а
н Р
е
спу
б
лик
а
сында жəне об
лыст
ар
да 100000 тұрғынға ба
лағанда қан айна
лу жүйе
сі а
у
р
у
ларының
т
а
ра
лу деңг
ейі
Қа
за
қс
та
н
Ре
сп
уб
ли
ка
сы
Қазақст
ан Р
еспу
блик
асы
А
қт
өб
е о
бл
ыс
ы
Ақтөб
е об
лысы
Ат
ыр
ау
о
бл
ыс
ы
Ат
ыра
у об
лысы
Ш
ығ
ыс
қа
за
қс
та
н о
бы
лы
сы
Шығыс қазақст
ан обылысы
Ж
ам
бы
л
об
лы
сы
Ж
амбыл об
лысы
Ба
ты
с қ
аз
ақ
ст
ан
о
бл
ыс
ы
Ба
тыс қазақст
ан об
лысы
Қа
ра
ға
нд
ы
об
лы
сы
Қарағанды об
лысы
Қы
зы
ло
рд
а о
бл
ыс
ы
Қызылор
да об
лысы
А
қм
ол
а о
бл
ыс
ы
Ақмо
ла об
лысы
Қо
ст
ан
ай
о
бл
ыс
ы
Қо
ст
анай об
лысы
М
аң
ғы
ст
ау
о
бл
ыс
ы
Маңғыст
ау
об
лысы
П
ав
ло
да
р
об
лы
сы
Пав
ло
дар об
лысы
Со
лт
үс
тік
Қ
аз
ақ
ст
ан
об
лы
сы
Со
лтүстік Қазақст
ан об
лысы
О
ңт
үс
ті
к
Қа
за
қс
та
н
Оңтүстік Қазақст
ан
Ас
та
на
қ
ал
ас
ы
Ас
та
на қа
ласы
А
лм
ат
ы
об
лы
сы
Алм
аты об
лысы
А
лм
ат
ы
қа
ла
сы
Алм
аты қа
ласы
Ря
д
1
105
қатар саны артқан сайын жоғарылай түсетіндігін көрсетті. Əсіресе,
еңбек ету жасындағы немесе 30-59 жас аралығындағы тұрғындардың
арасында осы патологиялардың асқынуынан туындайтын өлімнің
30% -дан артуы ерекше алаңдаушылық туғызуда.
Экономикасы дамыған елдердегі 40-69 жас аралығындағы
тұрғындардың 1968 жылдағы өлім көрсеткішінің төмендеуге
бағытталған даму үрдісі қан айналу жүйесі ауруларынан туындаған
өлім санының азаюынан екендігі анықталды. Ал Америка Құрама
Штаттарындағы қан айналу жүйесі ауруларынан туындаған өлім
деңгейінің төмендеуіне жүрек ишемиясы ауруынан туындаған өлім
оқиғаларының азаюының қосқан үлесі 30%-ға, миға қан кетуден
туындаған өлім оқиғаларының азаюының қосқан үлесі 40%-ға жетті.
Алайда осы күнге дейін қан айналу жүйесі ауруларынан туындаған
барлық өлім оқиғаларының 90%-ы жүрек ишемиясы ауруының
үлесінде қала беруде.
Соңғы 10 жылдағы статистикалық мəліметтерге қарағанда, Ресей
мен Батыс Европа елдеріндегі еңбекке жарамды жастағы тұрғындардың
өлімін туғызатын патологиялар арасында қан айналу жүйесі аурула-
ры өзгеріссіз бірінші рангалық орында тұр. Айта кететін мəселе, ХХ
ғасырдың 50 жылдары жүргізілген жаппай эпидемиологиялық зерт-
теулер Кеңестер Одағында таралған қан айналу жүйесі ауруларының
деңгейі аса жоғары емес екендігін жəне 10-11 рангалық орынды ғана
қамтитындығын көрсетті. Дəл осындай жағдай шет мемлекеттердегі
аурушаңдықтың қалыптасу заңдылықтарында да байқалды. Қан ай-
налу жүйесі ауруларымен кеселдену деңгейінің артуына жер беті
тұрғындарының өмір сүру салтының өзгеруі, урбанизация мен инду-
стрализация, осыдан туындайтын психо-эмоционалдық стрестің ар-
туы, экологиялық-гигиеналық жағдайдың нашарлауы, қабылдайтын
тағамдық заттардың құрамының өзгеруі негізгі себептер болса,
осы патологиялардың диагностикасының жақсаруы да аурушаңдық
деңгейінің күрт жоғарылауына алып келді.
Қазіргі таңда қала тұрғындарының аурушаңдық көрсеткішінің
құрамында қан айналу жүйесі аурулары екінші орын алса, ауыл
тұрғындары арасында үшінші рангалық орынды қамтыған. Бұл ауру-
лар барлық патологиялардың таралу құрамында 25%-ға дейін жетеді.
1 000 тұрғынға балап есептегенде жүрек ишемиясы ауруының тара-
лу деңгейі 140 оқиғаға дейін жетсе, жеке əлеуметтік топтарда 180-190
оқиғаны құрайды. Əсіресе, əлеуметтік жағдайы нашар адамдарда, зи-
янды кəсіптерде еңбек ететін жұмысшыларда, гиподинамиясы жоғары
қызметкерлерде, қант диабеті бар аурулар арасында бұл патологияның
таралу деңгейі аса жоғары. Мысалы, қарт адамның қанында
холестериннің мөлшері жоғары болуы, егер оның денесін май баспаса
жəне темекі тартып, спирттік ішімдікке салынбаса жүрек-қан айналу
жүйесі ауруын тудыра қоймайды. Егер қатерлі бір себеп болса, онда
106
жүрек-қан айналу жүйесі ауруларының туындау мүмкіндігі екі есеге
жоғарылайды, ал қатерлі себептердің саны үшке жеткенде аурудың ту-
ындау мүмкіндігі 10 есеге артады.
Қазіргі кезеңде Республика тұрғындары арасында жүрек-қан айналу
жүйесі ауруларынан туындайтын өлім оқиғаларының стандартталған
көрсеткіші ер кісілер арасында 795,0%
000
, ал əйелдер үшін 780%
000
болып отыр. Бұл көрсеткіш
Америка Құрама Штаттарында 307,2%
000
болса, Ұлы Британияда 317,2%
000
(1995 жыл) құрады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының алдын ала жасаған бол-
жамына қарағанда, жүрек-қан айналу жүйесі ауруларынан туындай-
тын өлім оқиғаларын екі есеге төмендетуге болады. Қан айналу жүйесі
ауруларының профилактикасын екі бағытта жүргізу қажет. Оның бірінші
бағыты жалпы тұрғындар арасында жүргізілетін профилактикалық
бағдарламалар негізінде жүзеге асырылады. Екінші бағыт – қан айна-
лу жүйесі ауруы туындау мүмкіндігі өте жоғары тұлғалар арасында
клиникалық əдістерді қарастыратын профилактикалық бағдарламалар
негізінде жүреді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының маманда-
ры жүрек-қан тамыры ауруларының ең тиімді бағдарламасы ретінде
салауатты өмір сүру салтын ұсынады. Қан айналу жүйесі ауруларының
алдын алуда салауатты өмір салтын төмендегідей бағыттарда өрбіту
өте тиімді деп есептелінеді.
– Жүректің каронарлық ауруы – темекіні тастау, тағамның
құрамындағы тұзды азайту, майсыз тағамдарды қабылдау, дене
тəрбиесі, дене салмағын бақылау;
– Инсульт – темекіні тастау, тағамның құрамындағы тұзды азайту,
дене салмағын бақылауға алу;
– Қанның жоғарғы қысымы – тағамның құрамындағы тұзды азай-
ту, дене тəрбиесі, дене салмағын бақылауға алу, спирттік ішімдік
қабылдауды барынша азайту.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының осындай ұсыныстарына
көптеген елдерде аса үлкен көңіл бөледі жəне оларды күнделікті
өмірде қолдануға ерекше құлшыныс танытады. Мысалы, Финляндия-
да 1994 жылдан бастап наубайханаларда нан өнімдерінің əрбір кило-
граммына қосатын тұздың мөлшерін 1,2 граммнан 0,7 граммға деиін
төмендетілді.
Осы шараның арқасында жыл сайын инсульттан өлетін адамдардың
саны 2000, миокард инфарктысынан өлетін адамдар саны 1600 дейін
төмендетті. Осыдан ауруларды емдеуге жұмсалатын қаржы көлемін
100 000 000 долларға, ал дəрілерді сатып алуға кететін қаржы көлемі
40 000 000 долларға азайды.
Жүрек-қан тамыры аурулары бар адамдарға медициналық көмекті
ұйымдастыруда емдік шаралар мен профилактикалық шаралар-
ды қоса жүргізу негізгі əдіс деп қарастырылған жөн. Осы талапты
іске асыруда диспансерлік əдістің атқаратын рөлі өте жоғары. 1977
107
жылы Кеңестер Одағы Министрлер кеңесінің шешімімен барлық об-
лыс орталықтарында кардиологиялық диспансерлер ашыла баста-
ды. Олардың ең басты міндеті кардиологиялық аурулар арасында
диспансерлік жұмысты ұйымдастыру деп қарастырылған. Алайда
Қазақстан Республикасының жеке облыстарында кардиологиялық
диспансерлер ашылған жоқ. Сондықтан кардиологиялық ауруларға
көрсетілетін емдеу жəне профилактикалық көмек емханалық мекеме-
лерде ашылған кардиологиялық бөлмелерде жүзеге асырылды. Осы
бөлмелерде қызмет атқаратын кардиолог дəрігерлердің міндеттеріне
жататындар:
1. Емхананың учаскелік терапевтері мен отбасылық дəрігерлеріне
жүрек қан тамыры аурулары бар науқастарды анықтау жəне емдеу
мəселелері бойынша кеңес беру жұмысын жолға қою;
2. Аурулары күрделі науқастарды диспансерлік бақылауға алу;
3. Жүрек-қан тамыры патологиясы бар науқастар арасында
атқарылған жұмыстарды бақылау жəне сараптау болып табылады;
Кардиолог – дəрігерлердің ауруларды емдеу жəне бақылау жұмыс-
тарын ұйымдастырудағы рөлі жоғары болғанмен, кардиологиялық нау-
қастармен тығыз байланыста жұмыс атқаратындар учаскелік терапев-
тер болып табылады. Мысалы, емхананың кардиологиялық бөлмесінің
дəрігерлеріне жүрек ишемиясы бар науқастардың қаралуының 44%-ы
ғана, гипертониялық ауруы бар науқастардың қаралуының 5%-ы тура
келеді. Бұл науқастардың емханаға қаралуының өзге үлестері учаскелік
терапевттерге тиесілі болып шықты.
Жалпы тəжірибелік жəне отбасылық дəрігерлер жүйесінің дамуы-
на байланысты кардиологиялық аурулардың арасында емдеу жəне про-
филактика шараларының жүзеге асырылуы негізінен осы мамандарға
жүктелетін болады. Кардиологиялық науқастарға көрсетілетін
профилактикалық жəне емдеу жұмыстары отбасылық дəрігерлердің
осы саладан білімі мен біліктілігінің жоғары болуын талап етеді. Со-
нымен қатар, отбасылық дəрігерлердің қабылдау бөлмесін (офисінде)
арнайы техникалық құралдармен жабдықтау қажеттігін туындата-
ды. Оның бірі заманауи электрокардиографтар екендігі айтпаса да
түсінікті.
Жүрек-қан тамыры жүйесінде ауруы бар науқастардың көбісі
жағдайы өте ауыр халдегі адамдар. Сондықтан бұл ауруларға ста-
ционарлық көмекті дұрыс ұйымдастырудың маңызы өте үлкен. Кар-
диологиялық диспансерлерде арнайы бөлімшелер жəне арнайы өткір
миокард инфарктісін емдеуге арналған бөлім ұйымдастырылған. Соны-
мен қатар реанимация мен қауырт терапия палаталары жұмыс атқарады.
Көп жылдық тəжірибе қорытындысына қарағанда кардиологиялық
бөлімшелерде емдеу тиімді болып шықты. Өлім себептерінің ішінде
миокард инфарктісінің өткір түрінің ерекше рөлін есепке ала оты-
рып, осындай науқастарға көрсетілетін медициналық көмектің нақты
108
кезеңдер жүйесі жасалған. Оның бірінші кезеңі – госпитальға дейінгі
кезең деп аталады. Бұл кезеңде көрсетілетін көмек емхананың жедел
жəрдем көрсететін дəрігерлерінің, учаскелік терапевттердің немесе
отбасылық дəрігерлердің көмегі болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |