Оқулық Алматы, 012 М. Ə. Бөлешов ƏӨЖ 614(075. 8) Ббк 51. 1я73 б 78


-тарау.  МАҢЫЗДЫ ЖҰҚПАЛЫ ЖƏНЕ ЖҰҚПАЛЫ



Pdf көрінісі
бет36/86
Дата08.11.2023
өлшемі2,02 Mb.
#190373
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   86
Байланысты:
Бөлешов.2012.ҚДС.

3-тарау
МАҢЫЗДЫ ЖҰҚПАЛЫ ЖƏНЕ ЖҰҚПАЛЫ 
ЕМЕС СЫРҚАТТЫЛЫҚТАРДЫҢ ЭПИДИМИОЛОГИЯСЫ
Қазақстан Республикасының əлеуметтік салада ұстанып отырған 
саясатының негізгі мақсаты – тұрғындардың өмір сүру жағдайының 
деңгейі мен сапасын барынша жақсарту, əлеуметтік көмектің жалпыға 
бірдей қолжетімділігін арттыру, медициналық көмектің сапасын артты-
ру жəне тұрғындар арасындағы жұмыссыздықты жою. Тұрғындардың 
денсаулығы еліміздің əлеуметтік, мəдени жəне экономикалық дамуы-
ның маңызды тетігі деуге болады. Қазіргі таңда тұрғындар ден-
саулығының ұлттық қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтаудағы атқара-
тын рөлі дұрыс бағалана бастады. Оны еліміздің стратегиялық қуаты 
деп қарастыру жиі байқалады. 
Кеңестер Одағының ыдырауынан кейін орын алған əлеуметтік-
экономикалық тоқыраулар тұрғындар денсаулығына өте қуатты кері 
əсерін тигізді. Осы жағдайдың одан ары ушығуына тұрғындардың 
қартаюы, созылмалы аурулар мен мүгедектік оқиғалары деңгейінің 
артуы, емдеу жəне медициналық диагностика əдістері құнының 
барынша қымбаттауы да өзіндік əсерлерін тигізді. Алайда 2000-
2010 жылдары Қазақстан Республикасында жүзеге асырылған 
əлеуметтік-экономикалық реформа осы қиындықтар мен əлеуметтік 
келеңсіздіктердің кері əсерін барынша төмендетуге алып келді. Алайда 
тұрғындар арасында қалыптасқан əлеуметтік маңызы үлкен аурулардың 
деңгейі мен даму бағыты айтарлықтай төмендей қойған жоқ.
«Əлеуметтік тұрғыда маңызды» деген түсініктің нақты белгісі 
ретінде осы күнге дейін кеселдердің тұрғындар арасында жаппай та-
ралуы оқиғалары қарастырылады. Ал «эпидемия» деген термин жап-
пай таралған ауруларды сипаттау үшін, олардың тұрғындар арасында 
таралу пайызының жəне жыл сайынғы өсімінің артуын баса көрсету 
үшін қолданылады. Бірақ медициналық тиімділік жүйесін анықтайтын 
көрсеткіштердің міндеттерін шешуде əлеуметтік маңызды аурулардың 
негізгі белгісі дұрыс анықтала қоймаған. Əлеуметтік маңыздылықтың
белгісі ретінде аурулардың таралуын алу, оның мынадай қырларына 
кері əсерін тигізеді. 
1) Кеселі бар тұлғаның əлеуметтік ортадағы толыққанды қызметіне 
кедергі жасайды. Осы жерде айта кететін жағдай, Жапония мемлекетінде 
қант диабеті ауруының алғашқы профилактикасы, ерте диагностикасы, 
емдеу сапасы өте жоғары деңгейде болғандықтан, осындай ауруы бар 
тұлғалардың орташа өмір сүру ұзақтығы мен еңбекке жарамдылығы 
жақсы сақталады. Сондықтан бұл ауру əлеуметтік маңызы үлкен 
кеселдердің қатарына жатқызылмайды. 
2) Анықталмаған кеселі бар тұлғалар санының азаюы, əлеуметтік 
ортадағы осы аурулар санының төмендеуіне жəне əлеуметтік 


96
маңызының кемуіне нақты кепіл бола алады. Мысалы, диагностика 
сапасының артуы алғашқы жылдары осы аурулар санының көбеюіне 
алып келеді. Осы ауруларды дер кезінде жəне бастапқы кезеңінде са-
палы емдеу, олардан туындайтын мүгедектік пен өлім оқиғаларының 
төмендеуіне себеп болады. Осылайша оның əлеуметтік маңыздылығы
төмендейді. Сонымен, «Əлеуметтік маңыздылық» түсініктемесі мына-
дай белгілерді нақтылауды қажет етеді.
1. Əрбір ауру үшін арнайы медициналық қамтамасыздандыру 
жүйесінің қызметтік тиімділік көрсеткішін анықтауға жəне осы
көрсеткіштерді əртүрлі мемлекеттік профилактикалық бағдарла-
малардың тиімділігін бағалауда қолданылатын критерии ретінде 
қалыптастыруға жағдай туғызады.
2. Осы аурулардың əлеуметтік маңыздылығын төмендетуге 
бағытталған қимылдардың түрлерін анықтайды. Əлеуметтік маңызы 
жоғары аурулар тек қана дамушы елдердің үлесіне тимейді, соны-
мен қатар олар дамыған елдерде де жиі ұшырасады. Алайда, дамушы 
елдердегі санитарлық-эпидимиологилық жəне экологиялық-гигиеналық 
жағдайдың нашарлығы, профилактикалық шаралардың тиімсіздігі, 
өмір сүру салты мен сапасының төмендігі əлеуметтік маңызы үлкен 
патологиялардың таралу деңгейін барынша жоғары деңгейге көтереді. 
Осындай эпидимиялық жағдайдың одан ары ушығуына əлеуметтік 
жағдайы нашар тұрғындардың көбеюі де айтарлықтай үлесін 
қосады. Олардың қатарына мигранттар, үйсіз-күйсіз жандар, түрмеде 
отырғандар жəне соғыс қимылы жүріп жатқан елдерден қашқан 
адамдарды жатқызуға болады. Елімізде қалыптасқан заңдылықтарға 
сай əлеуметтік маңызы үлкен кеселдермен ауыратын тұрғындарға 
медициналық-əлеуметтік көмек беріледі жəне диспансерлік бақылау 
орнатылады. Медициналық-əлеуметтік көмекке қажетті қаржылай 
шығындарды мемлекет өз мойнына алған Осы ауруларға көрсетілетін 
дəрігерлік-профилактикалық көмек арнайы ұйымдастырылған диспан-
серлік медицина мекемелерінде жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет