187
деген қамқорлығын жəне жауапкершілігін арттыра қоймады. Аса
білікті жəне жоғарғы сападағы медициналық көмекті алу мүмкіндігі
шектеулі болды. Осы кемшіліктердің
барлығы да денсаулық сақтау
жүйесінде көрсетілетін медициналық көмекті реттеудің
экономикалық
механизмдерінің жасалмауынан туындады. Сондықтан Республи-
ка Президенті Н. Ə. Назарбаев мырзаның тапсыруымен 2020
жылға
дейінгі медициналық көмекті берушілер арасында бəсекелестікті
қалыптастыруға алып келетін экономикалық механизмді ендіру ту-
ралы тапсырыс берілді. Сонымен қатар, тұрғындардың жəне
өндіріс
қожалықтарының жұмысшылар денсаулығына жауапкершілікпен
қарауын арттыру мəселесін шешуге бағытталған жүйелі шараларды
күшейту қажеттілігі атап көрсетілген. Аты аталған тапсырысты жүзеге
асыру үшін Бірыңғай Ұлттық денсаулық сақтау жүйесі жасалды. Оның
негізгі мақсаты пациенттердің өзі қалаған
пациенттердің өзі қалаған
дəрігері мен медицина мекемесінде еркін емделуге жəне денсаулық
сақтау мекемелері мен дəрігерлер арасында ашық бəсекелестік
қалыптасуына негізделген денсаулық сақтау саласын басқару моделін
енгізіп, бұл жүйенің əлеуметтік, медициналық жəне экономикалық
тиімділігін барынша жоғарылату болып табылады.
Бұл жүйенің негізі:
Достарыңызбен бөлісу: