Оқулық Алматы, 012 М. Ə. Бөлешов ƏӨЖ 614(075. 8) Ббк 51. 1я73 б 78


Жарақаттану оқиғаларына барлық тұрғындар бірдей ұшырай ма, əлде оған жиі ұшырайтын қауіп топтары бар ма?



Pdf көрінісі
бет43/86
Дата08.11.2023
өлшемі2,02 Mb.
#190373
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   86
Байланысты:
Бөлешов.2012.ҚДС.


Жарақаттану оқиғаларына барлық тұрғындар бірдей ұшырай ма,
əлде оған жиі ұшырайтын қауіп топтары бар ма?

Жарақатқа жиі ұшырайтын кезең бар ма, əлде жылдың барлық
маусымдарында жарақаттану оқиғалары бірдей туындай ма? 
Жарақаттанудың медициналық-əлеуметтік қырларын талдау ба-
рысында осы патологиялардан қалыптасатын мүгедектік оқиғаларына 
тоқтамай кетуге болмайды. Жарақаттанудың ашық түрлері жал-
пы жарақаттардың 20 % құрайды. Оның барысында адам өлімі аса 
жоғары емес. Алайда, осы ауруларға қолданылатын консервативтік ем-
деу шараларының тиімділігі төмен болғандықтан, тұрғындар арасын-
да мүгедектер саны арта түсуде. Сондықтан алғаш рет мүгедектікке 
ұшырағандар ішінде жарақаттанудан туындаған мүгедектік оқиғалары 
үшінші орын алады. Осы жағдайдың қалыптасуына ашық жарақат 
алғандардың басым бөлігінің травматологиялық бөлімшелерден тыс 
жерде емделуі жəне білікті медициналық көмекпен қамтамасыз етілмеуі 
алып келуде. Қазақстан Республикасында қалыптасқан əлеуметтік-
экономикалық ахуалға байланысты жарақаттанған науқастардың 


113
жағдайына, жеке сұранысына сай тегін де сапалы медициналық 
көмекпен жаппай қамтамасыз ету мүмкіндігі жоқ, ал науқастардың 
емдік шараларды өз қалтасынан қаржыландыру мүмкіндіктері 
шектеулі. Жарақаттардың 62-63 % тұрмыстық, 20-22 % өндірістік, 17-
18 % транспорттық, оның ішінде 13-15 % жол көліктері апаттарынан 
туындаған. Жарақаттардың басым бөлігі балалар мен жасөспірімдер 
арасында ( 1000 000 бала мен жасөспірімге 12 000 оқиға ) қалыптасса, 
ересектер арасында оның жиілігі 9 000 %
000
жетеді.
3. 5. Жүйке-психикалық сырқаттылық, жыныстық қатынастар 
арқылы таратылатын аурулардың медициналық-əлеуметтік 
мəселелері
Ғылым мен техниканың жылдам дамып өркендеуі, əлеуметтік, 
биологиялық, антропогендік себептердің əсері жəне экономикалық 
қатынастардың өзгеруі адамның өмір сүруіне қоятын талаптарды 
тым қаталдандырып жібереді. Жеке тұлғалардың интеллектуалдық 
жұмыстарын арттыруды қажет етті.
Ал, аты аталған себептер адам организміне айтарлықтай қатер 
туғызады жəне психика жүйесіне түсетін қысымды ұлғайтады. 
Психикалық денсаулық жалпы тұрғындар денсаулығына, мем-
лекеттің жұмыс қолына жəне экономикалық қуатына қуатты əсерін 
тигізетін себептің бірі болып есептеледі. Аты аталған мəселелер, 
психикалық денсаулыққа тек денсаулық сақтау жүйесі ғана емес, со-
нымен қатар, оған қоғам мен үкіметтің де айрықша көңіл бөлуі қажет
екенін көрсетеді.
Бүгінгі қалыптасып жатқан жағдай психикалық денсаулықты тек 
медициналық емес, əлеуметтік өзекті мəселе деп қарастыруды талап 
етеді.
1991 жылдың желтоқсан айында Біріккен Ұлттар Ұйымының 
қабылдаған Қарарында психикалық патологиялары бар адамдарды 
қорғаудың жəне оларға медициналық көмекті ұйымдастыруды жетіл-
дірудің 25 шарты қарастырылған. Осы шарттардың маңызы бүгінгі 
экономикалық, əлеуметтік жəне саяси жағдайда одан ары жоғарылап
отыр. Қарардағы ең басты шарттардың бірі - əрбір адамның барынша 
жақсы психиатриялық көмек алуға құқығы бар екендігін көрсетеді. Осы 
жерде əрбір психикалық ауруы бар адамның қоғамда өзгелермен бірдей 
еңбек етуіне жəне өмір сүруіне жағдай туғызу қажеттігі айтылған.
Психикалық денсаулықты қамтамасыз ету жəне даму бағытын 
анықтау мəселелерімен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) 
айналысады.
Осы ұйымның психикалық денсаулық жəне токсикомания атты 
бөлімі жер беті тұрғындарының психикалық денсаулық көрсеткіштерін 
анықтаумен қатар психиатриялық қызметтің психикалық ауру-
8–7438


114
лар деңгейі мен құрамына сай ұйымдастырылуын бақылаудың 
маңыздылығын көрсетті.
Жер беті тұрғындарының көңілін осы мəселелерге аударып, 
психикалық аурулардан қоғамға əсер ететін зияндылықты азайтуға 
бағытталған жобалар мен бағдарламалар құрастырады. Əрбір 
бағдарламаны жеке мемлекеттерде қалыптасқан саяси-экономикалық 
жағдайға сай қалыптастырады жəне оның тиімділігін анықтайды. 
Сондықтан, Біріккен Ұлттар Ұйымы (ББҰ) мен Дүниежүзілік 
денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) құжаттары, қарарлары мен 
шешімдері əрбір мемлекеттің психиатриялық қызметін ұйымдастыруда, 
психикалық аурулардың еңбек етуге жəне өмір сүруге арналған 
құқықтарын қамтамасыз етуде міндетті түрде қолданылуы тиіс.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары мен 
білікті мамандардың деректеріне қарағанда, жер беті тұрғындарының 
психикалық жəне жүйке жүйесі патологияларымен ауыруы соңғы 20 
жылда айтарлықтай жоғары деңгейге көтерілді. Əсіресе, Кеңестер 
Одағының ыдырауы мен осы кеңістіктегі саяси арпалыстың күшейуі, 
тұрғындар арасындағы жүйке-психикалық жəне психосоматикалық 
ауытқулардың артуына алып келді. Осы жерде айта кететін мəселе, 
психикалық аурулардың құрамы мен деңгейі мүлде өзгеріске 
ұшырады.
Ресейде жарық көрген ғылыми материалдарға қарағанда, психо-
неврологиялық диспансерлерде бақылауда тұратын тұрғындардың 
саны жылдан-жылға ұлғаюда. Ал, 2002 жылы психикалық ауытқуы бар 
аурулар (алкогольдік психозы, алкоголизм, наркомания мен токсикома-
ниясы барлардан өзге) саны 100 000 адамға балап есептегенде 1338,9
оқиғаны құраған. Тек 2002 жылы диспансерлік бақылауға 120 966 ауру 
алынған. Осыдан алғаш рет психикалық патология деген диагноз қою 
деңгейі 100 000 адамға балап есептегенде 83,5 оқиғаны түзеді.
Статистикалық жəне ғылыми деректерге қарағанда, Қазақстан Ре-
спубликасы тұрғындары арасындағы психикалық аурулардың тара-
лу деңгейі 100 000 адамға балап есептегенде 1864,3 оқиғаны түзеді. 
Психикалық аурулар мен жүріп-тұру əдетінің өзгеру оқиғалары бой-
ынша алғаш рет қойылған диагноз 100 000 адамға балап есептегенде 
1996 жылы – 143,5 оқиғаны, 2006 жылы – 146,9 оқиғаны, 2008 жылы 
– 162,1 оқиғаны, 2009 жылы 167,2 оқиғаны, 2010 жылы - 183,9 оқиғаны 
түзеген. Басқаша айтқанда, есепке алынған жылдары психикалық 
аурулардың алғаш рет тіркелген диагноздар саны 26% -ға өскен.
Наркотикалық жəне психиканы өзгертетін дəрілерді қабылдаудан 
алғаш рет психикалық ауруларға шалдығу 1999 жылы 380 913 оқиғадан 
(260,7%
0
) 2009 жылы 419 751 оқиғаға (294,7%
0
) жоғарылады, басқаша 
айтқанда, бұл патологиялар деңгейі 7,3% өсті.
Көптеген ғалымдар мен мамандар қоғамның көңілін психикалық 
аурулардан туындайтын мүгедектік жəне өлім оқиғаларының артуына 


115
аудару керек деп есептейді. Осы қалаптасқан жағдайды экологиялық, 
əлеуметтік, экономикалық, тұрмыстық жəне биологиялық себептердің 
қатерлік қуатының артуымен байланыстырады. 
Мысалы, қызметпен айналысатын адамдардың психикалық ауру-
мен ауыру деңгейі жұмыссыздардың аурушаңдығынан төмен екендігі 
дəлелденді. Жұмыссыздардың 52,6%-ының психиатрға көрінуді қажет 
ететін ауытқуы бар екендігі анықталды. Оларға профилактикалық не-
месе белсенді емдеу шараларын жүргізу қажет болған. Себебі, бұл 
қоғамдық топта дезадаптациялық жəне суицидалдық үрдіс белең алған 
болып шықты.
Ұлтаралық қақтығыстар мен қарулы соғыстар, табиғи апаттар 
мен экологиялық жайсыз жағдай тұрғындар арасындағы психикалық 
ауытқу оқиғаларын ұлғайтады. Ал, əлеуметтік-экономикалық, 
қаржылық жағдайдың күрт нашарлауы жанұяда, еңбек ұжымында, 
қоғамда психикалық денсаулықтың нашарлауына алып келеді. Адам 
денсаулығына, əсiресе психикалық денсаулығына əр тараптан шамадан 
тыс жайсыз, бұрмаланған жəне агрессивтi хабарлардың көптеп түсуi де 
зиянды əсерiн тигiзiп, патологиялардың туындауына алып келедi.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының деректерiне қарағанда, жайсыз 
хабарлардың тоқтаусыз легi тек психикалық ауруларға алып келмейдi, 
сонымен қатар, жүрек-қан айналу, ас қорыту, иммундық жүйе аурула-
рына жəне онкологиялық патологиялардың өсуiне себеп болады.
60 жастан асқан тұрғындар арасында психикалық ауытқулардың 
деңгейi арту үстiнде. Мысалы, Ресейде олардың аурушаңдық көрсеткiшi 
1993-1998 жылдар арасында 9,8%-ға өскен. Болжамды деректерге 
қарағанда, қартайған жəне кəрi адамдар арасында психикалық аурулар 
одан ары өсетiндiгi анықталады.
Əлеуметтiк жағдайдың ауырлығына бейiмделе алмау психикалық 
ауру мен дені сау жағдайының арасында орналасқан адамдардың топ-
тарын туындатты. Оларды айқын психикалық аурулар қатарына да, денi 
сау адамдар қатарына да қосуға болмайды. Осы адамдарды анықтау 
жəне дер кезiнде емдiк-профилактикалық шараларды ұйымдастыру 
медицина қызметкерлерiнiң маңызды мiндетiне жатады.
Əдеби көздердiң деректерiне қарағанда, психикалық аурулар 
құрамында психосоматикалық патологиялардың үлес салмағы арта 
түскендiгi байқалады. Тұрғындардың арасындағы осы ауытқулардың 
таралуы 15%-дан 50%-ға, ал амбулаторлық аурулардың арасында 30%-
дан 57%-ға дейiн жетедi. Олардың таралу деңгейi көп салалы ауруха-
налар пациенттерi арасында да өте жоғары.
Бұл патологиялар эндокринологиялық, терi-венерологиялық жəне 
бронх демiкпесi бар ауруларда, жүрек қан айналу жəне ас қорыту 
жүйесiнде патологиялары бар адамдарда, артриттерi, остеохондрозы 
жəне басқа патологиялары бар тұрғындарда кездеседi.
Психосоматикалық ауытқулардың клиникалық көрiнiстерi көптеген 


116
түрлерден тұрады жəне олардың негiзгi белгiсi ретiнде психикалық 
жəне соматикалық ауытқулар клиникасының өзгеруiн алуға бола-
ды. Бұл мəселенiң өзектiлiгi тек медициналық-психологиялық се-
бептермен анықталмайды, сонымен бiрге, қаржылық себептермен де 
айқындалады. Психикалық ауытқулардың соматикалық аурулар ара-
сында жиi кездесуi психиатрлар мен учаскелiк жəне стационарлық 
дəрiгерлердiң тығыз байланыста жұмыс атқаруларын талап етедi. 
Бұл жұмыстар жалпы медицина мекемелерiнде немесе арнайы 
психосоматикалық клиникада жүруi тиiс. Бұл ауруларға диагноз қою 
үшiн қыруар қаржы жұмсалады, көптеген қосымша лабораториялық 
сынақтар мен тексерулер жургiзiледi.
Осының барлығы қоғамның көп қаржы жұмсауына жəне 
экономикалық шығынына себеп болады. Ауруларды өз диагнозы-
на сай емдемеу, емдеу-профилактикалық шараларының тиiмсiздiгiне 
алып келедi. Сондықтан соматикалық түрде қалыптасқан психикалық 
ауытқулар кез келген қоғамның əлеуметтiк-экономикалық мəселесi 
ретiнде қарастырылады. Психиатриялық қызметтiң көмегiн қажет 
ететiн аурулардың шынайы санын анықтау, осыған сай медициналық 
көмектi ұйымдастыруға жағдай туғызады. Психиатриялық көмектi 
қажет ету ұзақтығы əрбiр патологияның даму бағыты мен клиникалық 
ерекшелiктерiне жəне қайта қозу мүмкiндiктерiне байланысты.
Осы қағидаға сай барлық психиатриялық аурулар үш топқа жікте-
ледi. Аурулардың бiрiншi тобын өмiр бойы бақылауға алу қажет. Екiншi 
топтағы психикалық ауруларды патологиялары белсендi қозған кезеңде, 
ал үшiншi топтағы пациенттердi аурудың қауырт кезеңiнде бақылайды. 
Осы қағиданы бетке ала отырып, Ресейдің медицина қызметкерлерi 
тұрғындардың 21 миллионы психикалық аурулардың мəселелiк тобы-
на жататындығын анықтады. Басқаша айтқанда, Ресей тұрғындарының 
14%-ы психиатриялық медицина мекемелерiнiң бақылауында болуы 
тиiс. Көптеген дамыған елдердiң тəжiрибесi қазiргi психиатриялық 
көмектiң ауруларды жəне олардың ағайын-туысқандарын динамикалық 
бақылауға алу жене гуманизациялану бағытында даму үстiнде 
екендiгiн көрсетiп отыр. Психиатриялық көмектi ұйымдастыру саяса-
ты жер бетiндегi барлық мемлекеттерде тез өзгерiске ұшырауда. Соңғы 
20 жылда осы бағытта байқалған өзгерiстердiң ауқымы өте үлкен. 
Оның барысында психиатрлардың жалпы медициналық көмек беру 
мекемелерiнiң жұмысына тартылу мəселесi кеңiнен талқылануда жəне 
осы бағытта тəжiрибелер жүргiзiлуде. Бiрiншiден, бұл жағдай алғашқы 
медициналық көмектi ұйымдастыру мекемелерiне бөлiнетiн қаржы 
көлемiнiң ұлғаюымен тығыз байланысты. Екiншiден, психиатриялық 
ауруханалардағы төсек-орын санының қысқарып, жалпы медициналық 
ауруханалардың психиатриялық бөлiмшелерiндегi төсек-орындар 
санының ұлғайтылуында жатыр.
90-жылдың басынан Германияда арнайы психиатриялық меди-


117
цина мекемелерiн қысқартып, көпсалалы стационарлық мекемелер 
құрамында психиатриялық бөлiмшелер ашу үрдiсi белең алды. Осы-
лайша, 1991 жылы көпсалалы стационарларда 232 психиатриялық 
бөлiмше ашылып, оларда 27 803 төсек-орын ұйымдастырылды, ал 
1995 жылы бөлiмшелер саны 492-ге, төсек-орындарының саны 68%-ға 
артты.
Ұлыбританияда психиатриялық ауруханаларды жаңаша құру үде-
рiсi соңғы 15 жылда кеңiнен етек алды. Ірi ауруханалар жабылып, жал-
пы медициналық көмек беру мекемелерiнде психиатриялық бөлiмшелер 
саны мен төсек-орындар саны арта түсуде. Жалпы медициналық 
бөлiмшелер құрамында балалар мен жасөспiрiмдерге тəулiк бойы 
психиатриялық көмек көрсету жүйесi ұйымдастырылды. Бұл елде 1999 
жылы “Тұрғындардың психикалық денсаулығын қорғау бағдарламасы” 
енгiзiлдi. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң шешiмiне сай 
жергілiктi медициналық жəне əлеуметтiк қызмет көрсету мекемелерi 
тұрғындарға алғашқы психиатриялық көмекті ұйымдастыруда мына 
шарттарды қатаң сақтауы тиiс. Кез келген ауру бiрден психиатрия 
саласының маманына көрсетiлiп, диагнозы толық анықталып, са-
палы медициналық көмекпен жəне əлеуметтiк қамсыздандырумен 
қамтамасыз етiлуi керек.
Америка Құрама Штаттарында өкiмет орындарының тiкелей 
бақылауымен психиатриялық қызметтiң жұмысы ұйымдастырылып, 
жеткiлiктi көлемде қаржы көзi жұмсалады. Бұл мемлекетте 
психиатриялық жəне жалпы медициналық жүйелердiң бiрiгуi жедел 
жүруде. 2008 жылы психиатриялық көмек жалпы медициналық көмек 
жүйесiмен толық бiрiктiрiлдi. 1960 жылы Францияда психиатрия са-
ласы бойынша арнайы заң қабылданды. Осы кезеңге дейiн бұл заң 
үнемi жетiлдiру үстiнде. Бұл мемлекетте де психиатрия мен жалпы 
медициналық жүйе бiрiктiрiлуде. Қайта құру жұмысының бағыты 
дəрiгерлердiң күшiн бiрiктiрiп, əрбiр ауруға олардың психикалық ста-
тусына сай стационарлық жағдай қалыптастыруға алып келдi. Соны-
мен қатар, психосоматикалық статусқа қарай өмiр сүру ортасын да 
өзгеше ұйымдастыру жұмыстары қолға алынуда.
Жалпы, психиатриялық көмектiң сапасын арттыруға тек қайта 
құру жұмысы алып келген жоқ, сонымен қатар, бұл салаға бағытталған 
қаржының артуы да дұрыс ықпалын тигiзуде.
1984 жылдан бастап Грецияда психиатриялық қызметтi қайта құру 
жұмыстары жүргiзіле бастады. Осы мақсатқа европалық қоғамның 
арнайы бағдарламасы мен қаржысы жұмсалды. Осы кезеңге дейiн 
психикалық аурулары бар азаматтарға стационардан тыс көрсетiлетiн 
амбулаториялық-емханалық жəне əлеуметтiк көмек сапасы күрт 
жақсарды.
Iрi психиатриялық диспансерлердiң ауруларға көрсететiн көмегi 
бiрте-бiрте азайып, жалпы медицина жүйесiнiң қызметiмен бiріге бас-


118
тады. Олардың тұрғындар арасында жүргізілетін профилактикалық 
жұмысы жақсара түсуде. Психиатриялық стационарда көптеген жыл-
дар бойы емделген аурулар емханалық көмекке шығарылуда.
Психиатриялық көмектi ұйымдастыруда жер бетi мемлекеттерi 
үкiметтерiнiң барлығы да өз рөлдерiн арттыруда. Жергiлiктi 
психиатриялық қызметтi қаржыландыру жылдан-жылға арту 
үстiнде. Осындай үдерiс Африка, Латын Америкасы, Европа, Азия 
мемлекеттерiнде кеңiнен етек алуда. Кеңестер Одағында психиатриялық 
көмектiң үш кезеңдiк жүйесi жұмыс iстейдi. Олар стационар, диспан-
сер, жартылай стационар жүйесi деп аталды. Бұл жүйенiң жұмысы 
көбiнесе экстенсивтi жолмен дамыды. Тұрғындарға психиатриялық 
көмек көрсету көлемi, дəрiгер психиатрлармен жəне төсек-орынмен 
қамтамасыз ету деңгейi, аурулар санының өсуi үнемi динамикалық 
прогрессивтiк қозғалыста болды.
ХХ ғасырдың 80 жылдары Кеңестер Одағындағы психиатриялық 
қызмет жер жүзiндегi ең дамыған медициналық қызмет болып 
қалыптасты. Тұрғындардың дəрiгер-психиатрлармен қамтамасыз 
етiлуi əрбiр 10 000 адамға балап есептегенде 7,7%
00
, психиатриялық 
төсек-орынмен қамтамасыз етілуi 12,0%
00
құрады. Орталық аудандық 
ауруханалардың құрамында арнайы психоневрологиялық кабинеттер 
жүйесi ұйымдастырылды. Осыған байланысты, тұрғындардың кез 
келгенi өзiнiң психиатриялық статусына сай амбулаторлық-емханалық 
немесе стационарлық көмек ала алатын жағдайға келдi. Қызметтiң 
сапалық жəне сандық көрсеткiштерi оның қаржыландыру, маман-
дармен жəне еңбекақысымен қамтамасыз ету көлемiмен анықталды. 
ХХ ғасырдың 90 жылдарында Кеңестер Одағында қалыптасқан əлеу-
меттiк-экономикалық жəне саяси тоқырау барлық денсаулық сақтау 
жүйесiн жəне психиатриялық қызметтi өте ауыр жағдайға алып келдi. 
Экономикалық жəне қаржылық тоқырау, медициналық-əлеуметтiк 
жүйеде де ауыр орта қалыптастырды. Сондықтан психиатриялық жүйе 
жұмысын басқаша құру мəселесi күн тəртiбiнiң маңызды сұрағына ай-
налды.
Қайта құру барысында, ең бiрiншi кезекте психиатриялық қызметтi 
қаржыландыру, материалдық қорларды жұмсау механизмін анықтау, 
қызметтiң жұмысын бағалау мəселелерiн шешуге баса көңiл бөлу 
керек болды. Қазiргi таңда бұл қызметтiң даму бағытын анықтап, 
ұйымдастыру жəне басқару жүйелерiн жетілдiру мəселелерiн шешу 
күттiрмейтiн сұрақтар болып отыр.
Осы сала мамандарының пайымдауынша, психиатриялық 
қызмет пен жалпы медициналық жүйе мекемелерi мамандарының 
жұмыстары бiр-бiрiне етене тығыз байланыса бередi. Олардың 
бiрiге отырып шешетiн мəселелерi профилактика, нозологияға 
дейiнгi диагностика, сапалы емдеу, реабилитация сияқты маңызды 
жұмыстарды қамтиды. Осы жағдайда ғалымдар мен медицина 


119
тəжiрибесiндегi мамандардың күшi тек психикалық ауруларды емдеу-
ге ғана бағытталмайды, олардың профилактикалық шаралары жалпы 
тұрғындардың психикалық денсаулығын қамтамасыз етуге арнала-
ды. Басқаша айтқанда, психиатрияның профилактикалық, əлеуметтiк 
жəне ұйымдастырушылық салаларын дамыту бүгiнгi күннiң маңызды 
мəселесiне айналады.
Аты аталған бағытта Ресей Федерациясы үкiметiнiң жəне 
денсаулық сақтау жүйесiнiң атқарған жұмыстары өте үлкен. 1995 
жылы жарық көрген Денсаулық сақтау министрлiгiнiң «психиатриялық 
жəне психотерапевтiк көмек» туралы №294 Жарлығында бұл 
қызметтiң жұмысын жалпы медициналық жүйе қызметi жұмысымен 
тығыз ұштастыру қажеттiлiгi баса көрсетiлген. Психиатриялық 
көмек психотерапевтiк көмекпен толықтырылған. Барлық жалпы 
медициналық стационарлар мен емханаларда психотерапевтiк көмек 
кабинеттерi мен бөлiмшелерi ашылды. Мысалы, 1997 жылы Мəскеу 
қалалық клиникалық ауруханасында ашылған психиатрия бөлiмшесi 
мынадай мiндеттердi шеше бастады:
а) көпсалалы ауруханада жатқан соматикалық ауруларға арнайы 
психотерапиялық жəне психиатриялық кеңес беру, диагностика, про-
филактика жəне емдеу шараларын ұйымдастыру;
б) этика мен деонтология мəселелерiн шешу; оның iшiнде (пси-
хологтармен бiрге аурулар арасында, медицина қызметкерлерi ара-
сында, аурулар мен медицина қызметкерлерi арасында туындаған 
келiспеушiлiк пен қақтығыстарды шешу;
в) еңбек ұжымындағы психопрофилактикалық жəне психо-ги-
гиеналық мəселелердi шешу. Кабинеттi немесе бөлiмшенi психиатр
басқарады. Бұл бөлiмшенiң жұмыс атқарған соңғы үш жылында 
4528 ауруға кеңес берiлдi, ал 2915 ауруға психотерапевтiк жəрдем 
көрсетiлдi.
Ресейдегі психиатриялық қызметтiң қайта құрылуы мамандарды 
даярлау, аурулар диагностикасы жəне емдеу стандарттарын жаңадан 
құрастырудан басталды. Жергiлiктi психиатриялық қызметтердiң 
шаруашылық жəне өзге жұмыстарын‚ ұйымдастырудың жаңа түрлерi 
енгiзiлдi.
Психиатриялық қызметтi жетілдiру бағдарламасы жасалып, 
психикалық ауруларды қорғаудың қоғамдық жүйесi ұйымдастырылды. 
Алайда, мамандар бұл қызметтi толығынан қайта құрудан сақтандыра-
ды. Керiсiнше, бұл қызметтi ұйымдастырудың негiзгi шарттары, оның 
iшiнде барлық тұрғындарға бiрдей емделуге жағдай жасалу, көмектi 
кезеңдете көрсету, əр ауруға жекелей жəне клиникалық көзқарас 
өзгерiссiз қалуы керек.
Сонымен, Ресейдегi психиатриялық қызметтi жаңаша ұйымдас-
тыру iсi жалғасуда, бiрақ психиатриялық ауруларды емдеу сапасының 
артуы байқалмайды .


120
Жеке авторлардың жазуына қарағанда, осы күнге дейiн жетiлмеген 
Азаматтық Кодекс, мемлекеттiң психикалық ауруларды қорғауға 
бағытталған жеткiлiксiз қимылдары, бұл саланың мамандарына 
əлеуметтiк тұрғыдағы көмектiң төмендiгi қызмет сапасының жəне 
аурулар жағдайының жақсаруына алып келе қоймайды. Сондықтан 
көптеген аурулар еңбек ету құқығынан айырылып, үйсiз-күйсiз қалып 
отыр. Қайта құрудың барысында Азаматтық соттар құрамына психиа-
трия саласынан бiлiмi бар судьяларды енгiзiп, психикалық аурулардың 
құқығын қорғау мəселесiн шешуге бет бұрған ыңғайды ғана байқатып 
отыр.
Санкт-Петербургта қызмет атқаратын 645 психиатрдың ара-
сында жүргiзiлген сұрақнама қорытындысында, жаңа заңда 
психикалық аурулардың құқығы шамадан тыс кеңейтiлген деп 
көрсеткен. Ал, психикалық аурулардың құқығы толық қорғалмаған 
деп респонденттердiң 4%-ы ғана атап өткен. Дəрiгерлердiң 58,3%-ы 
психикалық аурулар арасында ақылы медициналық көмектi кеңейту 
керек деп көрсетсе, 30,9%-ы ақылы көмектiң бұл салада болма-
уын қалаған. Олар психикалық аурулардың əлеуметтiк тұрғыдан 
мүлдем қорғалмағандығын бетке ұстайды. Мамандардың 94,8%-ы 
ауруларға қажеттi күндiзгi стационарларды кеңiнен ұйымдастыру 
қажет деп есептейдi. Респонденттердiң 74%-ы бұл ауруларға арналған 
жатақханалар ашу қажеттiгiн атап өткен.
Дəрiгерлердiң 80,2%-ы психотерапевттiк кабинеттердiң ашыл-
уын құптайды жəне олардың жалпы медициналық емханалар мен ста-
ционарлар құрамында болғанын дұрыс деп есептейдi. Сұрақнамаға 
тартылған мамандардың 57,5%-ы психиатриялық қызмет тəжiрибесiне 
технологиялық стандарттарды енгiзуге қарсы болды.
Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Ресейдегі арнайы өкiлi жасаған 
16.06.1999 жылғы “Психикалық аурулармен ауырған азаматтардың 
құқығын сақтау туралы” баяндамасында бұл саладағы қайта құру 
жұмыстарын белсендi жəне жылдам жүргiзу қажеттiгiн атап көрсеттi. 
Ол өз баяндамасында федералды басқару жүйесiнiң психиатриялық 
қызметтiң жұмысын жөндi жəне керектi деңгейде бақыламай отыр-
ғандығын айтты. Сонымен қатар, психиатриялық қызмет сапасының 
айтарлықтай өзгермегендiгiн, ал психикалық аурулар құқығының 
қорғалу оқиғаларының мүлдем кездеспейтiндiгiн алға тартты. Арнайы 
өкiлдiң айтуынша, бұл қиыншылықтан шығу үшiн психиатриялық 
көмек сапасын арттыру жəне бұл саланы қаржыландыруды жолға 
қою қажет. Əсiресе, балалар мен жасөспiрiмдерге, қартайған 
азаматтарға көрсетiлетiн психиатриялық көмектi сапалық тұрғыдан 
қайта жақсарту, дəрiгерлердiң бiлiктiлiгiн арттыру жəне осы мекеме-
лерде қызмет атқаратын қосалқы қызметкерлерге қойылатын талап-
тарды қатаңдандыру қызметтi жақсартуга өз үлесiн қосады. Соттық-


121
психиатриялық қызметтi жетiлдiруге де баса көңiл бөлу қажет. Ал, 
жергiлiктi жердегi əкімшiлiктер аумақтық бағытты бағдарламалар жа-
сап, оның құрамына əлеуметтiк-психологиялық жəне суицидологиялық 
қызмет көрсету шараларын қосуы тиiс.
Жоғарыда аталған өзектi мəселелерге арналған ғылыми жұмыстар 
мен арнайы баяндамалар Ресеймен қатар, бұрынғы Кеңестер Одағына 
кiрген, қазiргi дербес мемлекеттерде де жиi жасалып жүр.
1995 жылы Қазақстан Республикасында “Қазақстан халқының 
психикалық денсаулығы туралы” Заңының жобасы ғылыми журнал-
дарда жарық көрдi. Оның авторы соматикалық, психикалық жəне 
əлеуметтiк денсаулықтың тығыз байланыстылығын бетке ұстай оты-
рып, оларды бiрiктiретiн жалпы денсаулық деген категорияны алға 
тартады. Сондықтан, адам денсаулығын қамтамасыз ету үшiн осы 
категориялардың барлығына дұрыс ықпал жасау қажет деп көрсетедi. 
Сонымен, психикалық денсаулық жалпы денсаулықты қалыптастыруға 
қуатты əсерiн тигiзетiн негiзгi категориялардьң бiрi болып табылады.
1997 жылдың 16 сəуiрiнде Қазақстан Республикасының “Психи-
атриялық жəрдем жəне оны алудағы азаматтардың құқығын қамтамасыз 
ету туралы” Заңы күшiне ендi. Бұл заңда республикамыздың 
психикалық ауытқулары бар азаматтарға психиатриялық көмек беру 
саласындағы ұстаған саясаты мен негiзгi шарттары айқындалған, 
олардың қатарында:
1. Зандық, адамгершiлiк жəне əрбiр адамның құқығын сақтау;
2. Психикалық ауытқулары бар азаматтарды тегiн жəне толыққанды 
медициналық көмекпен қамтамасыз ету;
4. Психиатриялық көмектi беруде азаматтардың əлеуметтiк 
тұрғыдан қорғалуы. 
Алайда, өткен кезеңдерде жеткен тəжiрибе, бұл заңның психиатрия 
саласында қордаланған өзектi мəселелердi толық шеше алмағандығын 
көрсеттi. Оның iшiнде, өндiрiс орындарында психикалық ауруларға 
арналған квота бөлiнуі, психикалық ауруларға емдiк-еңбек ету 
ндiрiстерiнiң ашылуы мен жұмыс iстету мəселелерi шешiлмей отыр.
Қазiргi тұрмыстық, əлеуметтiк-экономикалық жағдайдың 
психикалық денсаулыққа түсiретiн зиянды əсерiне байланыс-
ты психосоматикалық аурулар мен ауытқулар санының артуы 
психиатриялық қызметтің сапасын жақсартуды талап етедi. Осы 
бағытта атқарылған өте маңызды жұмыстың бiрi соматикалық меди-
цина мен жеке жалпы дəрiгерлiк тəжiрибеге психодиагностиканың 
ендірiлуi болып табылады. Алайда, жалпы медицина саласында 
қызмет атқаратын дəрiгерлердiң психодиагностикадан бiлiктiлiктерiнiң 
төмендiгi ауруларға көрсетiлетiн медициналық көмек сапасына дұрыс 
ықпал жасай алмауда. Дəрiгерлiк тəжiрибенi сараптау емханалық жəне 
стационарлық жүйедегi дəрiгерлер аурулардың психосоматикалық ста-


122
тусына дұрыс баға бере алмайтындығын, осыған байланысты емдiк ша-
раларды сапалы өткiзбейтiндiгiн анықтады. Ал, жалпы медициналық 
жүйедегi дəрiгерлерге қаралатын аурулар өз организмiнде психикалық 
ауытқулардың бар екендiгiне көңiл аудармайды жəне сенбейдi. Тұр-
ғындар арасында күннен-күнге психиатрлар мен психотерапевтердiң 
көмегiн алуды қажет етушi адамдардың көбеюi байқалады. Санкт-
Петербургтағы жеке бiр емхананың аурулары арасында жүргiзiлген 
кешендi психиатриялық зерттеу, олардың 87,3%-ында психикалық 
ауытқудың белгiлерi барын, ал 12,7%-ында психикалық аурудың бар 
екендiгiн анықтады.
Мəскеу қаласындағы iрi көпсалалы клиникасында емделудегi 
1994 ауруға жүргiзiлген клиникалық тексеру, олардың 49,3%-ы психо-
тропты дəрiлермен емделуi қажет екендiгiн көрсеттi. Олардың 19%-ы 
үнемi психиатрлардың қатысуы арқылы емделуi тиiс болып шықты. 
Аурулардың 5%-ы арнайы психосоматикалық бөлiмге ауыстырылып, 
қатаң дəрiгерлiк бақылауға алынуын қажет еттi.
1993-1996 жылдар арасында “Соколов-Сарыбай тау-өндiрiсi” бiр-
лестiгiнiң жұмысшыларына қосымша медициналық-психотерапевтiк 
көмек берiлдi. Дəрiгерлердiң бақылауына 129 адам алынды. Олардың 
арасында невротикалық ауытқу, психосоматикалық патология, 
эмоциялық ауытқу жəне жүрiс-тұрысының өзгеру белгiлерi болды.
Жүргiзiлген емдiк-профилактикалық шаралар жұмысшылардың 
психикалық денсаулығын айтарлықтай жоғарылатып, еңбек 
өнiмдiлiгiн арттырды. Осындай емдiк-профилактикалық шаралар-
ды еңбек ұжымдарында кеңiнен қолға алу қажет екендiгiн дəлелдедi. 
Психикалық ауытқуларды дер кезiнде анықтау немесе ерте баста-
лу (клиникаға дейiнгi кезеңде) алдында анықтау профилактикалық 
жəне емдiк шараларды барынша тиiмдi ұйымдастыруға көмектеседi. 
Жұмысшылардың еңбекке жарамдылығын тез қалпына келтiредi. 
Осындай медициналық-психотерапиялық шараларды əлеуметтiк-
экономикалық жағдайы ушыққан ұжымдарда ұйымдастыру жаппай 
психоздар мен невроздардың дамуына арналған шаралардың негiзiн 
құрауы қажет. Осы жағдайда психиатрлар мен психиатриялық қызметте 
жұмыс атқаратын өзге қызметшiлердiң этика мен деонтология шартта-
рын қатаң сақтауы керек. Барлық психиатриялық тəжiрибе аурулардың 
заңды құқықтарын сақтау арқылы жүзеге асырылса, ауруларды ем-
деуде жəне еңбекке жарамдылығын қалыптастыруда жақсы табысқа 
алып келедi. Бұл жерде дəрiгерлердiң осындай аурулармен жұмыс 
iстеуге психологиялық даярлығы мен олардың организмiне түсетiн 
ауыртпалықты есепке алмауға болмайды.
Қазiргi ғылыми басылымдарда балалар мен жасөспiрiмдерге жəне 
ересектерге арналған жедел психиатриялық жəрдемдi ұйымдастыру 
мəселелерiн талқылау оқиғалары жиi кездеседi. Оның iшiнде жедел 


123
жəне кеңес беруге арналған психиатриялық көмек айырмашылығы, 
балаларға көрсетiлетiн жедел психиатриялық жəне жалпы соматикалық 
көмектiң бiрiгiп жұмыс атқару мəселесi, денсаулық сақтау мекемелерi-
нiң психиатриялық көмектi ұйымдастырудағы бiрiгiп атқаратын жұ-
мысы талқыланды. Бұл жерде жедел психиатриялық жəрдемнiң эва-
куаторлық қызметi, сапалы дəрiгерлiк көмекке бет бұру мəселелерi мен 
жолдары көрсетiлген. Жедел психиатриялық көмектi ұымдастырудағы 
жеке дерiгерлердiң аурулармен арақатынасын өзгеше, гуманитарлық 
жəне медициналық-реабилитациялық бағытта өрбуiнің қамтамасыз 
етiлуi бүгiнгi күннiң негiзгi талабы екендiгi дəлелденедi.
Соңғы 20 жылда бұрынғы Кеңестер Одағында жəне қазiргi Тəуелсiз 
мемлекеттер достастығы аумағында психиатриялық қызметтi жаңаша 
құру үдерiсi күшейе түсуде. Əсiресе, төтенше жағдайда көрсетiлетiн 
психиатриялық жəне психотерапевтiк көмектi ұйымдастыру өзектi 
мəселелердiң бiрi болып отыр. Бұл жерде, психиатриялық көмек, 
клиникалық психиатрия саласында қолданылатын əдiстерден өзгеше 
жолдармен жүзеге асырылуы тиiс. Оның өзiндiк технологиясы мен 
құралы жəне ұйымдастыру əдiстерi бар. Осы жерде адамдардың жалпы 
психикалық денсаулығы, стрестер мəселесi, адаптация мен тiршiлiктi 
қамтамасыз ету жолдары жеке өзектi мəселеге айналады.
Психиатриялық көмектi жетiлдiрудiң бiр түрi диспансерлiк-
стационарлық бөлiмдер жүйесiн ұйымдастыру болып табылады. Ол 
кешендi құрылым ретiнде психиатриялық стационардан, ауруларды 
амбулаторлық қабылдау бөлмесiнен, күндiзгi стационардан жəне ем-
деу-еңбек ету шеберханасынан тұратын мекеме. Диспансерлiк-
стационарлық бөлiм учаскелiк дəрiгермен, қоғамдық ұйымдармен, 
еңбекке тарту мекемелерiмен жəне юристермен тығыз байланы-
ста жұмыс атқарады. Осының арқасында психикалық ауруларға 
медициналық əлеуметтiк, құқықтық жəне тұрмыстық көмектердi 
түбегейлi қамтамасыз етуге жағдай туады. Осылайша, ұйымдастырылған 
учаскелiк-психиатрдың жұмысы, олардың жұмысының сапасын арт-
тырады.
Жеке авторлардың ғылыми-зерттеулерi көрсеткендей, қазiргi 
психиатриялық қызмет жүйелерi, оның iшiнде психиатриялық ауру-
хана мен психоневрологиялық диспансерлер аурулардың толыққанды 
емделуiне жəне еңбекке кабiлетiнiң қалыпқа келуiне жайлы жағдай 
туғыза қоймайды. Əсiресе, аурулары айқын емес немесе басқа 
аурулардың қалқасынан көрiнбейтiн белгiлерден тұратын психикалық 
ауытқулары бар азаматтардың емделуi толық қамтамасыз етiлмейдi. Ал, 
жалпы соматикалық ауруханаларда емделетiн пациенттердiң көбiсiнде 
психикалық ауытқулардың өте жиi кездесетiндiгi анықталып отыр. 
Соңдықтан, осы ауруларға сапалы көмек көрсету жолдары анықталып, 
оларды қатарға қосудың, патологияларынан арылтудың жəне еңбекке 
жарамдылығын қалыпқа келтiрудiң тиiмдi жолдары жасалуы тиiс. 


124
Жалпы соматикалық жүйедегi ауруханалар мен психиатриялық қызмет 
мекемелерi күштерiн бiрiктiрiп, осы өзектi мəселенi шешудiң бiрiңғай 
жүйесiн немесе психиатриялық көмектi ұйымдастырудың жетiк моделiн 
жасауы қажет. Амбулаторлық-емханалық жүйеде, психиатриялық 
көмектi ұйымдастыру психотерапевтiк кабинеттер арқылы жүруi ке-
рек. Бұл кабинеттiң мамандары ауруларға диагностикалық емдiк жəне 
кеңес беру қызметтерiн көрсетедi.
Көпсалалы жалпы медициналық ауруханаларда сомато-
психиатриялық бөлiмшелер ашылып, оларда ауыр халдегi 
психикалық жəне соматикалық патологиялары бар ауруларға арнайы 
медициналық көмек берiлуi қажет. Бұл жердегi психоневрологиялық 
көмек санаторлық жағдайға бейiмделген, көңiл-күйге жайлы, со-
нымен қатар, ауруларға этиопатогенетикалық көмектi қамтамасыз 
ететiн түрде ұйымдастырылады. Бұл бөлiмшеде невротикалық жəне 
шекаралық жағдайдағы психикалық ауытқулары бар аурулар емделедi. 
Соматопсихиатриялық бөлiмшелер екi түрде ұйымдастырылуы 
мүмкiн. Бiрiншi түрi, iрi көпсалалы аурухананың жеке құрылымдық 
бөлiмшесi ретiнде, екiншi түрi, клиникааралық диагностикалық-емдеу 
бөлiмшесi ретінде. Сонымен қатар, iрi көпсалалы ауруханада жедел 
арнайы психиатриялық жəрдем беретiн қызмет ұйымдастырылуы бұл 
сала қызметiнiң жұмыс тиiмдiлiгi мен сапасын арттырады. Осы арнайы 
жедел қызметтi қабылдау бөлiмшесiнiң құрамына кезекшi психиатрды 
енгiзу арқылы жүзеге асырылуы тиiс. Аса ауыр соматикалық патология-
лары бар науқастарды ауруханаларда емдеу, қалыпқа келтiру тəжiрибесi 
жеке авторлардың еңбегiнде келтiрiлген. Осындай бөлiмшелер Мəскеу 
қаласында орналасқан iрi көпсалалы ауруханаларда ашылған.
Кəрi адамдарға психиатриялық көмектi ұйымдастырудың тиiмдi 
түрi күндiзгi стационарлар болып табылады. Бұл стационарларда 
кешенді көмек берiледi жəне психотерапевтiк дəрiгерлiк көмек пен 
жалпы соматикалық жəрдем бiрге iске асырылады. Бұл ауруларға 
медициналық-биологиялық жəрдем, психотерапевтiк жəне əлеуметiк 
қатарға қосу шараларымен бiрге жүргiзiледi. Олардың iшiнде топта-
стыра өткiзiлетiн психотерапия, еңбек терапиясы, мəдени шаралар бар. 
Осындай стационарда емделу тəулiк бойы жəрдем беретiн стационарда 
емделуден екi есе арзан.
Организмiнде психикалық ауытқулары бар соматикалық ауруларға 
көрсетiлетiн көмектi ұйымдастыруды жетiлдiру жолдары өзге де 
авторлардың еңбегiнде жан-жақты көрсетiлген.
Соңғы он жылда əлеуметтiк психиатрия саласында психикалық 
аурулардың еңбек ету қабiлетiн қалыпқа келтiру (реабилитация) жеке 
бағыт ретiнде қалыптаса бастады. Психиатрия саласындағы реабили-
тация алғаш рет маңызды ғылыми бағыт ретiнде негiзделiп, Амери-
ка Құрама Штаттарында, Канадада жəне Ұлыбританияда тəжiрибеге 
ендiрiлдi.


125
Психикалық аурулар арасында медициналық-əлеуметтік жəрдем -
мен əлеуметтiк терапия жұмысын ұйымдастыру моделдерi жасал-
ды. Осының iшiнде, жеке тұлғаларға арналған жəне тағамдық ұйым-
дардың көмегi аясында ұйымдастырылған психикалық-əлеуметтiк 
реабилитациялық көмек осы аурулар мен қоғам мүшелерiнiң қолдауы-
на кеңiнен ие болып отыр. Қол жеткен тəжiрибе, интеллектуалдық 
деңгейi жоғары ауруларға осы ұйымдастыру жүйесiнiң тиiмдiлiгiн 
түсiндiру, олардың жекелей емделуге деген белсендiлiгi мен құш-
тарлығын арттырады. Олардың əлеуметтік-психиатриялық жəрдем 
беру қызметкерлерiне көрсететiн сенiмiн барынша арттырады. 
Медициналық-əлеуметтік реабилитацияны психикалық аурулардың 
қоғамға қауiптi қимылдарының алдын алу шараларының негiзгi бағыты 
деп қарау керек. Осындай жұмыстар Ресей Федерациясында да жүзеге 
асырылып, олардың қоғамдық тиiмдiлiгi анықталып отыр.
Экономикасы дамыған елдерде психикалық аурулардың кəсiби реа-
билитациясы өндiрiс қожалықтарына жүктелетiн арнайы квота арқылы 
реттеледi. Осы квотаның аумағында жеке кəсiпкерлер психикалық 
ауруы бар адамдарды денсаулығына сай жұмыспен қамтамасыз етуi 
қажет. Қазақстанда осындай квоталық тəртiп əлi күнге жүзеге асырыл-
ған жоқ. Ал, Кеңестер Одағы тұсында құрылған арнайы емдеу жəне
еңбек ету шеберханалары жаңа экономикалық кезеңдегi бəсекелестiкке 
төтеп бере алмай жабылып қалуда немесе өдiрiстi бəсеңдетiп, 
көптеген жұмыс орындарын қысқартуға мəжбүр болуда.Сондықтан, 
республикадағы психикалық аурулардың кəсiби реабилитациясы 
мемлекеттiк тұрғыдан шешiлуi тиiс. Оны шешуге қажеттi қаржылық-
ұйымдастырушылық механизмдердi жетiлдiру жəне iске қосу кезек 
күттiрмейтiн мəселе болып отыр. Қоғамда еңбек етпейтiн психикалық 
аурулардың күн санап артуы əлеуметтiк жəне саяси жағдайды 
ушықтырып отыр. Психиатриялық стационарларды басқаруды жетiл-
дiру, қаржыландырудың тиiмдi жүйесiн жасау жəне медициналық 
көмектiң сапасын дұрыс бағалау, жұмыстарын жолға қою клиникалық-
статистикалық топтар жүйесiн енгiзу арқылы жүзеге асырған тиiмдi бо-
лады. Шетелдерде осындай топтар диагностикалық байланыстырылған 
топтар деген атпен белгiлi. Диагностикалық байланыстырылған 
топтарға ауруларды клиникалық сипаты жағынан бiрыңғай, стацио-
нарда емдеу ұзақтығы, тексеру технологиясы, емдеу, реабилитация 
əдiстерi ұқсас, емделу ақысы бiрдей пациенттер жинақталады.
Ресей Медицина Академиясына қарасты психикалық-денсаулық 
ғылыми орталығы мамандары клиникалық-статистикалық топтар 
жүйесiн жасап шықты. Бұл жүйе психиатриялық стационарға жатқызу 
оқиғаларының барлығын қамтиды. Клиникалық-статистикалық топтар 
аурудың клиникалық сипаттары жəне аурудың жасы бойынша ерек-
шеленген. Клиникалық-статистикалық топтар жүйесi психиатриялық 
емдеу мекемелерiнiң қаржылық-экономикалық қызметiн жəне арнайы 


126
жердем беру сапасын дұрыс бағалай алатындай етiп құрастырылған. 
Авторлардың ұсынысы бойынша психиатриялық мекемеде емделiп 
жатқан, əрбiр ауруға бөлiнетiн қаржы клиникалық-статистикалық жүйе 
шарты бойынша жүзеге асырылуы қажет. Алайда бұл жүйе iшiндегi 
қорларды экономдау көздерi күндiзгi стационарларды көбейту жəне 
бос төсек-орындарды қартайғандарға, мүгедектерге медициналық-
əлеуметтiк көмек беру мақсатында пайдалану болып табылады.
Психиатриялық көмектiң төмен деңгейде дамуының ең маңызды 
себебi, медицина мекемелерiнiң материалдық-техникалық қорларының 
нашарлығы жəне ауруханадан тыс көрсетiлетiн медициналық көмектiң 
жеткiлiксiз дамуы болып отыр. 1995-1997 жылдардан бастап Ресей 
Федерациясында “Психиатриялық көмектi жетiлдiрудiң шұғыл ша-
ралары” бағдарламасының аясында “психиатриялық стационарлық 
жəне ауруханалардан тыс көрсетiлетiн көмектiң модульдi жобалар” 
əдiсi жасалды. Мемлекет шеңберiнде осындай 34 модуль жасалынды. 
Оларда географиялық-климаттық, демографиялық жағдайлар, əрбiр 
аймақтағы инфрақұрылымдардың жетiлу дəрежесi есепке алынған. 
Сонымен қатар, арнайы қызметтiң материалдық-техникалық қоры, 
даму болашағы, диагностикалық, емдеу əдiстерiнiң жеткен жəне 
болашақтағы болжамды деңгейi де қарастырылды. Қызметтiң ауру-
лар денсаулығын қамтамасыз етуге жəне кəсiби реабилитация жасауға 
даярлығы да есепке алынды.
Қазiргi психиатрия саласының дамуына мамандар бiлiктiлiгiн 
арттырудың маңыздылығын есепке алу қажет. Осыған байланысты 
жоғары бiлiм беру мекемелерiнде психиатриялық бiлiм беру жəне 
мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру жұмыстарына баса көңiл бөлiнуде. 
Осылайша, Женева университетiнде психатриялық бiлiм берудiң жаңа 
жобасы жасалды. Оны құрастыру барысында көптеген психикалық 
аурулардың психиатрға бармай жалпы медицина саласының 
дəрiгерлерiне баратындығы есепке алынды. Психиатриялық бiлiм беру 
жалпы медициналық бiлiм берумен қатар жүредi жəне оған даярлық 
4 жыл бойы жүзеге асырылады деп шешiм қабылдады. Ал диплом 
алғаннан сон 1-2 жылдың iшiнде психиатрияның жеке салалары бо-
йынша бiлiмiн жетiлдiрiп, дəрiгер “психиатр-психотерапевт” деген 
дипломға ие болады. Бұл жағдай дəрiгерлердiң тек психотерапиядан 
емес, сонымен бiрге биология, неироғылым жəне эпидемиология мен 
клиникалық ғылымдардан бiлiмi мен бiлiктiлiгi бар деген мағынаны 
бiлдiредi. Бiлiм берудiң барлық кезеңдерiнде мамандарды аурулар-
мен тiл табысу əдiстерiне, клиникалық диагноз коюға жəне олармен 
психологиялық-əлеуметiк тұрғыдан жұмыс iстеуге үйретедi.
Психиатриялық жəрдем сапасы көбiнесе орта буынды меди-
цина қызметкерлерiнiң жұмыс аткару сапасына да байланысты. 
Психиатриялық жəрдем саласының медицина бикелерi тек сапалы 
теоретикалық жəне тəжiрибелiк бiлiм алмауы керек, олар аурулармен 


127
жұмыс iстей алуы қажет. Бөлiмшеде жайлы микроклимат қалыптастыра 
алуы, отбасылық жəне əлеуметтiк топтарда сенiмге ие болуы тиiс.
Осы қызметтің жұмыс сапасын арттыруда жедел жəрдем беру-
ге қатысатын санитарлық-теоретикалық жəне тəжiрибелiк дайындық 
үлкен маңызға ие. Жедел жəрдем бригадаларының қызметкерлерiн 
үнемi ауыстырып отыру экономикалық жəне тəжiрибелiк тұрғыдан 
даярлауда жақсы тиiмдiлiгiн көрсетедi. Бұл жағдай мамандардың 
бiлiктiлiгiн тоқтаусыз арттыруға көмектеседi. Себебi, өзге бригадаға 
ауыстырылған маман жедел жəрдем берудiң жаңа түрлерiмен таныса-
ды, салыстырмалы түрде жақсы əдiстi таңдауына жағдай туады. Өзi 
бiлетiн тəжiрибенi жаңа əрiптестерiне үйретуге жəне қолма-қол беруге 
алып келедi.
Амбулаториялық жəне стационарлық көмектiң сапасын 
қамтамасыз етуде лицензия берушi органдардың рөлi өте жоғары. 
Олар психиатриялық қызметтi аккредитациялап, лицензия шартта-
рын орындау дəрежесiн бақылап отырады. Аккредитациялау үшiн ар-
найы бағдарлама қолданылады. Оның негiзгi бөлiмдерi материалдық-
техникалық қорлар, медицина мамандары мен олардың бiлiктiлiгiн 
қамтамасыз ету саясаты, басқару жəне ұйымдастыру деңгейi, көмек 
көрсету сапасы сияқты маңызды сұрақтардан тұрады.
“Медициналық талаптар” атты бөлiмде медицина мекемесiнiң 
диагностикалық жəне емдеу жұмыстарын ұйымдастыруға даярлығы 
бағаланады. Бұл бөлiмнiң талаптары Денсаулық сақтау министрлiгiнiң 
1999 жылдың 6 тамызында жарық көрген “Психикалық жəне əдеттер 
ауытқуларының диагностикасы мен емдеу модельдерi” атты №311 
бұйрығы арқылы реттеледi.
Жоғарыда айтылған меселелердiң барлығын қорытындылай 
келе, психиатриялық қызметтiң қазiргi ұйымдастырушылық, 
басқару, қаржыландыру жəне көмек сапасын арттыру жұмыстарында
кездесiп отырған қиыншылықтары жалпы денсаулық сақтау сала-
сында қалыптасқан қиыншылықтармен ұштасып жатыр. Осы өзектi 
мəселелердi шешу ғылыми жəне тəжiрибелiк тұрғыдан жан-жақты 
зерттеулер мен сынақтар жүргiзу арқылы жүзеге асырылуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет