71
Деректерді өңдеу жəне жинақтау
(ІІІ кезең). Мынадай
қимылдардан тұрады:
Есепке алынған құжаттардың сапасын бақылауға алу.
1.
Таңбалау (кодын қою).
2.
Мəліметтерді топтастыру (бақылау бірліктерін бірыңғай
3.
топтарға бөліп, есептеуге ыңғайлау).
Жинақтау (статистикалық-кестені толтыру).
4.
Статистикалық көрсеткіштерді есептеу.
5.
Көрсеткіштерді графикалық түрде бейнелеу.
6.
Статистикалық мəліметтерді сараптау (ІV кезең).
Оны өткізуге керекті жағдайларға мыналар жатады:
Зерттеуші зерттелетін көріністі жете білуі қажет.
1.
Статистикалық зерттеу əдістерімен жете таныс болуы керек.
2.
Алдыңғы үш кезең дұрыс орындалуы тиіс.
3.
Статистикалық сараптауға абсолютттік,
салыстырмалы, орта шама-
лар жəне графикалық бейнелер жəне əртүрлі коэффиценттер алынады.
Статистикалық сараптау əдістемесінің құрамына мыналар кіреді:
1. Алынған статистикалық көрсеткіштер мен графикалық бейнелерді
қалыпты көрсеткіштер мен осындай көрсеткіштердің орта деңгейімен,
өзге медицина мекемелерінің жəне
аймақтардың көрсеткіштерімен,
əдеби деректермен салыстыра отырып, динамикасын анықтап, сарап-
тау.
2. Жұмысты əдеби түрде орындау.
3. Талдау.
4. Тəжірибеге енгізу үшін ұсыныстар жасау.
Статистикалық сараптауды жүргізгенде
қателіктер жіберілуі
ықтимал. Ол қате талдауға алып келеді. Статистикалық талдаудың
бірыңғай қателіктеріне мыналар жатады:
1. Əдістемелерді дұрыс орындамаудан туатын қателіктер (бақылау
бірлігін дұрыс анықтамау, бақылау санының жеткіліксіздігі, өте
күрделі-кестелерді қолдану, топтастыру қателіктері).
2. Статистикалық көрсеткіштерді дұрыс бағаламау (өсімділік ту-
ралы экстенсивті көрсеткіштерге сүйене
отырып қорытынды шығару,
орта шамалар мен таңдамалы көрсеткіштерге репрезентативтік
қасиеттерін анықтамай баға беру, əртүрлі құрамдағы жиынтықтардан
алынған көрсеткіштердің айырмашылығын стандартизация əдісін
қолданбай талдау).
3. Атүсті талдаудың логикалық қателіктері.
Достарыңызбен бөлісу: