Оқулық Алматы, 012 М. Ə. Бөлешов ƏӨЖ 614(075. 8) Ббк 51. 1я73 б 78


Тұрғындар денсаулығын нығайту. Қазіргі кезеңдегі



Pdf көрінісі
бет37/86
Дата08.11.2023
өлшемі2,02 Mb.
#190373
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   86
Байланысты:
Бөлешов.2012.ҚДС.

3.1. Тұрғындар денсаулығын нығайту. Қазіргі кезеңдегі 
аурудың алдын алу мəселелері. Қазақстан Республикасында 
туберкулез маңызды медициналық-əлеуметтік мəселе ретінде
Қазіргі күнге дейін медицина аурулар жəне оны емдеу туралы 
ғылым болып келеді. Алайда медицинаның атқаратын негізгі міндеті 
аурулардың профилактикасы, тұрнғындардың денсаулығын сақтау 
жəне күшейту болып табылады. Осы қағиданы медицина қызметкерлері 
мен ғалымдар ерте заманда-ақ айтып өткен. Бірақ тəжірибелік меди-
цина профилактиканы, тұрғындар денсаулығын сақтау мен күшейту 


97
жұмыстарын кейінге ысырып тастап, тек ауруларды емдеумен айналы-
сып келеді.
ХХ ғасырдың 70 жылдары əлемге əйгілі болған Кеңестер Одағының 
атақты ғалымы, профессор Юрий Павлович Лисицын «Саналогия» 
деген терминді ұсынды. Саналогия дені сау адамдардың денсаулығы, 
оны сақтау, күшейту жəне үнемі жоғары деңгейде ұстап отыру деген 
ұғымды береді. Саналогия деген ұғымға «валеология» деген термин 
де өте жақын орналасқан. Алайда «саналогия» қоғамдық денсаулықты 
қарастырса, «валеология» жеке тұлғалардың денсаулығын сақтау 
мəселелеріне көңіл бөледі. Басқаша айтқанда валеологияның негізгі 
мақсаты жеке тұлғалардың өмір сүру ортасының өзгерістеріне 
бейімделу мүмкіндіктерін арттыру, денсаулық механизмдерін жетілдіру 
арқылы оның денсаулығын сақтау жəне күшейту болып табылады.
Валеологияның жоғарыда көрсетілген түсініктемесімен келісе оты-
рып, саналогияны қоғамдық денсаулық жəне тұрғындардың денсаулығы 
туралы ғылым деп қарастыру керек деп есептейміз. Оның негізгі 
мақсаты ретінде – дені сау адамдардың денсаулығын сақтау жəне одан 
ары нығайту деп қарастыру қажет. Валеология мен саналогияны осы-
лайша бөле қарастыру тек əдістемелік тұрғыда ғана дұрыс болады. Ал 
жалпы теоретикалық тұрғыда жеке адамның денсаулығын қоғамдық 
денсаулықтан бөле қарастыру дұрыс емес. Осы тұрғыдан алғанда са-
налогия – қоғамдық денсаулық туралы, жалпы дені сау адамдардың 
денсаулығы туралы, басқаша айтқанда қоғамның денсаулық қоры, оны 
сақтау жəне нығайту туралы ғылым.
Осы күнге дейін қоғамның денсаулығын сақтау жəне нығайту 
мəселелері медицинаның негізгі міндеті болмай отыр. Сондықтан да 
қоғамдық жəне əлеуметтік маңызы үлкен аурулардың профилактика-
сы əр мемлекетте өзінің даму деңгейіне сай жасалған бағдарламалар
негізінде жүзеге асырылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы-
ның ұсынған профилактикалық бағдарламалары тəжірибеде жоғары 
тиімділігін көрсете алмай отыр. Себебі, əр мемлекетте оның жүзеге 
асырылуы жергілікті тұрғындардың əлеуметтік, экономикалық, эколо-
гиялық-гигиеналық, тұрмыстық, білімділік, діни, кəсіби жəне мəдени 
ерекшеліктерін есепке ала отырып іске асырылу қажеттігі туындай-
ды. Жеке мемлекеттерде тұрғындардың арасында туындайтын кесел-
дердің негізгі қатерлі себептері əртүрлі болып келеді. Керек десеңіз бір 
мемлекеттің аумағындағы əртүрлі аймақтардың тұрғындарының ке-
селдену деңгейі мен құрамы да өзгеше болып қалыптасады. Сондықтан 
аурулардың алдын алу бағдарламалары міндетті түрде жергілікті 
тұрғындардың арасында негізгі əлеуметтік маңызы үлкен ауруларды 
туындататын қатерлі себептердің таралу деңгейі мен құрамын есепке 
алуы қажет. Біздің Республикамызда медициналық-əлеуметтік маңызы 
үлкен аурулардың қатарына туберкулез ауруы да жатады. Туберкулез 
ауруы соңғы 40 жылда бақылауға ыңғайлы инфекциялардың қатарына 
7–7438


