«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
27
ЭХИНАЦИЯ
(
ECHINACEA
) ӨСІМДІК НЕГІЗІНЕН
СУБСТАНЦИЯ АЛУ ЖОЛЫ
Абуов С.
Ғылыми жетекшісі: PhD., доцент м.а Кипчакбаева А.К.
әл
-
Фараби
атындағы
Қазақ
ұлттық
университеті
Samat8775@gmail.com
Echinacea
- бұл негізінен суық тию мен тұмауды емдеу және алдын алу үшін
қолданылатын кеңінен сатылатын шөптік препарат. Үлкен клиникалық
сынақтардың теріс
деректері осы шөптің танымалдылығы мен сатылуына орташа және уақытша ғана әсер етті.
Echinacea
иммундық жүйені «көтеретіні» немесе инфекцияларға
көмектесетіні туралы
мәлімдемелер ешқандай нақты клиникалық дәлелдерге негізделмеген.
Echinacea
бойынша
аралас нәтижелер беретін көптеген шағын және нашар бақыланатын зерттеулер бар.
Жұмыстың мақсыты:
Echinacea
өсімдік негізінен субстанция алу.
Зерттеу нысаны ретінде Алматы облысының таулы аймақтарынын
жиналған
Echinacea
өсімдігін алдым.
Өсімдікті жинау, кептіру және ұнтақтау
ҚР Мемлекеттік Фармакопея, 1-
басылым талаптарына сай жұргізілді.
Echinacea
дәрілік өсімдіктің фитохимиялық құрамдас
бөліктеріне сандық және сапалық талдау жасалды. Зерттеу
нәтижесінде өсімдіктің
сапалылығының көрсеткіштері: ылғалдылығы – 9,67%, күлділігі – 13,1%, экстрактивті заттар
– 37,1% (70% сулы спирт ерітіндісінде) анықталды. Органикалық қышқылдар (3,3%),
флавоноидтар (2,11%), кумариндер (0,09%), тері илегіш заттар (3,2%), көмірсулар (1,6%)
сияқты
Echinacea
өсімдігінің жалпы биоактивті компоненттері анықталды.
Echinacea
үлгілері күлінің құрамынан минералды заттар атомды–абсорбционды спектрометр көмегімен
анықталды, оның ішінде ең көп мөлшерде болған элементтер: калий (962,125мкг/мл),
кальций (459,150 мкг/мл), магний (146,390мкг/мл), натрий (20,0375 мкг/мл) ,темір (24,3727
мкг/мл).
Echinacea
өсімдігіне жалпы экстракция жасалынды..
Echinacea
өсімдігін
зерттеу
жұмысы жалғасуда.
«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
28
Достарыңызбен бөлісу: