76
Вариациялық қатар белгілердің
көріністердің статистикалық
жиынтық құрамында орналасу түріне жатады. Вариациялық қатар –
белгілі бір көріністің сандық мағынасын көрсететін қатар. Олар бір-
бірінен өзінің шамасы жағынан өзгеше болып, дəрежесіне
қарай орна-
ласады.
Вариациялық қатардың мінездемесіне жататындар:
(V) – вариант –зерттелетін белгінің (көріністің) сандық
•
мағынасы.
(Р) – жиілік белгісі - əрбір варианттың қайталану жиілігі.
•
(Σ) – жалпы бақылау саны (n=Σp), Σ – қосылу белгісі.
•
Вариациялық қатардағы варианттар жеке көрсетілсе оны жай қа-
тар дейді. Ал варианттар
топтастырылып көрсетілсе, оны топ-
тастырылған қатар деп атайды. Бұл жағдайда варианттардың қайта-
лану жиілігі көрсетіледі. Жай вариациялық
қатар бақылау санының аз
болуына байланысты, ал топтастырылған вариациялық қатар бақылау
санының өте көп болуына байланысты құралады.
Топтастырылған вариациялық қатарларды
құрастырғанда мынадай
шарттарды есепке алу керек:
1. Топтардың қатардағы санын арнайы бағана бойынша анықтау
керек.
Арнайы бағана деп қатардағы топтардың санын варианттардың са-
нына қарай анықтау кестесін (5-кесте) айтады.
5-кесте. Топтастырылған вариациалық қатарларды
Достарыңызбен бөлісу: