Оқулық Алматы, 012 М. Ə. Бөлешов ƏӨЖ 614(075. 8) Ббк 51. 1я73 б 78


Республикадағы денсаулық сақтау туралы заңдардың



Pdf көрінісі
бет76/86
Дата08.11.2023
өлшемі2,02 Mb.
#190373
түріОқулық
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   86
Байланысты:
Бөлешов.2012.ҚДС.

7.2. Республикадағы денсаулық сақтау туралы заңдардың 
орындалу барысы
Қазақстан азаматтарының денсаулығын қорғау үдерісін құқықтық 
тұрғыда реттеу мəселелері Республиканың Конститутциясында, кодек-


227
стерде жəне заңдарда жете қарастырылған. Заңдық құжаттар елімізде 
қалыптасқан əлеуметтік, экономикалық, саяси ахуалына сəйкес жаңа-
дан қаралып, қажетті өзгерістер енгізіліп отырады.
Қазақстан Республикасында адамдардың еңбегі мен денсаулығы, 
еңбекақының ең төменгі шегі қорғалады, отбасы, ана, əке, бала, мүгедек 
жəне қартайған азаматтардың құқығын сақтауды мемлекет қамтамасыз 
етеді. Зейнетақы тағайындау жəне өзге де əлеуметтік қорғау шарала-
рына кепіл береді. Еліміз тəуелсіздігін алған жылы (1991 жыл) Респу-
блика парламентінің «Халықтың денсаулығын қорғау туралы» заңды 
қабылдауы, тұрғындардың денсаулық жағдайы ең маңызды əлеуметтік 
мəселе екендігін бірден айқындады. Тəуелсіз Қазақстан егемендігін 
қамтамасыз ету үшін бірінші кезекте экономикалық қиыншылықтарды 
жеңуі тиіс болды. Оны тек шетелдермен экономикалық қарым-
қатынасты күшейту жолымен ғана шешу мүмкін еді. 
Шекараның ашықтығы жəне Республика аумағына келуші адам-
дар санының артуы, отанымыздың санитарлық-эпидемиологиялық 
бақуаттылығына үлкен қауіп туғызды. Осы мəселені тиімді шешу 
мақсатында 1994 жылы «Тұрғындардың санитарлық-эпидемиология-
лық бақуаттылығы туралы» заңы қабылданды. Еліміздің аумағына ше-
телдерден алып келіп жатқан сапасыз дəрі-дəрмектердің қозғалысын 
реттеу жəне Республикалық фармацевтика өндірісін дамыту үшін 1996 
жылы «Фармацевтика өндірісін дамытуды қолдау туралы» заң жарық 
көрді.
1991-2000 жылдар арасында қалыптасқан ауыр экономикалық 
жағдай, өндірістердің тоқырауы жəне жұмыссыздық, кедейшіліктің 
белең алуы, отбасылардың тұрақсыздығы тұрғындар арасында 
психикалық аурулардың күрт артуына себеп болды. Психиатриялық 
көмекпен қамтамасыз етуде азаматтардың негізгі құқықтарын сақтау 
өзекті мəселеге айналды. 1996 жылы «Психиатриялық көмек жəне оны 
көрсетуде азаматтардың құқығын сақтау кепілдігі туралы» заң дүниеге 
келді. Экономикалық келеңсіздік тұрғындардың арасында жезөкшелік 
жəне осыдан туындайтын жыныс мүшесі инфекцияларының артуы-
на алып келді. Тұрғындар арасында сифилис, гонорея, жұқтырылған 
иммундық тапшылық синдромы (ЖИТС) аурулары күрт жоғарылап, 
Ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіре бастады. Бұл инфекциялар-
ды ауыздықтау мақсатында 1996 жылы «Инфекциялармен күрестің 
қосымша шаралары туралы» жəне «ЖИТС ауруының профилактикасы 
туралы» заңдар қабылданды. 
Экономикалық тоқыраудан денсаулық сақтау жүйесін алып шығу 
мақсатында бұл салада қайта құру шаралары қолға алынды. 1995 жылы 
Президенттің «Міндетті медициналық сақтандыру туралы» жарлығы 
жарық көрді. 1996 жылы міндетті медициналық сақтандыру қоры 
құрылды. Бұл қор 1996 жылдан 1998 жылға дейін жұмыс атқарды. 
Алайда, еңбекақы қорынан бөлінетін сақтандыру жарнамасы мардым-


228
сыз, ал жергілікті билік орындарының бұл қорға мүгедектер, балалар 
мен жасөспірімдер жəне қаратайған азаматтарды əлеуметтік қорғауға 
бөлуге тиісті қаржысы жеткіліксіз болғандықтан сақтандыру қоры 
жабылып қалды. Сондықтан тұрғындарға көрсетілетін медициналық 
көмекті 1999 жылы құрылған «Медициналық көмекті төлеу орталығы» 
қаржыландыра бастады. Осы салада жеке меншікті қалыптастыру 
жұмысы 1991 жылдан бастап жүзеге асырылды. Фармацевтер мен 
стоматологтар жеке меншіктегі жұмысқа тез бейімделсе, дəрігерлік 
көмек саласы жеке меншікке баяу өтті. Тек 1997 жылы ғана жарты-
лай автономды отбасылық дəрігерлік топтар пайда бола бастады. Осы 
бағыттың жұмыс тиімділігін арттыру үшін 1998 жылы «Отбасылық 
медицина туралы» заң қабылданды.
Экономикалық ахуалдың түзелуі денсаулық сақтау саласын 
жақсартуға арналған шараларды кеңінен жүзеге асыруға жағдай 
туғызды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет