219
қоятын талапты орындау қабілетіне байланысты. Жалпы ұйымның
алдына қойған мақсатына жету үшін қызметкердің өз үлесін қосуға
деген ынтасы мен оның ұйымдық ортадағы өзін сезіну жағдайына
тікелей байланысты. Осыған байланысты мекемеде «Адамдардың
қоры» туралы мəселе жиі көтеріледі. Адамдар қорының белсенді жəне
кəсіби болуы, ұйымның өте ауыр экономикалық
жағдайда да тиімді
жұмыс атқаруына кепіл бола алады. Сондықтан, менеджерлер əрбір
адамның ерекше тұлға екендігін олармен жүргізілетін басқарушылық
жұмыстары барысында үнемі есепке алғаны жөн.
Адамдар, əдепкіде жеке жұмыс атқарады. Олар белгілі бір шарт
бойынша біріккен топта жұмыс атқаруы да мүмкін. Топтасудың
бірінші белгісі
қызметкерлердің бір аумақта, кəсіпте, əлеуметтік
жағдайда болуы. Ұжымның екінші белгісі, топтың мүшелері бір-
бірін психологиялық тұрғыда ұжым мүшесі ретінде қабылдауы. Оның
негізінде топтың бір мақсаты, еңбек ету шарты,
мінездерінің ұқсас бо-
луы жəне бір-бірінің мінезін толықтыруы жатыр.
Ұжым мүшелерінің бір-бірін психологиялық тұрғыда мойындауы
олардың бірге жұмыс атқаруына жол ашады. Бұл жағдай ұжымның
үшінші белгісін анықтайды. Ұжым мүшелерінің бірлесе қимылдауы
ұйымның еңбек ету қуатын барынша жоғарылатады.
Бірлесе жұмыс
атқару арқылы бір адамның қолынан келмейтін істі оңай шешу-
ге жол ашылады. Сонымен қатар, бір адамның физикалық күші мен
интеллектуалдық қабілеті жетпейтін істерді біріге отырып шешуге қол
жетеді.
Ұжымдық еңбексіз қазіргі цивилизациясының пайда болуы мүмкін
емес еді. Жұмыс тауқыметін бөле көтеру жəне мамандандырылу үдерісі
еңбек тиімділігі мен өнімділігін
жаңа белеске көтеріп, жұмысшылар
арасында бəсекелестік сезімін туындатты. Ұжымның жасырын қуатын
ашып, еңбек екпінділігін арттырды.
Ұжымның төртінші белгісіне топтың ұдайы бірге жəне қолма-қол
жұмыс атқаруы жатады. Алайда, топтың құрамындағы əрбір мүше
барлығымен бірдей ұдайы қолма-қол жұмыс істеуі міндетті емес.
Осыдан ұжым мүшелерінің бір-біріне əсер
етуіне бағытталған жағдай
қалыптасады. Сондықтан топтың мүшелерінде нақты ұжымдық жəне
бір жұмысты атқарып жатқандығы туралы сезім қалыптасады.
Басқарудың əлеуметтік-психологиялық əдістерінің бірі басқарудың
түрі деп аталады. Басқарудың түрі деп – басқарушының шешім
қабылдаудағы ерекшеліктерін айтады. Басқарудың авторитарлық,
демократиялық жəне либералдық түрлері бар (28-кесте).
Авториторлық басшы қол астындағы
қызметкерлерге өзінің
билігін жүргізеді. Ол өзінің нұсқауына қарсы шыққандарды жəне
орындамағандарды көтере алмайды.