Оқулық Алматы, 012 М. Ə. Бөлешов ƏӨЖ 614(075. 8) Ббк 51. 1я73 б 78



Pdf көрінісі
бет72/86
Дата08.11.2023
өлшемі2,02 Mb.
#190373
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   86
Байланысты:
Бөлешов.2012.ҚДС.

ұсынысы бойынша)
Мінездеме
Авторитарлық
Демократиялық
Либералдық
Шешім қабылдау
əдісі
Жекеше
«жоғарымен» кеңе-
су негізінде немесе 
топтың ойын есепке 
ала отырып
нұсқаудың 
негізінде
Орындаушыға 
шешімді жеткізу 
əдісі
бұйрық, өкім, 
команда
ұсыныс
сұраныс,
жалыныш
Жауапкершілікті
тарату
түгелінен
басшының
мойнында
тапсырысқа сай
жауапкердің
мойнында
Қол 
астындағылар-
дың бастамасына 
көзқарас
мүмкіндік 
береді
қолдайды жəне
пайдаланады
қол 
астындағылар-
дың
өзіне жүктеледі
Кадрларды
таңдау шарты
күшті 
бəсекелестер-
ден құтылуға 
ұмтылады
іскер, білікті 
қызметкерлерге 
арқа сүйейді жəне
олардың өсуіне 
жəрдемдеседі
жоғары білікті
жəне кəсіби
мамандарға 
иек артады
Білімге көзқарасы бəрін өзім 
білемін 
деп есептейді
үнемі білімін 
жетілдіреді жəне 
өзгелерден де соны 
талап етеді
селқос
Қарым-қатынас 
жасауға 
көзқарасы
ара қашықтық- 
ты сақтайды, 
тығыз қарым-
қатынасқа кері 
көзқараста
дұрыс көзқарас, 
тығыз қарым-
қатынасқа 
ұмтылады
ұмтылыс 
жасамайды
Қол 
астындағылармен
арақатынасы
көңіл-күиіне
байланысты,
жүйкесі тар
бірқалыпты, жылы 
шырайлы, жоғары 
талапты
жұмсақ,
аса үлкен 
сұраныссыз
Тəртіпке 
көзқарасы
қатаң, заңды 
түрде
саналы
жұмсақ,
заң аясында
Жетістікті 
материалдық 
тұрғыда
қолдауға 
көзқарасы
жиі жазалау
жəне
өте сирек 
қолдау
жиі қолдау
жəне өте сирек 
жазалау
нақты 
көзқарасы жоқ


221
Авторитарлық басшы тек өзінің шешімін дұрыс деп есептейді 
жəне қол астындағы қызметкерлерді бағындырып алуға күш сала-
ды. Ол барлық жұмыстарда билік жүргізуге ұмтылады жəне сол 
үшін қолындағы бар билікті қолданады. Демократияшыл бастық 
қызметкерлердің еңбек ету жағдайы қанағаттандырарлық болғанда 
ұжымдық жауапкершілікті олардың өздеріне алуына үміт артады. Ол 
көпшіліктің көңілінен шығатын шешім қабылдауға ұмтылады.
Либералдық типтегі басшы өзінің қол астындағы қызметкерлерге 
өз жұмыс нəтижелерін қадағалауға толық құқық береді жəне ұжымдағы 
жұмысты басқаруды барынша босаңсытады. 
Либералдық басшы ұжымның жұмысын өзіне бағынышты 
тұлғалардың қолына тапсырады. Сондықтан басшы өзінің 
қарамағындағылардың тəуелділігіне түседі. Басшылықтың осы үш түрі 
де бір-бірінен алшақ орналаспаған жəне тəжірибеде олардың барлығы 
да кездесуі мүмкін. 
Осы басшылық түрлерінің аясында басшылар мен қызметкерлер 
арасында мынадай арақатынас орнауы мүмкін:
Басшы шешім қабылдайды жəне ол туралы қызметкерлерге 
• 
түсіндіреді;
Басшы шешім қабылдайды жəне оны орындау туралы команда 
• 
береді;
Басшы өз қызметкерлерімен кеңесе отырып шешім 
• 
қабылдайды;
Басшы шешімнің жобасын жасайды жəне қызметкерлерімен 
• 
талқылағаннан кейін оған өзгертулер енгізеді;
Басшы мəселені қызметкерлеріне жеткізеді, олардың 
• 
кеңесін жəне ұсыныстарын алады. Оның негізінде шешім 
қабылдайды;
Басшы қызметкерлерімен бірге шешім қабылдайды;
• 
Басшы тағайындаған ауқымда қызметкерлер өз бетінше шешім 
• 
қабылдайды.
Басқарудың тиімділігін бағалау үшін америка ғалымы Р. Лайкерт 
либералдық-авторитарлық коэффициентті қолдануды ұсынды. Бұл ко-
эффициент либералдық жəне авторитарлық шешімдердің жиынтығын 
сараптау арқылы анықталады. Қазіргі кезде бұл коэффициенттің шама-
сы 1,9 балды құрайды. Басқаша айтқанда, жұмыста жақсы нəтижелерге 
қол жеткізу үшін басшы қызметкерлерді сендіруге арналған 
элементтерді, күштеуге арналған элементтерден екі есе көп қолдану 
қажеттігін көрсетеді.
Əрбір менеджер басқарудың түрлерін жұмыста қалыптасқан 
жағдайға байланысты таңдайды. Оның таңдауы басшы тұлғаның 
психологиялық ерекшелігіне тікелей тəуелді.


222


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет