Оқулық Алматы, 012 М. Ə. Бөлешов ƏӨЖ 614(075. 8) Ббк 51. 1я73 б 78


Əйелдер мен балаларға емханалық жəне стационарлық



Pdf көрінісі
бет51/86
Дата08.11.2023
өлшемі2,02 Mb.
#190373
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   86
Байланысты:
Бөлешов.2012.ҚДС.

4.2. Əйелдер мен балаларға емханалық жəне стационарлық 
көмекті ұйымдастыру
Аналар мен балалардың денсаулығын қорғау мемлекет 
тұрғындарының денсаулығының жоғары деңгейде сақталуы мен одан 
ары күшеюінің кепілі болып табылады. Адамдардың денсаулығы 
балалық шақтан қалыптасады. Сондықтан ересек тұрғындардың 
денсаулығы балалардың дені сау болып өсуіне тəуелді болып келеді. 
Ал, нəрестелер мен сəбилердің денінің саулығы аналардың денсаулық 
жағдайына тікелей байланысты екендігін есепке алсақ, онда бала мен 
ананың денсаулық жағдайларын бөле қарауға болмайтындығы айтпаса 
да түсінікті болады.
Арнайы жүргізілген таңдамалы социологиялық-медициналық зет-
теу нəтижелері балалардың денсаулық көрсеткіштері деңгейінің 30%-
ға дейін аналардың бала көтерудің алдындағы, бала көтеру, босану
барысындағы денсаулығына жəне оның əдеттеріне байланыстылығын 
көрсетті. Көне заманның философы Ликурт «Халықтың байлығы
əйелдердің дені сау денесінде сақтаулы» деп айтып кеткен. Сондықтан 
ана мен баланың денсаулығын барынша жақсарту кез келген 
мемлекеттің стратегиялық маңызы бар міндеті болып табылады. Осы 
міндетті сапалы да тиімді етіп шешу үшін біздің Республикамыздың 
денсаулық сақтау саласында арнайы ана мен баланың денсаулығын 
қорғау жүйесі құрылған. Бұл жүйенің маңыздылығы балалар мен 
аналардың өлімге ұшырау жиілігі аса жоғары деңгейде қалыптасуы 
жағдайында ерекше арта түседі. Біздің еліміздегі аналар мен балалар-
дың саны тұрғындардың құрамында айтарлықтай үлеске ие болып 
отыр. Мысалы, фертильдік жастағы əйелдердің үлес салмағы тұрғын-
дардың жалпы санының 28,0%-ын құраса, балалардың үлес салмағы 
24,3 % -ға дейін жетеді.
Акушерлік гинекологиялық көмек жүйесінде əйелдерге кеңес 
беру жетекші орын алады. Бұл сала əйелдер денсаулығына өмір бойы 
амбулаторлық-емханалық бақылау жүргізеді. Осы қызмет учаскелік 
шарт бойынша жүзеге асырылады, сондықтан амбулаторлық-емхана-
лық мекемелер құрамында ұйымдастырылады. 
Акушерлік-гинекологиялық учаске 2 терапевтік учаске əйелдерін 
медициналық бақылаумен қамтиды. Бұл учаскеде орта есеппен 2000-


149
2500 əйел дəрігерлік бақылауда болады. Учаскелік акушер-гинекологтар 
өз бақылауындағы əйелдерге əртүрлі емдеу-диагностикалық көмек 
көрсетеді, əлеуметтік-құқықтық кеңес береді. Əйелдерге көрсетілетін
амбулаторлық-емханалық медициналық көмек сапасын арттыруда 
лабораториялық-диагностикалық қызметтің жұмысын жетілдірудің, 
эндокринологиялық, иммунологиялық, биохимиялық зертханаларды 
құрудың, қызметтік диагностика кабинеттерін заманауи технология-
лармен жабдықтаудың жəне медициналық генетика лабораториясын 
ұйымдастырудың маңызы өте үлкен. 
Учаскелік акушер-гинекологтардың ең маңызды жұмыстарының 
қатарына профилактикалық жұмыстар жатады. Олардың ішінде, 
біріншілік профилактика шаралары басым орын алады. Оның 
міндеттеріне əйелдерді тек жүктілік кезеңінде бақылау жатпайды, со-
нымен қатар əйелдерді өмір бойы бақылап, олардың организмінде кез 
келген аурудың туындауына қарсы шараларды жүзеге асыру кіреді. 
Учаскелік акушер-гинекологтардың профилактикалық жұмысының 
ең маңызды бөлігін əйелдерді жүктілік кезеңінде жəне босанғаннан
кейінгі 1,5-2 жыл бойы бақылау құрайды.
Бұл жұмыстың сапасын арттыру үшін, акушер-гинекологтардың 
гигиеналық тəрбие жəне санитарлық ағарту мəселелері бойынша 
білімі мен біліктілігін арттыру қажет. Əсіресе, əйелдердің жүктілігінің 
ерте кезеңінде (12 аптаға дейін) акушер-гинекологқа келіп, бақылауға 
тұруына баса көңіл бөлген дұрыс. Жүктіліктің ерте кезеңінде акушер-
гинекологтарға қаралу дəрігерлік тексеруді, мамандардан кеңес 
алуды толыққанды жүзеге асыруға, экстрагениталдық аурулар мен 
акушерлік патологияларды дер кезінде емдеуге жағдай туғызады. Ал, 
осы шаралардың сапалы ұйымдастырылуы перинаталдық өлімді, шала 
туылу немесе төмен салмақта туылу оқиғаларын барынша азайтады.
Əйелдер арасында босанғаннан кейін 1,5 жыл бойы міндетті дис-
пансерлік бақылау орнатылады. Осы кезеңде əйелдердің жүктілігінің 
немесе босану барысының асқынуынан созылмалы экстрагениталдық
ауруларының қозуы күшейе түседі. Əртүрлі гинекологиялық аурулар-
дың алдын алуда түсік тастау профилактикасының атқаратын рөлі 
жоғары. Бұл жұмыс қажетсіз жүктілікті болдырмау шараларын жəне 
оның алдын алуда заманауи контрацепциясын қолдану мəселелерін 
қамтиды. 2010 жылғы статистикалық деректерге қарағанда əлеуметтік 
айғақтар бойынша 1440 жəне 29 криминалдық аборттар жасалған. 
1000 ұрпақты болу жасындағы əйелдерге балап есептегендегі аборттар 
саны 2010 жылы 23,0 оқиғаны құраса, 2011 жылы 20,7 оқиғаны түзеді. 
100 тірі жəне өлі туған нəрестелерге балап есептегенде аборттар саны 
2010 жылы 28,5, ал 2011 жылы 25,0 оқиғаға тең болып шықты. Аборт 
жасау оқиғаларының ең жоғары деңгейі Ақмола, Шығыс Қазақстан, 
Солтүстік Қазақстан жəне Қостанай облыстарында сақталуда. 1000 
ұрпақты болу жасындағы əйелдерге балап есептегенде осы облыстар-


150
да аборт жасау 28,1 (Қостанай облысы) оқиғадан 41,3 (Ақмола облы-
сында) оқиғаға дейін жетеді.
Аборттан кейін туындайтын асқынулар да өте жиі кездеседі. Мы-
салы, бірінші рет жүкті болғандар арасында аборттың саны 1000 
адамға балап есептегенде 8,4 оқиғаны құраса олардың арасындағы 
асқынулар деңгейі 95% дейін жеткен. Жалпы Республика бойын-
ша 2010 жылы 1440 аборт, ал 2011 жылы 1254 аборт жасалған. Осы 
оқиғалардың асқынуы 2010 жылы 35,9% (518 оқиға), 2011 жылы 32,5% 
құрады. Аборттан туындайтын асқынуларға жатырдың тесілуі (4,2%), 
қан кету (33,8%), жұқпалы инфекциялардың туындауы (14,5%), өзге де 
себептер (47,5%) жатады. Аборттан кейінгі өлім деңгейі де (0,01%
00

төмендемей отыр.
Гинекологиялық аурулар жүктілік барысын жəне босану мен бо-
санудан кейінгі кезеңдердің асқынуын арттыратын негізгі себептердің 
қатарына жатады. Ал гинекологиялық аурулардың нақты таралу деңгейі 
1000 фертильдік жастағы əйелге балап есептегенде 290-300 оқиғаны 
құрайды.
Республика президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев 2012 
жылдың 14 ақпанында «Аналарды қорғау туралы 1995 жылғы кон-
венцияны қайта қарау туралы конвецияны ратификациялау» туралы
заңға қол қойды. Бұл конвенцияда аналарды қорғауды қамтамасыз 
ету, олардың репродуктивтік рөлін арттыру шаралары қарастырылған. 
Ұлттық заңда мемлекеттік органдардың аналар мен балалардың 
денсаулығына туындайтын қауіп-қатерлердің алдын алудағы, жүкті 
жəне бала емізуші əйелдердің жайлы еңбек ету жағдайын қамтамасыз 
етудегі жауапкершіліктері анықталған. Сонымен қатар жүктілікке бай-
ланысты декреттік демалысты, ауруға, жүктіліктің жəне босанудың 
асқынуына байланысты қосымша демалыс, қаржылай көмек жəне еңбек 
ету орнында дискриминацияға жол бермеу мəселелері көтерілген.
Гинекологиялық ауруларды дер кезінде анықтау мақсатында 
профилактикалық тексерулер ұйымдастырылады. Оның барысында 
гинекологиялық аурулардың 70%-на дейін анықталады. Алайда, фер-
тильдік жастағы əйелдердің профилактикалық тексерумен қамтылуы 
30% артпайды. Əйелдерді диспансеризациямен қамту тиімділігін жəне
оның дер кезінде жүзеге асырылуын зерттеу, бұл жұмыстың 60% 
аспайтындығын көрсетті. Əсіресе диспансерлік бақылауға алудың дер 
кезінде жүзеге асырылуы қатерсіз ісіктерге байланысты 90-95% құра-
са, қабыну ауруларына байланысты 20% аспайды. Əйелдерге стацио-
нарлық көмек перзентхананың, перинаталдық орталықтың немесе 
көпсалалы аурухананың акушерлік-гинекологиялық бөлімшесінде 
беріледі. Акушерлік-гинекологиялық стационарлар құрылымын же-
тілдірудің арқасында патологиялық жүктілігі бар əйелдерге арналған 
төсек-орындар саны 35% дейін артты. Осыдан денсаулығында 
патологияның алғашқы белгілері бар жүкті əйелдерге стационарда са-
палы емделу мүмкіндігі айтарлықтай жоғарылады.


151
Стационарлық көмекті ұйымдастыруда қабылдау бөлімшесінің 
жұмысын жетілдіру ісіне баса көңіл бөлу қажет. Гинекологиялық ау-
рулар мен жүкті əйелдерді бөлек қабылдайтын бөлмелерді жасақтау, 
жүкті əйелдерді арнайы бокстарда қабылдау, дені сау жүкті əйелдердің 
ауырған əйелдермен кездесуінің алдын алады. Инфекцияның та-
ралуына жол бермейді. Дəл осы себептен босану бөлімшелерін 
физиологиялық жəне обсервациялық деп екіге жіктейді. Жаңа туылған 
нəрестелердің бөлімшелерін де физиологиялық жəне обсервациялық 
бөлімшелер жанынан ұйымдастырады. Физиологиялық бөлімшенің 
жанында ұйымдастырылған нəрестелер бөлімшесіндегі палата-
лар 4 төсек-орыннан артпауы тиіс, ал обсервациялық бөлімшесінің 
жанындағы нəрестелер палатасы 1-2 төсек-орыннан тұруы дұрыс 
болады. Аурухананың ішінде əртүрлі инфекция туындамас үшін ар-
найы санитарлық-гигиеналық ереже сақталады. Осы мақсатта босану 
бөлімшесіндегі палаталар санитарлық-гигиеналық дайындықтан өтіп, 
барлық төсек-орындар бір мезгілде толтырылады. Гинекологиялық 
бөлімшелердің оперативтік жəне консервативтік түрлері бар. 
Егер гинекологиялық стационардың қуаты жеткілікті болса, онда 
оперативтік жəне консервативтік бөлімшелер аурулардың түрлеріне 
қарай ұйымдастырылады.
Төсек-орын қорын дұрыс пайдалану үшін гинекологиялық ста-
ционарларда емделіп шыққан əйелдердің ауру тарихының көшірмесі 
де қажетті мəліметтерді толық қамтуы тиіс. Осы деректер əйелдерді 
учаскелік акушер-гинекологтың одан ары сапалы қадағалауына жəне 
диспансерлік бақылауды тиімді ұйымдастыруына кепіл болады. 
Балаларға амбулаторлық-емханалық көмекті балалар емхана-
сында ұйымдастырады. Балалар емханасының біріктірілмеген жəне 
балалар ауруханасымен біріктірілген түрлері бар. Өзінің қызмет 
көрсету аумағында емханалар 14 жасқа дейінгі балаларға (14 жыл 
11 ай 29 күн) емдеу-профилактикалық көмек береді. Медициналық 
көмек емханалық жағдайда, науқастың үйінде, мектепке дейінгі ме-
кемелер мен мектеп қабырғасында беріледі. Балалардың 85% емдік-
профилактикалық көмекті емханадан бастап алады жəне осы мекемеде 
аяқтайды. Емхананың медициналық көмекті ұйымдастыруы міндетті 
түрде учаскелік шарт пен диспансерлік əдісті негіз ете отырып жүзеге 
асырылады. Педиатриялық учаскеде туылғаннан 14 жасқа дейінгі 700-
800 бала бақылауда болуы тиіс. Қазіргі таңда балаларға көрсетілетін 
мамандандырылған медициналық көмектің ауқымы арта түсуде. 
Осыған қарамай емханадағы негізгі қызметкер учаскелік педиатр бо-
лып табылады. Соңғы кездерде емханаларда отбасылық дəрігерлер 
басты қызметкерлерге айналуда. Емханаға қаралу оқиғаларының 60% 
учаскелік педиатрлардың үлесіне тиеді.
Науқастанған балалардың барлығы медициналық көмекті үй 
жағдайында алуы қажет. Емханаға тек дені сау немесе созылмалы па-


152
тологиялары бар балалар келеді. Емхана қызметкерлерінің балаларды 
үйіне барып емдеу оқиғаларының 90%-дан астамы учаскелік дəрігердің 
үлесіне тиеді. Учаскелік дəрігердің міндеті тек емдеумен аяқталмайды, 
олар дені сау жəне созылмалы патологиясы бар балалардың ара-
сында профилактикалық шараларды жүзеге асырып, диспансерлік 
бақылау орнатады. Сондықтан учаскелік педиатр балалардың даму 
жəне денсаулығының қалыптасу заңдылықтарын жақсы білуі тиіс. 
Балалардың үйде тəрбиелену жағдайы мен патологиялардың профи-
лактикасын белсенді жүргізіп, отбасындағы өмір сүру салтының дұрыс 
қалыптасуына ықпал етуі қажет. Басқаша айтқанда, учаскелік дəрігер 
педиатр – отбасы дəрігері болып табылады. 
Учаскелік педиатр өз жұмысын стационарлық мекеме 
дəрігерлерімен тығыз ұштастыра отырып жүзеге асырады. Ол міндетті 
түрде акушер-гинекологтармен бірлесе отырып жұмыс істейді. Егер 
балалар арасында ауру туындауға алып келетін қауіпті себептер 
бар болса, онда қызмет көрсету аумағында профилактикалық ша-
раларды белсенді ұйымдастырады. Дені сау балалардың арасын-
да профилактикалық тексеру өткізіп, ата-аналарға қажетті кеңес 
береді. Оның ішінде тамақтандыру, дене шынықтыру, өзге дəрігер-
мамандардың тексеруінен өту, лабораториялық-диагностикалық тек-
серумен қамтамасыз ету, вакцинация жасау мəселелері бар. Кешенді 
медициналық тексеру ауруды бастапқы кезеңінде анықтауға жағдай 
жасайды. Осыдан ауруды дер кезінде емдеп, оның созылмалы түрге 
айналуына жол бермейді. Жылына 4 реттен артық жəне 40 күннен аса 
ауыратын балаларға ерекше көңіл бөлінеді. Осы жиі жəне ұзақ ауыра-
тын балалар арасында созылмалы патологиялар қалыптасуы мүмкін. 
Олар 3,4 жəне 5 денсаулық топтарына жатқызылған, созылмалы ауру-
лары бар балалар педиатрлар мен дəрігер-мамандардың диспансерлік 
бақылауында болады. Дені сау жəне ауруы бар балалар арасындағы 
профилактикалық жұмыс санитарлық-ағарту жұмысы, гигиеналық тəр-
бие беру жұмысы түрлерінде жүзеге асырылады. Санитарлық-ағарту 
жұмысы емханаға қаралғандар арасында, балалардың үйіне барғанда 
жəне арнайы ұйымдастырылған сабақтарда жүргізіледі. Санитарлық-
ағарту жұмысын жүргізуде «Дені сау балалар» бөлмесінің атқаратын 
рөлі жоғары. Бұл бөлмеде ата-ананы дені сау балаларды тəрбиелеу 
тəртібіне үйретеді жəне салауатты өмір салтын насихаттайды. Кешенді 
медициналық тексеру нəтижесінде əрбір баланың денсаулық топтары 
анықталады. Кеңестер Одағында 1953 жылға дейін емханалық көмек 
«бір педиатр» жүйесі бойынша жүзеге асырылды. Балалар 14 жасқа 
дейін учаскелік педиатрдың қарауында болды. 
Науқастанған балаларға медициналық көмек үйінде толық 
жазылғанға дейін көрсетілуі тиіс. Емханаға келген балалар фильтр 
арқылы өтуі тиіс. Бұл жерде ең білікті жəне тəжірибелі медбике жұмыс 
істейді. Баланың денсаулығы туралы сұрастырып жəне емханаға келу 


153
себебін анықтап, терісі мен тамағын қарап жəне дене қызуын өлшеп, 
емханада одан ары қаралу мүмкіндігін бағалайды. Егер аурудың 
белгілері анықталса, онда кезекші дəрігердің тексеруіне жібереді. 
Бір жасқа дейінгі əртүрлі ауруға бейім балаларды аптаның белгілі бір 
күнінде қабылдау қажет. Балалар емханасында мектеп-мектепке дейінгі 
балалар бөлімшесі ұйымдастырылады. Бұл бөлімшеде мектеп жасына 
дейінгі 600 балаға 1 педиатр, мектеп жасындағы 2000 балаға 1 педи-
атр жұмыс атқарады. Бұл қызметкерлердің жұмыс орны балабақшада 
жəне мектепте орналасады. Емханада осы бөлім меңгерушісінің 
бөлмесі қарастырылады. Емхана жұмысының маңызды шартының 
бірі жедел аурумен сырқаттанған балаларды үйінде емдеу болып та-
былады. Балаларды үйінде тексеру барысында алғашқы диагнозды 
қойып, аурудың жалпы жағдайына баға береді. Баланы үйде немесе 
стационарда емдеу туралы шешім қабылдайды. Үй жағдайында ста-
ционар ұйымдастырылғанда емхана ауру баланы тегін дəрі-дəрмекпен 
қамтамасыз етеді. Аурудың жанында медбикенің кезекшілігін 
тағайындайды немесе медбике күніне бірнеше рет аурудың халін білуге 
кіруі тиіс. Науқастың жағдайы жақсара бастағанда медбике күніне бір 
рет оның дене қызуын, терісінің түсін, жалпы жағдайын, тамыр соғысы 
мен демалысын тексеруі қажет. Жедел жəрдем жүйесінің дəрігері 
науқастардың шақыруымен, оларға үлкен көлемде медициналық көмек 
береді. Олар көбінесе ауыр жағдайдағы науқастарға көмек көрсетеді. 
Оларды өте ауыр жағдайдағы науқастарға шақырады. Сырқаттың же-
дел басталуы, дене қызуының аса жоғары болуы, құсу, жарақаттану, 
улану немесе іштің ауруы сияқты белгілер көптеген патологиялардың 
жалпы белгілеріне жататындықтан, науқасқа нақты диагноз қою өте 
күрделі болады. Кейбір жағдайда науқасты стационарға орналастыру 
қажет. 
Қазіргі кезде емханалық жүйеде «Отбасылық дəрігер» немесе жал-
пы тəжірибелік дəрігер мамандығы қалыптасуда. Бұл мамандар барлық 
отбасы мүшелеріне медициналық көмек береді. 
Балалар ауруханасы саласына (көпсалалы жəне мамандандырыл-
ған), ұйымдастыру жүйесіне (біріктірілген жəне біріктірілмеген), жұ-
мыс қуатына (əртүрлі төсек-орын саны) қарай жіктеледі. Аурухананың 
педиатриялық, хирургиялық, инфекциялық бөлімдері бар. Ал, бөлім-
дер балалардың жасына қарай, 3 жасқа дейін бірге жəне 3 жастан кейін 
жынысына қарай жіктеледі.
Аурухананың лабораториялық-диагностикалық жəне патологиялық 
бөлімдері де болуы қажет. Балалар ауруханасының қабылдау бөлімі 
қабылдау-тексеру бокстарынан тұрады. Олардың саны жалпы ауру-
хана төсек-орынының 3% кем болмауы тиіс. Ауруханаға қабылдау 
барысында балаларда санитарлық-эпидемиологиялық станцияның 
эпидемиологиялық бөлімінен инфекциялық науқастармен қатысы 
болмағандығы жөнінде, ал педиатрлардан – ауырған балалар инфек-


154
циясы туралы анықтамасы болуы керек. Бұл деректер балаларды го-
спитализациялау мəселесін дұрыс шешуге көмектеседі. Аурухана іші 
инфекциясының таралуын шектеу үшін палаталардағы төсек-орынның 
санын дұрыс қалыптастыру керек. 1 жасқа дейінгі балалар үшін 1-2
төсек-орындық, ал жасы одан жоғары балалар үшін 4 төсек-орындық 
палаталар ұйымдастыру дұрыс болады. Ауруханадағы күнделікті 
тəртіп жəне балалардың тамақтануы олардың жасына қарай реттеледі. 
Науқас балалардың арасында жүргізілетін тəрбие жəне педагогикалық 
жұмыс емдеу-профилактика жұмыстарының маңызды бір бөлігі бо-
лып табылады. Бұл жұмыстар емдеу-қорғау тəртібін қамтамасыз ету-
ге бағытталған. Науқас балаларды күтуге аналарды тарту жəне 2-3 
жастағы балалармен бірге госпитализациялау жақсы нəтижесін береді. 
Осы жағдайда балалар науқастарынан тез айығады жəне олардың қуаты 
жылдам қалпына келеді. Денсаулық сақтау жүйесіндегі қайта құру 
ауруханалардың төсек-орындарының қысқаруына алып келді. Соны-
мен қатар, мамандандырылған төсек-орындардың саны арта түсуде. 
Мектепке дейінгі жəне мектеп жасындағы балаларға қоғамдық 
тəрбие беретін мекемелер балалардың жасына, денсаулығына жəне 
отбасылық, əлеуметтік жағдайына қарай жіктеледі. Мектепке дейінгі 
балаларды тəрбиелейтін мекемеге бөбекжай мен балалар бақшасы жа-
тады. Балаларды тəрбиелейтін ашық (балалар бақшасы, бөбекжай) ме-
кемелерде балалар күндізгі уақытта тəрбиеленеді, ал жабық мекемелер-
де ата-анасы жоқ балалар тəрбие алады. Ондай балаларға жетімектер, 
жалғыз басты əйелдер балалары, тастанды балалар жатқызылады. 
Осындай мекемелерде жұмыс атқаратын педиатрлардың міндеттеріне:
1) жаңадан түскен балаларды тексеріп, олардың осы мекемеге тез
бейімделуіне арналған медициналық-педагогикалық ұсыныстар жа-
сау;
2) балалар арасында лабораториялық-диагностикалық тексеру 
жүргізу;
3) балалардың денсаулық жағдайын, физикалық жəне жүйке-рухани 
даму үдерісін медициналық тұрғыда бақылау;
4) профилактикалық егу жұмыстарын өткізуді қамтамасыз ету;
5) дəрігер мамандардың кешенді тексерулерін ұйымдастыру;
6) балалардың анатомиялық-физиологиялық жəне жүйке-психи-
калық жағдайына сай топтарға, сыныптарға жіктелу жұмыстарына 
белсене араласу;
7) балалар топтарында инфекциялық аурулардың таралуына қарсы 
кешенді профилактикалық шараларды жүзеге асыру жұмыстары 
кіреді.
Балалардың сырқаттану оқиғаларын төмендету мақсатында, олар-
дың тəрбиелеу мекемесіне бейімделу үдерісін жайлы етіп ұйымдастыру 
қажет. Балалардың сырқаттануын азайтуда жиі жəне ұзақ ауыратын-
дармен жекелей жұмыстар жүргізу аса үлкен маңызға ие. Ауылдық 


155
жерде өмір сүретін балалар мен аналарға көрсетілетін медициналық 
көмек кезеңдете жүзеге асырылады. Оның бірінші кезеңінде (ауылдық 
дəрігерлік учаске) негізінен профилактикалық, эпидемияға қарсы жəне 
аз көлемде емдеу шаралары жүзеге асырылады. Ауылдық учаскелік ау-
руханада жеңіл түрде науқастанған балалар емделеді. Ал халдері ауыр 
науқастар аудандағы орталық ауруханаға жіберіледі. 
Медицина бекеттері (фельдшерлік-акушерлік бекеттер) жүкті 
əйелдер мен сəбилерге емханалық-амбулаторлық көмек көрсетеді. 
Бұл мекемеде фельдшер мен патронаждық медбике жұмыс атқарады. 
Екінші жəне ең негізгі кезең орталық аудандық аурухана болып та-
былады. Аналар мен балалар арасындағы медициналық көмекті 
ұйымдастырушы маман ауданның бас педиатры. Ал ірі аудандардың 
орталық ауруханасында бұл жұмысты бас дəрігердің балалар мен ана-
ларды қорғау жөніндегі орынбасары атқарады. Ауыл балалары мен 
аналарына арналған ауруханалық төсек-орындардың 70% орталық 
аудандық ауруханада, 10% ауылдық учаскелік ауруханада жəне 20% 
облыстық клиникалық балалар ауруханаларында ұйымдастырылуы 
тиіс. Облыс орталығының педиатрлары мен акушерлері тек қана 
мамандандырылған медициналық көмек беріп қоймайды, сонымен 
қатар олар ауылдық дəрігерлердің арасында ұйымдастырушылық-
əдістемелік жəне емдеу-кеңес беру жұмыстарымен айналысады. 
Балалар арасында туа біткен кемістіктерді, мүгедектікті жəне ерте 
жастан өлім оқиғаларын азайтуда педиатриялық жəне акушерлік-
гинекологиялық көмек сапасын одан ары жақсартудың маңызы үлкен. 
Болашақта балалар мен аналар арасында кешенді медициналық тексе-
ру шаралары жаңа технологияларды қолдана отырып, сапалы өткізу 
мəселелері қолға алынуда. Елімізде жаңа перинатальдық орталықтар 
ашылып, жүктілігі асқынған əйелдерді ерте кезеңнен сапалы бақылауға 
алу жəне медициналық көмекпен қамтамасыз ету жолға қойылып 
отыр. Осыдан соңғы жылдары нəрестелер мен аналар өлімі барын-
ша төмендеп, демографиялық ахуал жақсаруда. Еліміздің Президенті 
Н. Ə. Назарбаев мырзаның қойып отырған талабы, балалар мен 
аналардың денсаулығын сақтау жəне қорғау дүниежүзінің соңғы 
жетістіктеріне сай жүзеге асырылуы тиіс. Сол үшін елімізде барлық 
əлеуметтік-медициналық жағдай жасалуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет