Оқулық Алматы, 012 М. Ə. Бөлешов ƏӨЖ 614(075. 8) Ббк 51. 1я73 б 78


Экономика. Мазмұны мен түсінігі. Макро жəне микро



Pdf көрінісі
бет58/86
Дата08.11.2023
өлшемі2,02 Mb.
#190373
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   86
Байланысты:
Бөлешов.2012.ҚДС.

5.1. Экономика. Мазмұны мен түсінігі. Макро жəне микро 
экономика. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау 
жүйесіндегі экономикалық қатынастар
Денсаулық сақтау саласына құйылатын қаржы көзін өте тиімді пай-
далану жəне оның денсаулыққа тигізетін əсерін үнемі бағалап отыру 


184
бүгінгі күннің ең маңызды мəселелерінің бірі болып қала беруде. Біз 
денсаулық сақтау саласына жұмсалатын қаржыны барынша тиімді 
етіп пайдалануымыз қажет. Алайда, экономия медициналық көмек 
саласына кері əсерін тигізуі мүмкін. Осы сала бойынша жүргізілген 
зерттеулердің нəтижесі, тұрғындардың сапалы медициналық көмекке 
сұранысы жылдан жылға өсу үстінде екендігін көрсетті. Алайда 
тұрғындардың сұранысы мен оны қамтамасыз етуге қажетті қорлар 
арасында үлкен айырмашылық бар екендігі айқын. Мемлекеттің 
денсаулық саласын дамыту қоры шексіз емес. Сондықтан бұл саланы 
дамыту үшін, экономиканың өзге саласын қысқарту қажеттігі туын-
дайды. Себебі, ұлттық байлықты құрайтын салықты, кредиттерді жəне 
ақша көздерін жылдан жылға ұлғайтуға мүмкіндік жоқ. Осыны есепке 
ала отырып экономиканы қоғамдық ғылым деп айтуға да болады. 
Салыстыру мақсатында экономистер əдепкіде тұрғындардың, 
отбасылардың, бизнесмендердің алдында тұрған жəне мемлекеттің 
алдында тұрған өзекті мəселелерді зерттейді. Осы зерттеулер үшін ар-
найы микро жəне макроэкономика деген атауларды да ойлап тапқан. 
Микроэкономика дегеніміз тұтынушылар мен фирмалар туралы ғылым 
болса, макроэкономика – жалпы шаруашылық жөніндегі ғылым.
Макроэкономика мемлекеттегі өндірістік тауарлардың бағасының, 
жұмыссыздық деңгейінің, тұрғындардың жалпы табысының 
жылдамдығы қалай өзгеру үстінде екендігін зерттейді. Макроэконо-
мика жұмыссыздықты, кедейшілікті азайту жəне экономикалық да-
муды қамтамасыз ету мəселелерімен айналысады. Басқаша айтқанда 
макроэкономика мемлекеттік жəне қоғамдық мəселелерді зерттеу-
мен жəне шешу жолдарын жасаумен айналысады. Ал микроэконо-
мика жеке адамның, отбасының жəне бизнесмендердің таңдауына 
байланысты мəселелерді зерттейді. Оның зерттейтін мəселелеріне 
өндірісшілердің, сатып алушылардың жəне сатушылардың тауар жəне 
қызмет көрсету базарындағы арақатынасы да жатады. Осыған байла-
нысты экономиканың кеңінен тараған түсіндірмесінде «Бұл адамдар-
дың өз өміріне қажетті табысты алу жолдары туралы ғылым» деп 
көрсетеді. Экомика заңдылықтарын неғұрлым жақсы игеру, адамдардың 
бизнеспен табысты айналысуының кепілі бола алады. Кəсіби экономис-
тер кез келген мəселені шешу барысында «альтернативті баға» жəне 
«таңдау мəселесі» деген ұғымдарға жүгінеді. Альтернативті бағаны 
түсіндіру үшін мынадай мысалға жүгінейік. Сіз тоңазытқыш сатып алу 
үшін қаржы көзін жинап жүрсіз. Дəл осы кезде сіздің денсаулығыңыз 
нашарлап, санаторийге барып емделу қажеттілігі туды. Тоңазытқыш 
пен санаторийге емделуге керекті шығынның құны бірдей болып 
шықты. Осы жағдайда сіздің алдыңызда екі тауардың бірін таңдау 
мəселесі тұрады.
Экономистер осы мəселені альтернативті баға бойынша сипат-
тайды. Біздің мысалда тоңазытқыштың бағасы санаторийде ем-


185
делу құнымен есептеледі. Мемлекеттің үкімет орны да тозығы 
жеткен жолдарды жөндеуге жұмсалатын қаржыны арттыру үшін, 
қару-жарақтарды өндіруге бағытталатын қаржы мөлшерін азайтады. 
Сонымен, альтернативті бағамен сіздің таңдауыңызды шешу мəселесі 
тығыз байланысты болады. Ал «барлығы немесе ештеңе» деген шарт-
пен алдымызда тұрған өзекті мəселелерді шеше алмаймыз. Егер сіз 
алдыңызға қойған мəселелерді шешу үшін тауарлардың бағасын азай-
ту жолына түссеңіз, онда алған тауардың сапасын ақсайды. Мысалы, 
ескі де арзан тоңазытқыш алып, денсаулығыңызды арзан жəне сапасыз 
емдейтін профилакторииде сауықтырсаңыз, онда алдыңызға қойған 
екі мақсатыңызды толық шеше алмағаныңыз. Басқаша айтқанда, 
тоңазытқыш пен емделуді қатар шешемін деп, бұл тауарлардың сапа-
сын төмендетіп алдыңыз. 
Қазіргі замандағы экономикалық шығындар жүйесі жалпы эконо-
миканы немесе экономикалық теорияны, салалық экономикалық ғы-
лымдарды немесе салалардағы шаруашылық үдерістерді, қолданбалы 
экономикалық ғылымдарды, оның ішінде бухгалтерлік есепке алу, 
маркетология жəне менеджментті қамтиды. Экономика шектеулі қор-
ларды тиімді пайдалану жəне оларды басқару арқылы адамдардың 
сұранысын барынша қанағаттандыру мəселелерін зерттеумен айналы-
сады. 
Денсаулық сақтау экономикасы аса маңызды салалық экономика-
лық ғылым болып табылады. Бұл сала медициналық көмекті көрсетудің 
шаруашылық əдістерін зерттейді. Денсаулық сақтау саласының жан-
жақты дамуын қамтамасыз ету үшін қазіргі заманның мамандары-
на экономикалық сана сезім қалыптастыру қажет. Оның көмегімен 
денсаулық сақтау саласын дамытуға кеткен шығын, алуға үміттенген 
нəтижеге сай болуын қамтамасыз ететіндей шешім қабылдауға жол 
ашады. Денсаулық сақтау саласының экономистері тұрғындардың 
денсаулығына қажет тауарға, көмекке сұранысын аз шығын жұмсап
барынша толыққанды қамтамасыз етуге əсерін тигізетін жағдайлар 
мен себептерді зерттейді. Сондықтан экономистер: 
1. Тұрғындар денсаулығының елдің, аймақтың, облыстың, өндірістің 
дамуына тигізетін əсерін сараптайды;
2. Экономикалық тиімділікті анықтайды;
3. Емдеу-профилактикалық көмекті беру көлемін анықтайды;
4. Профилактика, диагностика, емдеу, реабилитация шараларын 
жүзеге асыру тиімділігін бағалайды;
5. Сырқаттылыққа байланысты еңбекке уақытша жарамсыздық, 
мүгедектік жəне өлім оқиғаларының даму бағытына баға береді.
6. Денсаулық сақтау жүйесіне заманауи əдістерді, технологиялар-
ды, ұйымдастырушылық шараларды ендіру тиімділігін анықтайды.
Денсаулық сақтау экономикасында, экономикалық сараптау 
жұмысында тиімділік деген ұғым бар. Жалпы денсаулық сақтау 
жүйесінде медициналық-əлеуметтік жəне экономикалық тиімділік де-
ген ұғымдарды бірге қолданады. 


186
Медициналық тиімділік деп профилактика, диагностика, емдеу 
жəне реабилитация саласында қойылған міндеттерді орындауда қол 
жеткізген тиімділік дəрежесі айтылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау 
ұйымы медициналық тиімділікті медициналық қызмет сапасының бір 
қыры деп қарастырады. Оны сұранысқа сай, экономды жəне ғылыми-
техникалық деңгейде деген ұғымдармен қатар қолданады. 
Əлеуметтік тиімділік тұрғындардың денсаулық көрсеткіштерінің 
динамикасымен сипатталады. Экономикалық тиімділік жұмсалған 
шығын мен қол жеткізген нəтижелердің арақатынасымен есептеледі. 
Егер денсаулық сақтау саласын өндіріспен салыстырсақ, онда оның 
өнімділігін де қарастыруымыз қажет. Денсаулық саласы тұрғындар 
денсаулығын күшейту шараларын экономикалық тиімді жолмен 
жүзеге асыруы қажет. Экономикалық қатынастар мен қоғамдық даму 
үдерісінің гуманистік бағытта қалыптасуы жер беті мемлекеттерінің 
бəрінде байқалады. Осы жағдай Қазақстан Республикасының денсаулық 
сақтау жүйесінде де орын ала бастады жəне медициналық көмекті одан 
ары жетілдіруге ықпалын тигізуде. Кеңестер Одағынан мұра болып 
қалған денсаулық сақтау жүйесінің көптеген өзекті мəселелері бар. 
Оның ең бастысы тұрғындардың денсаулығының өте нашар болуы. 
Екінші аса маңызды мəселе денсаулық сақтау саласының тиімсіздігі, ал 
үшінші бір өзекті мəселе медицина мамандары қорының жəне ғылыми 
дамыту жүйесінің жетімсіздігі жатады. Осы өзекті мəселелерді шешу 
мақсатында жəне денсаулық сақтау жүйесін басқаруға экономикалық 
əдістерді ендіріп, оның əлеуметтік, медициналық тиімділігін артты-
ру үшін Қазақстан Республикасында 2010 жылдан бастап денсаулық 
сақтаудың бірыңғай Ұлттық жүйесі ендірілді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет