығару жұмысын қолға алып отыр.
Осы тұста ерекше көңіл бөлінуге тиісті мәселенің бірі біріккен
сөздердің жазылу жайы. Аталған сөздікте, басқа да баспасөзде
біріккен сөздердің жазылуында тиянақ жоқ, шым-шытырык екені
рас. Сондықтан, оқу орындарындағы шәкірттер, студенттер дик-
тант жазғанда мұндай қателер есепке енбейтін болды. Өйткені, ол
туралы бір мұғалімнің дұрыс дегенін, екіншісі бұрыс дейді. Оған
әрқайсысының өздерінше «дәлелдері» болады, бірақ табан
тірейтіндей, ережеге жүгіне алмайды. Бұл жайғада ғалымдар
арасындағы пікір таласы да біріне бірі қарама-қарсы. Біреулер
барлық біріккен сөзді біріктіріп жазуды жөн десе, біреулер олар-
ды саралап барып біразын бірге, біразын бөлек жазуды, кейбіре-
улер бәрін де жаңаша; бөлек-бөлек жазуды құп көреді. Пікір
алалығымен ұштасқан қиыр-шиыр жазу сөздіктерден, басқа да
кітап, журнал, газеттерден арылмайақ қойды. Баспасөздегі он-дай
ала-құлалық жазу мәдениетіне кесірін тигізіп жүрген жоқ па?
Сондықтан осы мәселе жөнінде баспасөзде пікір алысып, бір
тоқтамға келу керек-ақ.
Әр нәрсенің пайда болу, даму, толығу арнасы болады ғой. Сөз
де солай. Оның да молаю, жетілу қоры бар. Бір саулықтың егіз-
егізден сегіз болатынындай, бір сөзден бірнеше жаңа сөз пайда
болады. Соның бір елеулі тәсілінің бірі – екі сөзді қосақтап, не,
біріктіріп бір сөз етіп айту. Сөз бен сөздің қосақталып, теңін та-
уып сөз тіркесінің құрамына енуі оның әрқайсысының ең басты
грамматикалық қасиетінің бірі.
Атам заманда бірігіп, әбден тігісі жатық болып кеткен бүгін,
биыл, сексен, тоқсан, білезік, ағайын деген тәрізді сөздердің о бас-
та екі түбірден құ- ралғанын жұрттың бәрі біле бермейді. Оларға
қарағанда жолбарыс, байшешек, қолғап, ашудас, белбеу сияқты
сөздердің кұрамы жер бетіне жақын жатқан кен байлығының
белгілі қосындыларындай жұртқа белгілі, түсініктірек.
... Шатыс жайлар бұрынғы орфографиялық сөздікте көп кез-
деседі. Мысалы, ақ сөзінен кейін 87 сөз тіркесі берілген. Сол
топтағы ақ айыл, ақ аю, ақ білек, ақ қараған... тәрізді сөздер
бөлек жазылатындықтан ақборан, ақжарқын, ақжауын, ақжем,
ақкөңіл, аққаптал, аққұйрық (шай), ақниет, ақсүйек (ойын),
ақтаспа (шөп), ақтабан (шұбырынды) сияқты бірге жазы- луға
тиісті сөздер де бөлек жазылган. Осылайша әрбір біріккен
сөздің жазу тағдырын оның бойындағы қасиетіне қарап
шешпей, бөлек жазылуға тиісті басқа сөз тіркестерінің ырқына
көндіріп жазуда ешбір ғылыми негіз жоқ.
Біріккен сөздерді бөлек жазғанда, оңайлық қуғаннан басқа
табатыңымыз бар ма? Табатынымыз жоқ, зияны көп: біріккең
сөздердің кез келгенін бөлек-бөлек жазу дегеніміз оларды
сөздіктердің реестр қатарына енгізбеу деген сөз.
Біріккен сөздердің қалыптасуы олардың жасалу тарихымен
байланысты болатындықтан, лексикалану жағынан жаңалары
көнелері мен бірдей бола бермейді. Тіпті кейбір сөздер түйдегінің
біріккен сөз немесе сөз тіркесі екенін айыру да қиын.
...Мысалы, темір жолшы, аудан аралық, ақ қайың, тоқ ішек,
тоқпан жілік, бір тұтас, тіс қаққан, бас қамы, жел өкпе, қырғи
қабақ сияқты фразалық тіркестерді де біріктіріп жазып қоя бе-
ретіндер бар.
Орфографияда пікір таласын тудырып жүрген осы
мәселелерді бір ізге салу біздің парызымыз. Қалай да қайта ба-
сылып шығатын орфографиялық сөздікте осы күнге дейін тіл
мәдениетінің дамуына кесірін тигізіп келген кемшіліктер енді
жіберілмеуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |