Оқулық Алматы, 012 М. Ə. Бөлешов ƏӨЖ 614(075. 8) Ббк 51. 1я73 б 78


Денсаулық сақтау мекемелері мен тəжірибелік



Pdf көрінісі
бет68/86
Дата08.11.2023
өлшемі2,02 Mb.
#190373
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   86
Байланысты:
Бөлешов.2012.ҚДС.

6.2. Денсаулық сақтау мекемелері мен тəжірибелік 
қызметін басқаруда менеждмент ғылымын бір сала ретінде 
қолдану
Ұлттық экономиканың барлық саласында жүріп жатқан өзгерістер 
денсаулық сақтау саласына да барынша əсерін тигізуде. Қазақстан 
Республикасының денсаулық сақтау саласына қойылып отырған 
негізгі талап тұрғындардың сапалы жəне тиімді медициналық көмекке 
сұранысын қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан денсаулық 
саласының қажетті қорлармен қамтамасыз етілуіне жəне бар қорларды 
барынша ұтымды пайдалануға баса көңіл бөлу керек. Сонымен қатар, 
бұл саланы дамытуға бағытталған мемлекеттік қаржылармен қатар, 
қожалықтар мен жеке азаматтардың қаржысын да дұрыс пайдалану 
жолдарын қарастыру қажет.
Осындай шаралар бұл салада жаңа медициналық технологияларға 
өтуге, денсаулық сақтау мекемелерін заманауи қондырғылармен жəне 
құралдармен жабдықтауға, тиімді дəрі-дəрмектермен қамтамасыз 
етуге, дəрігер мамандардың кəсіби біліктігі мен білімін барынша 


214
жоғарылатуға жол ашады. Денсаулық сақтау саласындағы қорлардың 
жетіспеушілігі, бəсекелестікке мүмкіндіктің төмендігі, бюрократиялық 
тосқауылдар жəне өзге кедергі келтіретін себептер медицинаның 
толығынан экономиканың нарықтық жүйесіне өтуін тежеп отыр. Ме-
дицина саласының өзіндік ерекшеліктері материалдық өндірісте қол 
жеткізген шаруашылық қатынастарды емдеу-профилактика ісіне авто-
матты түрде аудара салуға жол бермейді. 
Қазақстан Республикасы экономикасының нарықтық шаруашылық 
əдісіне көшуіне байланысты, денсаулық сақтау жүйесін басқарудың 
нарықтық жағдайға бейімделген əдістеріне көшіру қажеттігі туындап 
отыр. Денсаулық сақтау жүйесін басқарудың ұлттық экономиканың 
өзге салаларын басқарудан мынадай маңызды айырмашылықтары бар.
1. Денсаулық сақтау жүйесінің алдына қойылған мақсаттары өзге 
салалардың алдына қойған мақсаттарынан мүлдем өзгеше. Мəселе 
ол мақсаттардың күрделілігінде ғана емес, сонымен қатар оларды 
өлшеудің өте қиын болуында жатыр. Егер өндірістік салада алынған 
өнімді сандық көрсеткіштермен бағалауға жағдай болса, денсаулық 
сақтау жүйесінде сандық көрсеткіштерге сүйене отырып бағалау 
мүлдем жоқ. Алайда, медицина мекемесінің басшылары мен клиници-
стер бірінші кезекте қанша адамға медициналық қызмет көрсетілгеніне
алаңдамай, көрсетілген көмектің нəтижесі қандай болғандығына баса 
көңіл бөлуі тиіс.
2. Əдепкі бизнес-ұйымдарға қарағанда, денсаулық сақтау меке-
мелерінің басшыларына өз қызметкерлерінің жұмысын қадағалау 
мүмкіндігі шектеулі. Дəрігер мамандар мен медбикелер жұмысында өз 
бітінше атқаратын қызметтердің қатары өте көп.
3. Денсаулық сақтау ұйымы кадрларының мамандандырылу деңгейі 
аса жоғары жəне кəсіби топтардың бір-бірімен байланыста жұмыс істеу 
қажеттігі өте биік. Сондықтан ұйымның алдына қойылған мақсатын 
шешу ұжым болып қимылдауды талап етеді. Осылайша басшыларға 
қосымша стрестік жағдайлар мен қиындықтардан өтуге тура келеді.
Денсаулық сақтау мекемелерінің əртүрлі деңгейдегі басшыларын-
дың жұмысында келісімшартқа отыруға, қызметкерлер жұмысын 
жаңаша ұйымдастыруға, басқарушылық қызметін бөлісуге, қыз-
меткерлер сұранысының өзгеруіне байланысты шешім қабылдау 
қажеттілігіне байланысты əртүрлі мəселелер туындайды.
Қазіргі күні басқару саласында арнайы білімі бар мамандар өте аз. 
Бұл жағдай басқару мен жетекшіліктің барлық деңгейіне тəн. 
Менеджмент саласында жалпы шарттар мен ғылыми əдістер бар 
екендігі белгілі. Алайда медицина саласындағы менеджменттің өзіндік 
ерекшеліктеріне алып келетін себептері бар.
Медицина қызметкерлері əлеуметтік маңызы үлкен міндетті ше-
шумен айналысады. Адамдардың өмірін құтқарып қалу ісімен жəне 
денсаулықтарын сақтаумен айналысу, басқару шешімдерін дұрыс 


215
қабылдауды талап етеді. Себебі шешім қабылдауда жіберілетін əрбір 
қателіктің бағасы адамның өмірімен жəне денсаулығымен есептеледі.
Дəрігерлер мен медицина бикелері өз жұмыстарын атқару ба-
рысында тығыз кəсіби байланыста болады. Сонымен қатар, ауру-
лармен, олардың туысқандарымен, медицина саласына жатпайтын 
секторлардың мамандарымен (полиция, құтқару қызметі, көлік, 
коммуналдық қызмет жəне басқа салалар) тығыз қатынаста жұмыс 
атқарады. Оның барысында:
Медицина қызметкері, əсіресе басшы, кəсіби тұлғалық ара-
қатынаста адамдардың тəрбиелік, интеллектуалды жəне мəдени 
айырмашылықтарын, жастық, жыныстық, этникалық, діни ерекше-
ліктерін есепке ала отырып, дұрыс психологиялық байланыс орната 
алуы қажет.
Денсаулық сақтау саласындағы күрделілену жəне технологизация, 
ақпараттық қысым, медикаменттердің үнемі өзгеруі басшының меди-
цина жəне басқарушылық саласындағы біліктілігін үнемі арттырып 
отыруын талап етеді.
Генетика, трансплантология саласындағы жетістіктер, вирустық 
аурулардың қауіпті дамуы медицина қызметкерлерінің алдына көптеген 
жаңа жəне күрделі моральдық-этикалық, əлеуметтік-психологиялық 
мəселелер қояды, басқарушылық шешімдерді қабылдауға əсерін 
тигізеді.
Қоғамдағы əлеуметтік келеңсіздіктер емдеу-профилактика 
мекемелеріндегі жалпы ахуалға өзіндік əсерін тигізеді. Ұжымдағы 
ауыр психологиялық жағдайға алып келетін себептердің қатарына 
еңбекақының медицина қызметкерлері атқаратын жұмыс қауырт-
тылығына, кəсіби қауіпсіздіктің дəрежесіне сай келмеуі, қызметтің 
қадірінің төмен болуы, əлеуметтік қорғалудың нашарлығы, эконо-
микалық, ұйымдастырушылық, басқару жəне əлеуметтік-психология-
лық элементтер жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет