72
Статистикалық жинақ – шамамен көрсетілген
көріністер немесе
уақытпен жəне кеңістікпен шектелген көптеген бірыңғай белгілері мен
айырмашылықтары бар шамалар. Бірыңғай белгілер көрсеткіштерді
жиынтықтауды, ал айырмашылықтар (есепке алынатын белгілер) –
оларды өзгеше сараптауды қажет етеді.
Есепке алынатын белгілер мазмұнына қарай сапалық (атрибутивтік)
жəне сандық түрлерге бөлінеді.
Оған адамның жынысы, кəсібі жəне т.б.
жатады. Сандық белгілер цифрлармен белгіленеді. Атқаратын қызметіне
қарай есепке алынатын белгілер – себепті жəне қорытынды белгілерге
жіктеледі. Себепті белгілер өзіне тəуелді
белгілерді өзгерте алады, ал
қорытынды белгілер себепті белгілерге байланысты өзгереді.
Статистикалық жинақтың екі түрі бар: басты жəне таңдамалы
жиынтықтар. Басты статистикалық жиынтық – барлық бақылауға
алынған
бірліктерден тұрады, ал таңдамалы статистикалық жиынтық –
басты жиынтық ішінен арнайы таңдау əдісі арқылы құрастырылады.
Кез келген статистикалық жинақты зерттеудегі мақсат, олардың
жалпылама
қасиеттерін, заңдылықтарын анықтау болып табылады.
Себебі өте аз мөлшердегі көріністерді зерттегенде бұл заңдылықтар мен
қасиеттерді анықтау мүмкін емес. Статистикалық жинақты құрайтын
көріністерді бағалау үшін статистикалық шамалар қолданылады. Оның
ішіне
абсолюттік, салыстырмалы жəне орташа сандар кіреді.
Салыстырмалы шамаларды статистикалық жинақтың ішінде
белгілердің таралуын белгілеу жəне əртүрлі статистикалық
жиынтықтарды салыстыру үшін қолданады.
Көбінесе мынадай салыс-
тырмалы шамалар (көрсеткіштер) қолданылады.
1. Интенсивтік көрсеткіш= көріністердің абсалюттік мөлшері х100
(осы көріністерді туғызатын орта) ортаның абсолюттік мөлшері
2. Экстенсивтік көрсеткіш = Көріністің абсалюттік мөлшері х100
көріністер шамасының жалпы абсолюттік мөлшері
3. Арақатынас көрсеткіші= Көріністің
абсолюттік мөлшері
х100Е1000, 10000F ортаның абсалюттік мөлшері Е бұл көріністі
туғызбайтын F
Көрнекті көрсеткіш=
Экстенсивті көрсеткіштер көріністің құрамын көрсетеді. Мыса-
лы, аурушаңдық, өлім, мүгедектік құрамы.
Интенсивтік көрсеткіштер
ортадағы көріністің жиілігін көрсетеді. Мысалы, туылу, өлім,
аурушаңдық көрсеткіштері. Арақатынас көсеткіші – өзге ортадағы
белгілі бір көрсеткіштің жиілігі. Мысалы, тұрғындарды ауруханада
жататын орынмен жəне дəрігерлермен қамтамасыз ету дəрежесі.