98
жатқызылып келген. Алайда, қазіргі таңда ол жер беті тұрғындарына 
аса үлкен қауіп төндіріп отырған патологияның бірі болып отыр. 
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мəліметтеріне қарағанда 
2010 жылы өмірінде алғаш рет туберкулезге шалдыққан науқастар 
саны 8,8 млн. адамға жетті. Қазақстан Республикасында туберкулез 
мəселелерінің Ұлттық орталығының мəліметі бойынша 2002 жыл-
дан бастап тубуркулез ауруымен науқастану деңгейі 165,1‰
00 
–ден 
2011жылы 86,8‰
00 
– дейін төмендеді. Бұл жағдай елімізде туберку-
лез ауруының осы жылдарда 47 %-ға төмендегендігін жəне елімізде 
жүзеге асырылып жатқан профилактикалық жəне емдеу шараларының 
барынша тиімді жүріп жатқандығын көрсетеді. Қазақстан Республи-
касында туберкулездің эпидемиологиясы аурушаңдық көрсеткішінің 
төмендеуіне қарамай қауырт болып тұр. Осы жағдайға туберкулез ау-
руын емдеу тиімділігінің төмендеп, дəрілерге резистентті микробтар 
санының ұлғаюы алып келіп отыр.
1991 жылдан бастап туберкулезге байланысты алғашқы 
аурушаңдық көрсеткіші бірте-бірте төмендеп 64,4 ‰
00
-ден 59,7‰
00-
ге 
дейін азайды. 
Алайда, 1995 жылдан бастап елімізде қалыптасқан ауыр əлеуметтік-
экономикалық дағдарыс Республика тұрғындарының денсаулығын 
күрт нашарлатып жіберді. Сондықтан 1995 жылдан 2002 жылға дейінгі 
аралықта туберкулезбен алғаш рет ауру оқиғалары 100 000 адамға 
балап есептегенде 67,1 ‰
00
-ден 165,1 ‰
00
-ге дейін артып кетті. Осы 
кезеңде туберкулезге байланысты жалпы аурушаңдық (сырқаттылық)
көрсеткіші де 3 есеге артты (137,3 ‰
00
ден 414,5 ‰
00
дейін). 1991 жыл-
дан бастап туберкулезден туындаған өлім оқиғалары да 10,6 ‰
00
- дан 
күрт жоғарылап, 1998 жылы 38,4 ‰
00
-ге дейін көтерілді.1999 жылдан 
бастап өлім көрсеткіші 30,7 ‰
00
-ден 2005 жылы 18,7 ‰
00
-ге дейін 
төмендегенмен, бұл аурудың дəрілерге тұрақты түрлерінің күрт артып 
кетуі байқалады. Осыдан науқастардың ауруханада емделуі ұзарып, 
мүгедектердің қатары жоғарылады. Жағдайдың осындай бағытта өр-
буіне экологияның нашарлауы, тұрғындардың əлеуметтік жағдайы-
ның тұрақсыздығы, тағамдар сапасының төмендігі, жұмыссыздық 
оқиғаларының артуы, еңбек ету ортасының жоғары дəрежеде ластануы, 
салауатты өмір сүру салтын ұстанбау, нашақорлыққа салыну себептері 
де өзінің кері əсерін тигізді (20-кесте).
Денсаулық сақтау саласындағы жаңашылдық өзгерістер, бөлінген 
қаржы көзінің артуы, əлеуметтік маңызы үлкен аурулардың профилак-
тикасы мен емдеу сапасының жақсаруы туберкулез ауруының тара-
луы мен одан туатын асқыну оқиғаларының күрт төмендеуіне алып 
келеді. Осыдан 2006 жылдан 2011 жылға дейінгі аралықта жалпы ту-
беркулезбен науқастану деңгейі 100 000 тұрғынға балап есептегенде 
303,81 оқиғадан 192,5 оқиғаға дейін төмендеп, одан туындаған өлім 
оқиғаларының таралу деңгейі 18,7 ‰
00
-ден
8,1 ‰
00
-ге дейін кеміді.


99
Туберкулезбен ауырғандардың үлес салмағы Атырау, Қызылорда, 
Батыс Қазақстан облыстарында өте жоғары болса, Ақмола, Ақтөбе, 
Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар об-
лыстарында туберкулезбен ауыру оқиғалары бірте-бірте жоғарылай 
бастады. Осы кезеңде туберкулезден туындаған өлім оқиғаларының
саны да күрт өсті. Себебі тек туберкулезбен ауру артып қойған жоқ, 
сонымен бірге аурулардың арасында туберкулездің деструкциялық 
түрлері барынша жоғарылап, аурулардың жағдайы ауырлай түсті. 1994 
жылы диспансерлік есепке алынған аурулардың 45,3 % туберкулездің 
деструктивтік түрлеріне шалдыққандар болса, олардың 3,0 % тубер-
кулездың фиброзды – кавернозды түрімен ауырғандар екендігі 
анықталды (6-сурет).
Тек қана 2000 жылғы əлеуметтік – экономикалық жағдайдың 
тұрақталуы, денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржының ұлғаюы 
жəне туберкулез ауруына қарсы ұйымдастырылған профилактикалық – 
емдік шаралардың жақсаруы, өлім көрсеткішінің біршама төмендеуіне 
(20,4 ‰
00 
), ал одан кейінгі 10 жыл ішінде 8,1 ‰
00 
дейін азаюына алып 
келді.
Туберкулез ауруының құрамы соңғы 20 жылда өзгеріске ұшырай 
қойған жоқ. Аурулардың 90% астамы өкпе туберкулезіне шалдығады. 
Аурулардың 3,2%-ын балалар құрап отыр. Соңғы жылдары емделу 
тиімділігі одан ары нашарлады. Өкпеде пайда болған каверналардың 
бітелуі бар болғаны 69,5 % дейін жетті. Бұл көрсеткіш Семей, Жам-
был, Талдықорған облысы аурулары арасында 52%-дан 58,9 %-ға дейін 
көтерілді..
Ауруларды ІІІ диспансерлік топқа өткізу деңгейі 18,7%-ды 
ғана құрады. Осындай жағдайдың қалыптасуына тұрғындарды 
профилактикалық тексерумен қамтудың төмендеуі, соның салдарынан 
аурудың ерте кезеңінде анықталғандар санының азаюы себеп болды.
Туберкулез – əлеуметтік маңызы үлкен аурулардың классикалық 
үлгісі. Бұл ауру адам ағзасының кез келген жерінде туындауы мүмкін. 
Соңғы кезде негізгі алаңдатушылық тудырып отырған мəселе бала-
лар арасында туберкулезге шалдығу оқиғаларының ұлғаюы. Олардың 
арасында қалыптасқан аурушаңдықтың деңгейі жалпы тұрғындар 
арасындағы аурушаңдықтың 5,18% құрайды.
Р е с п у б л и к а д а 
1999 жылдың қаңтар айынан бастап Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау 
Ұйымының ұсынуымен ДОТS (Directly Observed Treatment Short – 
Course ) стратегиясы жүзеге асырыла бастады.
Бұл жоспарды енгізу жəне тиімді жүзеге асыру мақсатында 2011 
жылы 25 сəуірінде Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау 
Министрінің №218 «Туберкулезбен күрес жөніндегі кейбір мəселелер 
туралы» атты бұйрығы жарияланды. Осы бұйрықтың аясында 
туберкулезді емдеудің стандарттары іске қосылды. Соңғы жылдары ту-
беркулез ауруының дəріге тұрақты түрлері жылдам өсуде. Бұл түрлер 


100
емдеуге аса көне бермейді жəне көп қаржылай шығынды қажет етеді. 
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамына қарағанда, 2020 
жылы туберкулез ауруы жер беті тұрғындарының өлімін туғызатын 
негізгі 10 себептің біріне айналады.
1991 жылдан 2011 жылға дейінгі аралықта туберкулез ауруының 
таралу заңдылықтарын сараптай жəне науқастарды ДОТS əдісімен 
емдеу.
1991 жылдан 2011 жылға дейінгі аралықта туберкулез ауруының 
таралу заңдылықтарын сараптай жəне науқастарды ДОТS əдісімен ем-
деу тиімділігін бағалай отырып, осы аурудың алдын алу жəне емдеу 
шараларының айтарлықтай жақсарғандығын айту қажет.
Алайда, полирезистенттік туберкулезі бар науқастар санының ар-
туына байланысты бұл ауруды емдеу шараларын жеке оқиғалар мен 
аурудың иммундық қасиетін есепке ала отырып, ұйымдастыру қажет 
деген тұжырым жасауға болады. Осыларды ескере келе туберкулезді 
емдеу стандарттарын жергілікті аумақтың əлеуметтік-экономикалық, 
экологиялық-гигиеналық, медициналық-санитарлық, тұрмыстық 
өмір сүру салты себептерін есепке ала отырып құрастырған жөн деп 
есептейміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет