Оқулық Алматы, 012 М. Ə. Бөлешов ƏӨЖ 614(075. 8) Ббк 51. 1я73 б 78


-тарау.  ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДАҒЫ МЕНЕДЖМЕНТ



Pdf көрінісі
бет66/86
Дата08.11.2023
өлшемі2,02 Mb.
#190373
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   86
Байланысты:
Бөлешов.2012.ҚДС.

6-тарау
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДАҒЫ МЕНЕДЖМЕНТ
ЖƏНЕ МАРКЕТИНГ. БАСҚАРУ
 
Басқару деген түсінік жаңа туындаған ерекше категория емес. Бас-
қару деген ұғымды түсіндіруге арналған теориялар ескі қолжазбалар-
да жиі кездеседі. Басқару туралы концепция көне Египетте пирами-
даларды тұрғызу барысында жазылған. Тиімді басқаруды жүзеге асыру 
жолдары туралы кеңестер 3000 жыл бұрын Вавилонда жазылған өмір 
сүру заңдылықтарында да жеткілікті орын алған. Сонымен басқару де-
ген ұғымның түсініктемелері жеткілікті жəне олардың қаншалықты 
дұрыс екендігін əр маман өзі шеше алады. 
Геральд Кунц басқару деген ұғымға: «Басқару – алдын ала 
қойылған мақсаттарды шешу үшін бір-бірімен байланысты əлеуметтік 
жəне техникалық міндеттер мен шаралардан тұратын, еңбек жəне өзге 
қорларды қолдану арқылы жүзеге асырылатын үдеріс» - деп түсініктеме 
береді. 
Дэвид Густафсон бұл ұғымға басқаша түсінік береді: «Басқару - өзге 
адамдардың жұмысын пайдалана отырып, бюджеттің шегінен аспай-
тын, дұрыс, дер кезінде атқарылатын еңбек үдерісі» - деп анықтама 
жасайды. 
Жоғарыда келтірілген екі ұғымның бір-бірімен ұштастығы мы-
нада: олар нəтижеге бағытталған жəне басқарудың үдеріс екендігі, 
оған адамдардың қатысатындығы көрсетілген. «Үдеріс» деген сөз 
басқарудың қимылға жəне нəтижеге бағытталғандығын қөрсетеді. 
Басқару адам еңбегінің пассивті түріне жатпайды. Оның міндеті 
қалыптасқан тəртіпті жəне қалыптасқан жағдайды сақтау емес. 
Менеждмент – жалпы мақсаттар мен нəтижелерге қол жеткізу үшін 
жасалған үдерістің адамдарды, қорларды жəне өзге қол астындағы 
қажетті материалдарды басқару жүйесі болып табылады. 
Басқару – бұл ғылым, мəдениет, кəсіп жəне жұмыс.
Басқару дегеніміз ғылыми түсінік ретінде мақсаттарды анықтау 
жəне соңғы нəтижені шығаруға қажетті көрсеткіштерді белгілеу 
сияқты маңызды бөліктерден тұрады. Менеждменттің ғылыми бағыт 
ретіндегі атқаратын жұмысы – басқару нəтижесін, жеткен жетістікті, 
жүйенің қызмет тиімділігін бағалау болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет