Оқулық Алматы, 012 М. Ə. Бөлешов ƏӨЖ 614(075. 8) Ббк 51. 1я73 б 78



Pdf көрінісі
бет24/86
Дата08.11.2023
өлшемі2,02 Mb.
#190373
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   86
Байланысты:
Бөлешов.2012.ҚДС.

Радиалды диаграмма
– шеңберлі координат жүйесінде құрылады. 
Ол көріністің даму барысын белгілі бір уақыт айналымында бейнелеу 
үшін қолданылады.
Жазық диаграммалар немесе бағаналы диаграммалар
көрініс-
тің өзгерісін немесе статистикасын бейнелеуге қолданылады. Мыса-


74
лы: аурухананың жататын орнының бірнеше жылдық өсімін əртүрлі 
биіктікте төртбұрыштармен бейнелеу. Тікбұрыштардың көмегімен 
көріністің құрамын да көрсетуге болады.
Секторлы диаграмманың
– көмегімен көріністің құрамын 
бейнелейді. Мысалы: аурушаңдық пен тұрғындардың өлім себептерінің 
құрамы өзіндік көлеміне қарай шеңбердің белгілі бір бөлігін алып жа-
тады. 
Мүсінді немесе көлемді диаграмма. 
Бұл жағдайда статистикалық 
шамалар əртүрлі мүсіндермен бейнеленеді. Мысалы: ауруханадағы 
жату орындарының динамикасы төсек-орнының бейнесімен, ал 
тұрғындардың табиғи өсімі адамдардың бейнесімен суреттеледі. 
Картодиаграмма
– бұл статистикалық шамаларды географиялық 
карталарда бейнелеу болады. Онда абсолюттік деректер мен əртүрлі 
көрсеткіштер бейнеленуі мүмкін. Картада бейнелеу үшін əртүрлі 
бояулар қолданылады. Көріністің жиілігін көрсету үшін бояудың 
қоюлылығы да əртүрлі болады. Картодиаграмма – географиялық 
картадағы əртүрлі диаграммалардың бейнесі. 
Экстенсивтік көрсеткіштер – статистикалық жиынтықтың ішіндегі 
белгілі бір көріністің алатын орнын көрсетеді. Бұл көрсеткіштер əрбір 
көріністің құрамын анықтайды. Мысалы, Кентау қаласының бас педиа-
тры қала емханаларында істейтін медицина қызметкерлеріне мынадай 
тапсырма берді: 
1. 0-4 жасқа дейінгі балалардың инфекциялық ауруларының ішінде 
қызылша ауруының алатын орнын анықтау (%); 
2. 0-4 жасқа дейінгі балалардың қызылшамен ауыру деңгейін 
анықтау; 
3. əрбір 10 000 балаға шаққанда қалада қанша медбикенің жұмыс 
істейтінін анықтау;
4. қаланың қай ауданында 0-4 жасқа дейінгі балалардың қызылша-
мен ауыруы мен ауыру деңгейі қандай екендігін анықтау қажет.
Бұл тапсырманы орындау үшін 1994 жылы Кентау қаласында мы-
надай деректер жиналды: Кентау қаласындағы 0-4 жасқа дейінгі бала-
лар саны 8000. Анықталған инфекциялық аурулардың барлығы – 1600, 
оның ішінде қызылша ауруы – 320. Қаладағы емханалар – 150 медбике 
жұмыс істейді. Ал 0-14 жасқа дейінгі балалар саны – 25000. 
1-сұрақ
. 0-4 жасқа дейінгі балалардың инфекциялық ауруларының 
құрамындағы қызылша ауруының салмағын есептеу үшін төмендегідей 
мəліметтер алынады (): 


75
Бағыналы диаграмма Секторлы диаграмма


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет